Қазақша шығарма: Менің отбасым — Шығармалар — Bilim

0

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің 

2-сынып оқушысы: Абсамет Абылай

Біздің еліміз өте үлкен мен оны сүйемін, болашақта елдің үлкен азаматты боламындеп үміттенемін. Ал осы елдің ішінде мен үшін шағын мелмекет ол менің отбасым. Менің отбасымда алты адамнан тұрады. Асқар таудай әкем — біздің қамқоршымыз, аяулы анашым — бізді мәнелеп өсірген. Үлгі беріп жатқан екі ағам бар, ұлдардың кенжесі мен есімім Абылай, үйдің еркежаны есімі Гауһар болады ол менің қарындасым, қарлығашым. Мен оларды өте қатты жақсы көремін. Отбасым үшін әрдайым көмектесуге дайынмын. Отбасымдағы достық, махаббат құрмет пен сүйіспеншілік, салт дәстүрлері, мерекелі күндер сақталып жатады. Жан ұядағы балалардың өзінің міндеті мен күн тәртібі бар. Анашым мен әкем бізге ақылдарын айтады. Болашақта жауапты, тәртіпті, елдің үлкен азаматы бол дейді. Осындай отбасым болғаннына өте қуаныштымын,  мен бақытты баламын. Мен өзімнің отбасымды мақтан етемін.

Отбасы — жақсы ұямыз,

Осында — тәрбие аламыз.

Осында — адам боламыз

деген сөздермен шығармамды аяқтағым келеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: