Ашық сабақ «Тәтті үйдің бауырсағы да тәтті»

0









Ашық сабақ «Тәтті үйдің бауырсағы да тәтті»

Автор: Есенгалиева Осиха Базарбаевна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-25


Материал туралы қысқаша түсінік

Тәрбиешілерге арналған ашық сабақ жоспары




Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. «Еркем-ай» тобы Білім беру салалары: « Комуникация »Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті түрі: «Сөйлеуді дамыту»Тақырыбы: Тату үйдің бауырсағы да дәмді Мақсаты: Отбасы туралы ,туыстық қатынастартуралы түсінік беру.

  • Адамгершілікке,кішіпейілдікке тәрбиелеу.
  • Тіл байлықтарын дамыту.

Алдын- ала жүргізілетін жұмыс: ата-аналардың сөздерін аудиожазбаға жазу , отбасының суреттерін әкелу.Әдіс- тәсілдері: Әңгімелеу, ойын, сурет бойынша әңгіме Көрнекіліктер: Балалардың өз отбасыларының суреттері,отбасы суреті, аудиожазба, микрофон.Билингвалды компонентӘже-бабушка,ата-дедушка,ана-мама,әке-отец,әпке- сестра,аға- брат.

Әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті. Баланың іс – әрекеті.
Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастыру- іздестіру

Рефлексивті -түзетушілік

«Жүректен -жүрекке» шаттық шеңбері.Бір-біріне жүрекшені беріп жылы сөздер айтуды ұсынады. «Ең жақсы отбасы»атты байқау жариялаймыз,кім өз отбасы туралы жақсы әңгіме айтып береді, солжеңімпаз болып аталады.Жақсы қатысқан балаға сыйлық (жүрекше) беріледі.ЖұмбақтарАл, сендер ,жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме?Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал, сендер кім туралы айтылғанын табыңдар. Мені жақсы көреді, Ертегі айтып береді-Оны қалай білдіңдер?-Ал сендердің әжелерің не істей алады? Көзілдірік киеді Көп-көп ертек біледі. Тарамдайды сақалын, Таяқ ұстап жүреді. -Ол кім?-Ал сендердің аталарың қандай? Еркелесім, күлімдейтін, Ұрысқаны білінбейтін Маңдайымнан сипап мені «Құлыншағым,күнім »дейтін-Ол кім?-Ал сендердің аталарың қандай? Атамның ол баласы Әжемнің де баласы. Жаралғандай құрыштан, Қалмайды бір жұмыстан.-Бұл кім?-Ал сендердің әкелерің қандай?Қане кім отбасы туралы тақпақтар біледі?«Менің есімім» балалардың ата-аналары, ата-әжелері қалай еркелетінін аудиожазбадан тыңдату.Сергіту сәтіСаусақ гимнастикасы: балалар саусақтарын ішке бүгеді, біртіндеп ашып тұрады.Бір үйде біз нешеуміз?Кел, ойнайық екеуміз.Бас бармағым әкем, Балаң үйрек-анамОртан терек-ағам,Шылдыр шүмек –менТиттей бөбек сен.Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз!«Сұхбат» тақырыбына слайд көрсету.Өз әке ,шеше ата, әжелерінің , қарындас ,аға,інілерінің фотоларын көрсетіп аттарын атап,олардың қайда тұратын дары туралы сиқырлы микрофонға әңгімелеп айтуды ұсынады.«Бәйтерек пен отбасым» ойыныАғаштың суретін тақтаға іледі, отбасы мүшелері мен ағашты салыстырып, түсіндіреді. Ағаш тамыры, ол сендердің ата-әжелерің.Ағаштың діңгегі, ол сендердің әкелерің, Ағаштың бұтағы ол сендердің аналарың . Ал, ағаштың жапырақтары, олар сендерсіңдер, балалар«Менің отбасым»Балалар өз жанұяларының суреттерін салып бояйды.Мақал –мәтелТату үйдің бауырсағы да дәмді.Мақалдың мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды, толықтырады.-Балалар, сендер өз отбасыларыңа қандай тілек тілер едіңдер?Көп жүрекше жинаған жеңімпазды. анықтайды.Балаларды мадақтап,Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетін аяқтау. Шеңберге тұрып ,бір біріне жүрекшені беріп жылы лебіздер айтады. Байқауға қатысуға қызыға келіседі.

Жұмбақтарды шешеді.

Балалар ата-аналары, ата-әжелері туралы тақпақтарын айтады.Балалар ата-аналары, ата-әжелері қалай еркелетінін аудиожазбадан тыңдап,кім екенін тауып айтады.

Жұдарықтарын ашып , жұмады.

Үйден әкелген фотоларын көрсетіп сиқырлы микрофонға әңгімелеп айтады Туыстары туралы әңгімелейді.Суретті тамашалап, тәрбиешіні тыңдайды.Балалар өз жанұяларының суреттерін салады.Мақалды тыңдау. Сөздерінің мағынасын өзара талдап , дәйектемелер келтіреді өздерінің түсінігі бойынша айтады.Өз туыстарына арнап тілектерін білдіреді.

Күтілетін нәтиже: Не білу керек : Отбасы мүшелерін ажырата алуды.Нені игереді: Үлкенді сыйлауды, құрметтеуді, сыпайы сөздерді қолдануды. Нені біледі Өз отбасына деген жылы мейірімді сөздерді жылы сезіммен айтуды

Батыс Қазақстан облТеректі аудандық білім беру бөлімі« Бүлдіршін » бөбекжай МКҚК

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

«Тату үйдің бауырсағы да дәмді»

Өткізген: «Ботақан» топ тәрбиешісі: Есенгалиева О.Б.

2017-2018 оқу жылы







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.