15 Сәуір — Махаббат & Ғашықтар күні Қазақша Өлең және Құттықтау-тілек, СМС

0

Махаббат көліне арайлы аққуы қонған күні,
Сенім биігінде алаулы үміттің жанған күні,
Аққу-сезімімнің ән боп самғаған арман күні-
Жолықтым саған.
Көңіліңнің толқыны сайтан сезімге ерген күні,
Мынау ұлы далаға бір жаңа леп келген түні,
Менің нәзік жүрегім махаббат дүниесіне сенген күні-
Біз түсінік таппадык.
Қыз-намысым абырой биігінен көрінгені үшін,
Қыз-жүрегім махаббат тазалығына берілгені үшін,
Ар-намысым жеңіл ләззаттан жерінгені үшін-
Кінәладың мені.
Сенің жігіттік биігіңе сенгенім үшін,
Сене тұрып,соңыңнан ергенім үшін,
Сені бар жігіттен артық көргенім үшін-
Мен кінәлі емеспін.
Бір сені ессіз көбелектей сүйгенім үшін,
Жүректе ойнаған сезім атты күйлерім үшін,
Сенің алдыңда қыз-тәкаппарлығымды игенім үшін-
Кінәла мені.
Сен жайлы құрбыға айтқан мақтаным үшін,
Түн қойнында сені ғана ойлап жатқаным үшін,
Бір сен деп көз ілмеген ақ таңым үшін-
Кінәла мені.
Саған деген тазалықтан өзге айдында жүзбегенім үшін,
Көкіректегі «менімді» жоғалтып,»БІЗ» дегенім үшін,
Өмір толқынынан тек сені іздегенім үшін-
Кінәла мені.
Өзгелер үшін Махаббат деп аталатынымыз үшін,
Өзге жұптарға тигізер шапағатымыз үшін,
Көз жасы киелі махаббатымыз үшін-
Түсін мені!
Қанша ғашық арманына ұмтылды,
Қанша жүрек құштарлықпен бұлқынды,
Ғашықтарды құрмет тұтып адамзат,
Ешқашанда ұмытпайды бұл күнді !
Шуақ шашып қап — қараңғы түнектен,
Ғашықтарды пәк сезіммен нұр сепкен,
жарық болсын әрқашан да жұлдызын,
Құттықтаймын сіздерді Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күнімен !!!

Ғашықтар күні құтты болсын, аяулым! «Махаббат – дүниедегі барлық күштің көзі, барлық қуаттың бұлақ-бастауы. Онсыз еш жерде жеңіс жоқ» дейді Нұршайықов. Біз жеңіске бірге жетейік! Махаббат әрқашан аласармасын!


Шын сүйесiң бе? Онда сендердiң бірге қанша уақыт өткiзгендерiң маңызды емес, ол бәрiбiр саған аз боп көрiнедi. Таусылмайтын уақыттың өзеніне құяр сезім бұлағымыз да таусылмасын!


Махаббат пен сана бірін-бірі тыңдамайды, әрқайсысы тек өз дегенім ғана болсын дейді. Сіздерге санасы биік абзал жандардың махаббаты бұйырсын!


Сүйіктім, бұл – біздің мерекеміз! Бұл – ғашықтардың мерекесі! Бірақ біздің әр күніміз дәл осындай мереке! Жаным, ғашықтар мерекесі құтты болсын! Сені мәңгі сүйемін!


«Өмірдегі мақсатымыз ағыспен ағу емес, жағаны табу…» деген ғой. Менің махаббат жағалауым – өзіңсің! Өмір мені адастырмай, алаңдатпай өзіңді мәңгі сүюге, аялауға мүмкіндік берсін!

Автор: Мейіржан Әуелханұлы,

Сүйіктім, бүгін тек екеумізге ғана тәуелді мереке секілді сезіледі маған. Алайда өзіңнің қасыңда жүрген әр күнім – мен үшін мереке. Ғашықтар күні құтты болсын. Сені мәңгі сүйетініме куә болар мәңгілік ештеңе жоқ. Тек, қашан қара жерге енгенше қасыңда болсам екен. Сүйем сені!


Ғашықтар күні құтты болсын. Білесің бе? Менің кеудемдегі махаббат қанша тереңдеген сайын, сенің тұлғаң көңілімде соншама биіктей берді. Махаббатымызға адалдық пен биіктікті нәсіп етсін! Бір-бірімізге деген ғашықтығымызды мәңгілік, сүйіспеншілігімізді шексіз еткей!


Саған хат жазып құттықтайтын осынау бір күннің болғаны – мен үшін шексіз қуаныш. Мен бұл күні ешқашан айта алмаған сөзімді, жүрегімнің лүпілін айтуға міндеттімін. Өйткені, бұл – менің мерекем. «Өзіңе шын жүректен ғашықпын!». (Әр таң атқан сайын саған амандық тілейтін, сағынатын, аңсайтын жаннан сәлем).


Ғашықтар күні құтты болсын, аяулым! Маған табиғат ана әлемдегі ең сұлу, ең сүйкімді аруды сыйлағаны үшін қалай алғыс айтарымды білмеймін. Бірақ, саған ең терең сүйіспеншілікті, ең кіршіксіз махаббатымды арнай аламын. Менің қолымнан осыдан өзге дүние келер ме екен?! Өзіңді шексіз сүйемін!


Өзіңе дәл қай күннен бастап ғашық болғанымды білмеймін. Әйтеуір жүрегіме бірте-бірте ендің де, мызғымастай боп орын алдың. Сол үшін де саған жүрегімді ұсынған сәтімді әлі күнге білмеймін. Міне, енді жақсы болды. Ғашықтар күні! Жүрегіме мәңгілік махаббаттың ескерткішін орнатқан күн ретінде қабылдаймын. Мен әр жылы осы күнді өзіңмен бірге тойлағым келеді. Мерекеміз құтты болсын, сүйіктім.

Тегтер:15 сәуір15 сәуір ғашықтар күні смс тілек құттықтаугашыктар кунигашыктар куни 14 акпангашыктар куни 15 сауиргашыктар куни казахстангашыктар куни кутты болсынгашыктар кунине оленгашыктар кунине тилекказакша туралы қазақша на казахскоммахаббатмахаббат жайлы өлең жолдарымахаббат туралы олен жолдарымахаббат туралы смс тілектермахаббат туралы сөздермахаббат туралы тілектермахаббат туралы өлең шумақтарығашығыма тілекғашықтар күні тілекғашықтар күні тілек smsғашықтар күні тілек sms махаббат 15 сәуірғашықтар күні туралы өлеңдерҒашықтар күні құтты болсынғашықтар күні құттықтау тілекғашықтар күні құттықтауларғашықтар күнін тойлауғашықтар күнінеғашықтар күніне арналған ойындарғашықтар күніне арналған тәрбие сағатығашықтар күніне арналған өлең жолдарығашықтар күніне өлеңдерҒашықтар махаббат күні құтты болсынғашықтар махаббат күні құттықтау тілекқазақтардың махаббат күніқазақтардың махаббат күні құттықтауқазақтардың махаббат күні құттықтау казакша туралы қазақша на казахском бесплатно скачатьқазақтардың махаббат күні өлеңҚазақша Құттықтау - тілек: 15 Сәуір - Махаббат & Ғашықтар күніҚазақша Құттықтау тілекқазақша құттықтау тілек ғашықтар күніқыз сыры өлеңқыз сыры өлең қазақша