Павлодарда әйелі қайтыс болып кеткен ер адам өзінің 10 жасар қызын зорлап келген
Ол әйелі қайтыс болғаннан кейін қызына көз сүзіп, сексуалдық зорлыққа тартып келген.
Павлодарлық сот педофилге химиялық кастрация мен 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ер адам жұбайы қайтыс болғаннан кейін бір жыл бойы өз қызын зорлап келген. Оның ісіне қатысты сот процесі жабық тәртіпте өтті. Бұл туралы 31 арна хабарлайды деп жазды sn.kz.
33 жастағы сотталушы өзінің 10 жасар қызын зорлап келген. Ол әйелі қайтыс болғаннан кейін қызына көз сүзіп, сексуалдық зорлыққа тартып келген. Бір жыл бойы осындай сұмдықты бастан кешкен қыз артынша болған жайтты туысына айтып беріпті. Мұнан кейін бірден отбасынан ажыратылған қыз бүгінде балалар үйінде.
«Сотталушыны кінәлі деп танып, оған 16 жылға бас бостандығынан айыру және химиялық кастрация түрінде мәжбүрлі ем тағайындалсын», – дейді Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот төрағасы Нұрлан Айтбаев.
«Тұлға аталған инъекцияны айына 3 рет алады. Сонымен қатар аталған препаратты өмір бойы алатын болады. Яғни оның химиялық кастрациялануын жалғастыру керек пе, жоқ па, оны комиссия шешеді», – дейді Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Айгүл Мұқышева.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!