8-Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі — Сценарилер — Bilim

0

8-Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі

Балалар музыкамен залға кіреді

Жүргізуші: Қош келдіңіздер аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар. Көңілдеріңізге көктем шуағындай,сезім мен нұрқұйып 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Себебі, ана өмірдің гүлі көңілдің жыры әр отбасының алтын діңгегі. Ендеше көктемнің алғашқы күндеріне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Қыз: Армысың мейірімді аналарым,

Мейірбан ашық көңіл даналарым,

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың

Ұл: Армысың ақжаулықты әжелерім,

Ақылы дариядай кемеңгерім

Ардақты аналардың мейрамында

Арнайды бүлдіршіндер өлеңдерін,

Жүргізуші:

Ару ана өмірдің асылдары,

Жайнаған көңілімнің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй

Сіздер үшін мереке шашулары

Жүргізуші: Олай, болса асыл аналар, Ақжаулықты әжелер мерекелеріңіз құтты болсын.

Жер әлемді жайнатып,

Әнші құстарды сайратып,

Гүлге бөлеп даланы,

Әнге бөлеп қаланы,

Көрікті көктем келді

(Ортаға музыкамен көктем кіреді)

Көктем:

Мен көңілді көктеммін,

Былтырда келіп кеткенмін

Құшағым гүлге толсын деп

Нөсерімді төгемін.

Жүргізуші:

Ару көктем, қошкелдің, төргешық. Сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді. Сондықтан ару көктем біз саған ризамыз.

Қыз:

Біздің халық өнерпазға бай тегі.

Әнші деп те күйшідеп те айт оны

Ұл: Күлімдеген көктемге ана жайлы

Жақсылап бір ән шырқасақ қайтеді

Ән: «Анажаным»

Көктем:

Гүлдердің сан алуан,

Түрлерін мен білемін

Сол гүлдерді өсіріп

Аялаумен келемін

(Гүлдер орынан тұрады.)

Бәйшешек:

Көктем гүлі бәйшешек

Мен боламын қараңдар

Наурыз сәуір айында

Мен шығамын жайқала

Қызғалдақ:

Қырқалардың төрінде

Қаулап көзге ұрамын,

Құлпыра жайнап өңірде

Қып қызыл боп тұрамын

Жауқазын:

Жауқазынмын жайқалған

Сұлу гүлмін жайнаған

Көктемде мен гүлдесем

Құлпыра кетер айналам

Раушангүл:

Әдемімін сұлумын,

Менен қай гүл аса алған

Мен боламын раушангүл

Гүл патшасы атанған

Көктем:

Кең даламды хош иісімен, сұлулығымен жайнатқан менің әсем гүлдерім аналарымызға қуаныш сыйлап би билеп берейік.

Би: Гүлдер

Жүргізуші:Ардақты асыл аналар. Мінекей күлімдеген көктемкеліпайналамызқұлпырыпкетті. Көріктікөктемніңалғашқымерекесіаналаркүніқарсаңындабүлдіршіндерсіздердіқұттықтап, саздысәлембағдарламасындақонақтаболғанеді. Ендікезектісолбағдарламағаберейік.

(Эфирдежүргізушіұл мен қызотырады)

Жүргізуші: армысыздарқұраметті теле көрермендер! Эфирдесіздерменбірге «Саздысәлем» бағдарламасы. БүгінбіздіңстудиямыздаалматықаласыАлмалыауданынақарасты №30 бөбекжай-балабақшасыныңбүлдіршіндеріқонақта.

Қыз:анаәрбірадамныңжарықдүниедегі ең жақын жанашыры ақ сүтін беріп аялаған жанын  да аямаған ардақтысы. Ендеше бүгінгі хабарымыз аналарға арналады. Сондықтан сазды сәлем хабары арқылы барша аналарды мейрамымен құттықтаймын.

Ұл: Олай болса аяулы аналарын құттықтауға келген бүлдіршіндердің ыстық ықыласын таңдайық.

Балалар тақпақ айтады.

:

Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын ашайық.
:

Ана дейміз біріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық алтын бақ.
:

Анам менің сүйіктім

Тек өзіңе табынам.

Қасымда жүрсең биікпін,

Алыстасаң сағынам.

:

Анаң болса қасында

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет.

:

Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін.

:

Мәпелейді, әлдилейді, бағады.

«Құлыным» деп құшағына алады

Өзгеге де, өзіне де жауапты

Барлығына қалай уақыт табады?!

:

Айналайын анашым

Аялайсың, бағасын

Сен үшін балалармен

Ән шырқайық бәріміз

:

Жақсы көреді әжелерін,

Ойыншықтар да әпереді

Балабақшаға да әкеледі,

Жақсы қандай әжелері.
:

Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамымен құттықтаймын

:

Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді.

Жүргізуші:

Құрметті көрермендер сіздер біздің хабарымызға қоңырау шалып, құттықтау жолдай аласыздар. Біздің байланыс телефонымыз 271-35-45 Жақын жандарыңызды құттықтауға асығыңыздар.

(Қоғырау соғылады)

Ұл: Мінекей біздің хабарымызға хабарласып отырған алғашқы көрерменіміз де бар екен. Тыңдайық! Алло сәлеметсіз бе? Менің атым Алихан. Мен әжемді меркесімен құттықтаймын.

Ұл:

Әжеңе қандай тілек айтасың?

:

Әжеме тақпақ айтып беремін.

Әжелерді ардақтап қуантатын келді күн.

Құттықтаймын қуанып мейрамымен мен бүгін

Бөбегіңнің тілегі қабыл алшы әжетай

Ұзақ өмір жүз жасап жүрші әже қамықпай.

Енді менің әжеме арнап әдемі әже туралы ән айтып берсеңіздер екен. Сау болыңыздар!

Ән «Ақ әжем»

Жүргізуші: Осы бір тамаша әннен соң біз хабарымызды одан әрі қарай жалғанстырамыз.

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген қуанышы көңілдің

Ана деген әрбір үйдің жылуы

Ана деген гүлі туған өңірдің

Ана бір қолымен бесік тербетсе бір қолымен әлемді тербетеді. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді екен ендеше асыл аналарды құттықтауға асығыңыздар. Ал біз хабарымызды одан әрі студиямыздың қоржынына келіп түскен мына бір хатпен жалғастырамыз.

«Құрметті сазды сәлем бағдарламасы» деп басталады бұл хат. Менің атым Болат мен сіздердің хабарларыңызды үзбей көремін. Мен әскери борышымды әскерде өтеп жүрген сарбазбын. Сіздерге хат жолдап отырған себебім сіздердің бағдарламаларыңыз арқылы аяулы анамды және әжемді 8 наурыз аналар мерекесімен құттықтаймын! Мен оларға зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ өмір тілеймін. Музыкалық сәлем ретінде ……… биін жолдасаңыздар екен. Құрметті көрермендер…… биін тарту етеміз қабыл алыңыздар.

Би «»

Жүргізуші: балалар сендерде келешекте осындай ел қорғайтын азаматтар боласыңдар! Қане балалар! Сендер үйде аналарыңа қандай көмек бересіздер? Соны айтып беріңдерші. Сендер үйде аналарыңа қандай көмек беретіндеріңді білейік.

:

Қалай көмектесем деп

Ертелі кеш ойладым

Ыдыстар сынып қалар деп

Кір болсада жумадым

Шаңы шығып кетер деп

Үй сыпырып қоймадым

:

Балабақша болмаса

Дүкенге өзім барар ем

Ақшам көп болса анама

Сәнді көйлек алар ем

Қолымнан келсе от жағып

Ағашты да жарар ем

Қыз болсам ғой қиналмай

Кірін жуып өояр ем

Шәй қайнатып, бала ойнатып

Үйді жинап қояр ем

Тамаө жасай алмаймын

Еденде жуа алмаймын

Анама берер көмегім

Мазасын алмай ойнаймын.

Жүргізуші: Мінекей, ардақты аналар! Біздің балаларымыздың берген жауабы осы болды. Расыменде бұл балалар қанша тырысып көмектескісі келгенімен шамалары келмейді. Себебі, олар әлі ойыны қанбаған ойын баласы емеспе? Сондықтан хабарымызға  сәл үзіліс жасап ойын ойнап алайық. Ал біз сіздермен ойыннан соң жолығамыз.

Ойын

Қыз:

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын

Ж.регіңе жүрегімді жалғадым

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту арманым

Ұл:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанде ана сізбен берекеміз

Ақтасақ ақ сүтыңді асыл анам

Сонда біз кісілікке теңесеміз

Жүргізуші:

Асыл анам жасыл бағым жайнаған

Сол бағымда асыр салып ойнағам

Пәк жүрекпен жыр жазды перзентің

Бар тілегі сіздерге арналған.

Асыл аналар балаларымыз сіздерге деген ақ тілектерін жолдамақшы қабыл алыңыздар!

Қыз: Құрметті көрермендер! Хабарымызға тағы бір көрермен хабарласқан екен. Қоңырау қабылдайық.

Қыз: Алло біз сізді тыңдап отырмыз.Кімді құттықтайын деп едіңіз.

Сәлеметсіздер ме? Менің атым Айнур Ар-Дана балалар бақшасының ата-анасымын. Мен сіздердің бағдарламаларыңыз арқылы осы балабақшаның басшысы Зауреш Журсиновнаны және балабақша ұжымын және барша аналарды 8- наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтағым келіп отыр. Біздің балаларымызға тәлім-тәрбие берумен қатар олардың саналы білімді өнерлі де өнегелі боп өсуіне үлесін қосып орасан еңбек жасап жүрген апайлардың ден сау болсын , бастарына бақ қонсын,  ұстаздық  деген  ұлы жолда талмай шаршамай еңбек ете берсіндегіміз келеді. Апайлардың құрметіне арнап тамаша би тарту етіңіздер деймін.

Қыз: Расыменде балабақшадағы апайлардың арқасында көптеген бүлдіршіндер болашаққа самғап биіктерден көрінуде .

Ұл: Осындай апайлардың құрметіне тамаша би сұраған екен.

Би

Жүргізуші:

Асыл аналар! Мінекей сіздерді әлпештеп аялап отырған балапандарыңыз болашақта осындай беделді азаматтар болатынына біз сенеміз. Әлемнің бастауы мен таусылмайтын қазынасы өздеріңіз. Мәпелеп отырған балапандарыңыз сіздерге деген шексіз алғысын әнмен жеткізгісі келеді.

Ән: «Мерекем»

Жүргізуші:

Біз ғана емес қадыр тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Мерекеңмен қасетті аналар

Жүргізуші: Құрметті көрермендер осымен «Сазды сәлем» хабарымыз аяқталып қалды. Аяулы да ардақты аналар! Бүгінгі айтылған әдемі әндер мен әсем билер және жақсы тілектер тек сіздерге арналды. Хабарымыздың соңында бүлдіршіндердің өздеріңізге арнаған әсем гүлән қабыл алыңыздар. Ал біздің бағдарламамызды тамаша әуен жалғайды. Келесі эфирде кездескенше қош сау болыңыздар!

Би: «Мама»