Шымкенттік азамат өз әйелін мейрамханада пышақтап тастады — новости Казахстана
Шымкент тұрғыны мейрамханада өз әйелін пышақтап, оқиға орнына қашып кеткен. Келіншекті жедел түрде қалалық ауруханалардың біріне жеткізген. Қазіргі таңда оның жағдайы аса ауыр деп бағалануда деп жазады elitar.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Оқиға 25-ші қаңтарда түнгі уақытта орын алған. Жедел жәрдемге қайғылы жағдай куәгерлері хабарласқан. Келіншекті №1 қалалық ауруханаға жеткізіп, оған жедел түрде ота жасалған.
Анықталғандай, пышақ жарақаты әйел адамның ішіне жасалған. Операциядан соң, оны жансақтау бөліміне жатқызған.
49 жастағы әйелдің жағдайы бүгінде ауыр. Оған щабуылдаған азаматтың кім екені анықталды. Тәртіп сақшылары оны іздестіріп жатыр.
Дереккөз: kaz.nur.kz