Мезгілдер жайлы ертегі (Mezgilder jaıly ertegi) — Ертегілер — Bilim

0

Күн мен Ай  қатты ренжісіп  бір – бірімен мәңгілікке айырылысады.  Көп  ұзамай олардың өз  балалары  дүниеге келеді. Айдың  балаларын  санап бітіру мүмкін емес болды. Ай  өзінің  жарқыраған  балаларына  жұлдыздар деп ат қойды. Күнді  көргісі келмей балаларын ертіп ғарыш әлемінде тұра бастады. Ал  Күннің  бар  болғаны  төрт баласы болды. Күн  балаларының біріншісіне Көктем, екіншісіне Жаз, үшіншісіне Күз  және төртіншісіне Қыс деген есімдерді қояды. Жастайынан  Көктем  анасын  қатты жақсы көріп, Күннің  құшағында өсті. Мінезі  жайдары, қамқор әрі  сұлу болды. Анасының жанында өскен Көктем  жылы болып өсті.  Екінші қызы  Жаз  Күннен бір елі  ажырамайтын , Күнге деген  махаббаты шексіз болатын. Мінезі жанға жағымды , мейрімді  де көрікті болды. Күннің  құшағында өскен Жаз  анасы секілді  ыстық болып өсті. Үшінші қызы  Күз жастайынан  Күннен  жырақта  өсті.  Мінезі әрдайым  көңілсіз  болдатын. Сондықтан ол  суық  болды. Төртінші қызы Қыс та  жылуды ұнатпады. Ешкіммен тіл табыса алмайтын  аппақ  Қыс сондай ызғарлы да суық  болып  өсті. Көп ұзамай Күннің  төрт қызында  жаңа қасиеттер пайда бола бастады. Анасы төрт қызын ертіп  Жер  бетінде тұруды жөн көрді. Алайда мезгілдердің арасында араздастық көп болды.  Көктемнің гүлдерін Күз солдырып тастаса , Көктем  Қыстың  аппақ қарларын ерітіп тастады. Көптеген  түсініспеушіліктер көбейіп кетті.  Мұның шешімін Күн тауып  1 жылға әр қызына 3 айдан бөліп береді. Ал өзі ғарыш әлемінде  тұра бастайды.  Осылайша  жыл мезгілдері 3 ай сайын ауысып , жерге сағынышпен оралатын болыпты.

 

 

Латын әліпбиінде

 Mezgilder jaıly ertegi

Ku’n men  Aı  qatty  renjisip  bir – birimen ma’n’gilikke aıyrylysady.  Ko’p  uzamaı olardyn’ o’z  balalary  du’nıege keledi. Aıdyn’  balalaryn  sanap bitiry’ mu’mkin emes boldy. Aı  o’zinin’  jarqyrag’an  balalaryna  juldyzdar dep at qoıdy. Ku’ndi  ko’rgisi kelmeı balalaryn ertip g’arysh a’leminde tura bastady. Al  Ku’nnin’  bar  bolg’any  to’rt balasy boldy. Ku’n  balalarynyn’ birinshisine Ko’ktem, ekinshisine Jaz, u’shinshisine Ku’z  ja’ne to’rtinshisine Qys degen esimderdi qoıady. Jastaıynan  Ko’ktem  anasyn  qatty jaqsy ko’rip, Ku’nnin’  qushag’ynda o’sti. Minezi  jaıdary, qamqor a’ri  suly’ boldy. Anasynyn’ janynda o’sken Ko’ktem  jyly bolyp o’sti.  Ekinshi qyzy  Jaz  Ku’nnen bir eli  ajyramaıtyn , Ku’nge degen  mahabbaty sheksiz bolatyn. Minezi jang’a jag’ymdy , meırimdi  de ko’rikti boldy. Ku’nnin’  qushag’ynda o’sken Jaz  anasy sekildi  ystyq bolyp o’sti. U’shinshi qyzy  Ku’z jastaıynan  Ku’nnen  jyraqta  o’sti.  Minezi a’rdaıym  ko’n’ilsiz  boldatyn. Sondyqtan ol  sy’yq  boldy. To’rtinshi qyzy Qys ta  jyly’dy unatpady. Eshkimmen til tabysa almaıtyn  appaq  Qys sondaı yzg’arly da sy’yq  bolyp  o’sti. Ko’p uzamaı Ku’nnin’  to’rt qyzynda  jan’a qasıetter paıda bola bastady. Anasy to’rt qyzyn ertip  Jer  betinde tury’dy jo’n ko’rdi. Alaıda mezgilderdin’ arasynda arazdastyq ko’p boldy.  Ko’ktemnin’ gu’lderin Ku’z soldyryp tastasa , Ko’ktem  Qystyn’  appaq qarlaryn eritip tastady. Ko’ptegen  tu’sinispey’shilikter ko’beıip ketti.  Munin’ sheshimin Ku’n tay’yp  1 jylg’a a’r qyzyna 3 aıdan bo’lip beredi. Al o’zi g’arysh a’leminde  tura bastaıdy.  Osylaısha  jyl mezgilderi 3 aı saıyn ay’ysyp , jerge sag’ynyshpen oralatyn bolypty.

Автор:Гүлсая Каналқұл

Avtor: Gu’lsaıa Kanalqul

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: