Тең бүйірлі үшбұрыш
Тең бүйірлі үшбұрыш деп екі қабырғасы тең үшбұрыштарды атайды. Мына суретте берілген үшбұрыштың AB және BC қабырғалары тең:
Үшбұрыштың тең қабырғалары бүйір қабырғалары ал үшінші қабырғасы табаны деп аталады. Суреттегі AB мен BC қабырғалары үшбұрыштың бүйір қабырғалары ал AC табаны болады.
Тең бүйірлі үшбұрыштардың бұрыштарының қасиеті жайлы теорема
Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең болады.
Бұны мына суретте көре аласыз:
Қызыл түске боялған екі бұрыш тең.
Тең қабырғалы үшбұрыш
Барлық қабырғалары тең үшбұрыш, тең қабырғалы үшбұрыш деп аталады.
Пән: Геометрия