Қазақша шығарма: Көк тудың желбірегені — Шығармалар — Bilim

0

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы

«Айтқұл Шынасилов атындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

9 сынып оқушысы Қалауова Аруна

Мұғалім: Мустафаева Гульмира Ушкемпировна

 

Көк тудың желбірегені,

Жаныма қуат береді.

Таласқа түссе жан мен ту,

Жан емес маған керегі,

Көк тудың желбірегені.

Әрбір адамның өз отаны, өз туған жері, елі болады. Менің де өз отаным, өз туған жерім, елім бар. Менің Отаным Қазақстан, туған жерім,  елім — қазақ елі. Мен осы елдің патриотымын. Әрбір қазақ даласында өскен бала өз елінің патриоты болып табылады. Елінің  өркендеуіне  үлес қосып, оның басқа елдермен терезесін тең олуын қалайды. Ал бұл үшін ереуіл еңбек керек. Сондықтанда олар күн-түн демей еңбек  етеді.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекетт екенін өзіміздің киелі көк туымыз дәлел. Көк ту бұл қазақ елінің айнасы секілді. Сондықтан да біздің  туымыз қастерлі, қасиетті болып табылады. Біздің туымыз әр кез желбіреген, биік белестерден көрінеді. Оған бір себеп: Қазақстан  Республикасының спортшылары негіз бола алады. Олар еліміздің көк туын асқақтату үшін, жандарын салады. Мысалы оларға бүгінде Қазақ  елінің атын бүкіл әлемге танытып, көк туымызды желбіретіп жүрген, атақты боксшыларымыз Генади Галавкин, Серік Сәпиев ауыр  атлетикадан Илия Ильин, Мая Манеза, Зульфия Чичанло сынды белгілі спортшыларымызды жатқызуымызға болады. Бірақ ел есінде, жүрегінде мәңгі сақталып қалатын, өздері жоқ болса да, есімдері өшпейтін екі патриот, бар өмірлерін Қазақстанға арнаған Бекзат Сатарқанов пен Денис Тенді айта кетпеске болмайды. Олар — біздің туды талай жерлерге барып көтеріп, асқақтатып келген батыл да ержүрек спортшыларымыз.

Жақында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жарияланды. Қазір үміткерлерге дауыс беру жарияланып жатыр. Жамбыл облысынан осы жобаға  12 адам еніп отыр. Осы жобаға қатысып жатқан ерекше жандардың бірі — Зульфия Ғабдулинна. Ол Қазақстанға жазғы паролимпиада  ойындарын тұңғыш рет алтын алып берген спортшымыз.

Осындай белгілі споршыларымыздың бірі — Жақсылық Үшкемпіров. Ол  үрлі халақаралық турнирлерде өзімен тең түсетін қарсыластарымен  шыққан ұзақ та, титықтатқан күрестер, содан кейінгі Одақтық біріншіліктегі чемпион атанған. Ж. Үшкемпіров, бар күш-жігерін Москвада өтетін Олимпиададағы қатысуға жұмсады. 48 кг салмақта классикалық күрестен төрт адамның кандидатурасының ішінен аз ғана арасалмақпен алға шыққан Жақсылықтын кандидатурасына өтті. Бұл қиын жарыста тек Ж.Үшкемпіров қана жеңетінін басшылыққа дәлелдеген атақты спортшы.

Қазақстан тәуелсіздігі мәңгі болсын!  Тәуелсіз әрқашанда биіктен көрініп, көк туымыз әр кез желбірей берсін!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: