Бұрыш түрлері.Көпбұрыштар

0
Сабақтың тақырыбы: Бұрыш түрлері. Көп бұрыштар. Мұғалімнің аты-жөні: А.Б.КалдешоваКүні: 10.01.19 СЫНЫП: 2в Қатысқан оқушылар саны: 21 Қатыспаған оқушылар саны: 0 Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2.3.1.1 бұрыш түрлерін (тік, сүйір, доғал) бір бірінен ажырату және атау/тіктөртбұрышты, шаршыны, тікбұрышты үшбұрышты мәнді белгілері бойынша анықтау Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: бұрыштардың түрлері (тік, сүйір, доғал) мен фигуралардың түрлерін (тіктөртбұрыш, шаршы) танып біледі. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: фигуралардағы бұрыштардың түрлерін танып біледі жəне құрайды. Бұрыштар (тік, сүйір, доғал), тіктөртбұрыштың, шаршының, тікбұрышты үшбұрыштың маңызды ерекшеліктерін ажырата алады. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: фигураларды түрлі белгілері бойынша жүйелейді. Бағалау критерийі «Бұрыш түрлерін білемін» — бұрыштар тік, сүйір жəне доғал болады. «Бұрыш түрлерін анықтай аламын» — үшбұрышты сызғыштың көмегімен бұрыштың түрін анықтауға болады. «Барлық бұрышы тік көпбұрыштардың атауын білемін» — бұл тіктөртбұрыш жəне шаршы, тік бұрышы бар үшбұрыштар. Бұдан кейін оқушылар өзің-өзі бағалаумен өз бетімен жұмыс жасайды. Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. Құндылықтар Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау. Қарым-қатынас жасау қабілеті. Жауапкершілік. Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады:• тіктөртбұрыштың, шаршының, тікбұрышты үшбұрыштың маңызды ерекшеліктерін. Пəндік лексика жəне терминология: бұрыштардың түрлері (тік, сүйір, доғал) жəне фигуралардың түрлері (тіктөртбұрыш, шаршы, тікбұрышты үшбұрыш). Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасыТалқылау:

  • Тақтадағы фигураларды қандай екі топқа бөлуге болады?
  • Əр топтың фигураларына не ортақ? Жазу: Тірек білім. Тілдік дағдылар Фигуралар мен бұрыштардың атаулары.Геометриялық фигуралар. Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі. Сабақтың жоспары Жоспарланғануақыт Ынталандыру.

  • Бүгін біз денсаулығымызға таза ауада серуендеудің қандай пайда əкелетіні туралы əңгімелесеміз.
  • Демалыс күндері отбасымен, достармен қайда баруға болады? –Бүгін біз тауға жорыққа шығамыз.

  • Серуенге дайындалу үшін ауызша санаймыз.
  • Тапсырма бойынша қажетті жауапты таңдаңдар.

  • Қай санда 7 ондық, 2 бірлік бар?
  • 8 жəне 7 сандарының қосындысы.
  • 16-дан 8-ді азайт.
  • 37 санының алдында тұрған санды атаңдар.
  • 48-ден кейін тұрған санды атаңдар.
  • 27 жəне 6 сандарының айырмасы.
  • Егер 5 ондыққа 2 ондықты қосса қанша болады?
  • 42 санынан 5-уі артық сан қандай?
  • Қай санның 59-дан 6-уы кем?
  • Сандарды кему, өсу ретімен қойыңдар.
  • Кему реті деген нені білдіреді?
  • Ең үлкен саннан ең кіші санға қарай.
  • Оқушылар кезекпен тақтаға шығады жəне дұрыс жауабы бар карточканы таңдайды. (Жауаптар жазылған карточкалар алдын ала тақтаға ретсіз жапсырылған жəне қосымша жауаптар да берілген.) –72(Г), 15(Е), 8(О), 36(М), 49(Е), 21(Т), 70(Р), 47(И), 53(Я).

  • Қандай сөз шықты? (Геометрия)
  • Математиканың бұл бөлімі нені зерттейді? (Фигуралар жəне олардың қасиеттері)
  • Басталуы5 минут Өзектендіру. Серуеннің бағытын нақтырақ құру үшін сызбаны зерттейміз. (Карточкадағы сурет) Мына сызбадан қандай фигураларды көріп тұрсыңдар? –Үшбұрыштарды табыңдар. Олардың саны қанша?

  • Бірдей үшбұрыштар қанша?
  • Шаршылар қанша? Олар бірдей (тең) ме?
  • Мұнда басқа да фигуралар бар ма? Қандай? Барлығы қанша фигура бар?
  • (Төртбұрыштар, үшбұрыштар.)Оқушылар тақтаға шығып, фигураларды көрсете отырып санайды.

    Тақтадағы фигуралары бар сурет

    .

    Жаңа білім10 минут Мақсат қою (проблемалық жағдаят) Мұғалім дəптердегі 1-тапсырманы орындамас бұрын бағалау критерийін оқуды ұсынадыКарточкадағы фигураларды қарауды ұсынады.

    –Тақтадағы фигураларды қандай екі топқа бөлуге болады? (Бұрышты жəне бұрышы жоқ фигуралар.) Мұғалім бұрышы жоқ фигураларды алып қояды.–Қалған фигураларды қандай үш топқа бөлуге болады? (Үшбұрыштар, төртбұрыштар, бесбұрыштар.)– Əр топтың фигураларына не ортақ? (Бұрыштары мен қабырғаларының саны.) – Бұл фигуралардың қанша бұрышы бар? (Бесбұрыштардың –5бұрышы, төртбұрыштардың – 4 бұрышы, үшбұрыштардың – 3 бұрышы бар.) –Қалай ойлайсыңдар, біздің серуеніміз қандай тақырыпқа арналады?

    Оқулық,мәтіндер.

    Ортасы 10 минут –Бұрыш дегеніміз не?(Бұрыш – бұл бір нүктеден шыққан əртүрлі екі сəуледен құралған геометриялық фигура). Бұрыштың сəулелері қабырға деп аталады. Ал сəулелердің түйісетін нүктесі төбе деп аталады. Қорытынды жасаймыз: Бұрыш –бұл …

  • Қазір əрқайсысың қағаз парағынан тік бұрыштың моделін жасайсыңдар. №2 практикалық жұмыс. Бұрышты қалай жасайтынын оқулықтан қарауға болады. (Орындай алмаған оқушыларға көмек көрсетіледі.)
  • Өздерің жасаған тік бұрыштың моделін көрсетіңдер.
  • Суреттегідей парақты жазыңдар.
  • Бұрыштардың қабырғасын жəне төбесін көрсетіңдер.
  • Өз парталарыңнан тік бұрыштың моделін көрсетіңдер.
  • –Қандай бұрыш екенін қалай анықтауға болады? (Мұны қалай жасайтынын тақтада жəне сызбада көрсетеді.) Сызбадағы үшбұрышты қарастырыңдар. Оның бір бұрышының тік екеніне көздерің жетті. Бұрыш моделінің көмегімен осы үшбұрыштың басқа бұрыштары да тік болатын, болмайтынын анықтаңдар.

  • Сендер бүктеген қағаздан неше бұрыш шықты?
  • Үшбұрыштың сызбасына қарауды ұсынады.

  • Тік бұрыштан кіші бұрыш қалай аталады?
  • Тік бұрыштан үлкен бұрыш қалай аталады?
  • Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. Оқулықтағы 1-тапсырма талқыланғаннан кейін, суретке қарау ұсынылады. (Ұқсас сызба алдын ала тақтада орындалады.) Мұғалім фигуралардың əр бұрышының түрін анықтауды, сүйір, тік, доғал бұрыштарды өз бетімен табуды ұсынады. Бұдан кейін тексерумен жұптық жасау орындалады. Оқулық, Сергіту сәті2 минут Сергіту сәті «Күміс құмған-ай» Оқушылар би билеп сергіп қалады. Аяқталуы Сабақты бекіту10 минут Синтез«Таңда да таста» әдісі

    «Таңда да таста» әдісі

    Бағалау 5 минут

    Кері байланыс3 минут

    «Жетістік» баспалдағы. «Жетістік» баспалдағы. Үйге тапсырма: оқулықта қалған тапсырманы аяқтау. Саралау – Сіз қосымшакөмек көрсетуді қалайжоспарлайсыз? Сізқабілеті жоғарыоқушыларға тапсырманыкүрделендіруді қалайжоспарлайсыз? Бағалау — Оқушылардыңүйренгенін тексерудіқалай жоспарлайсыз? Пəнаралық байланысҚауіпсіздік жəне еңбектіқорғау ережелеріАКТ-мен байланысҚұндылықтардағыбайланыс РефлексияСабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлағансаралау шаралары тиімді болды ма?Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулеренгіздім жəне неліктен?

    Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкескелетін сұрақтарға жауап беріңіз.

    Қорытынды бағамдауҚандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1:2:Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1:2:Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымдыжетілдіруге көмектесетін не білдім?