Механикалық жұмыс

0

Денеге күш әсер еткенде, дене қозғалысқа келеді. Бұл қозғалыс кезінде жұмыс атқарылады, мысалы сізді автобус бір аялдамадан екінші аялдамаға дейін тасымалдаса, онда автобус пайдалы жұмыс атқарады. Енді механикалық жұмыстың аңықтамасын келтірейік.


Денеге F тұрақты күшінің әсер етуінен дене S арақашықтыққа қозғалсың:


Механикалық жұмыс


Механикалық жұмыс A мына формуламен аңықталады:


A = F S cos α, α күш пен орын алмастыру бағыттарының арасындағы бұрыш.


Механикалық күштің өлшем бірлігі Джоуль, қысқаша Дж. Бір Джоуль дегеніміз бір Ньютон күшпен денені бір метрге ауыстырғандағы күштің орындалатын жұмысы.


Механикалық жұмысқа байланысты есептерді шығару


Мысалы, денеге 500 Н күш әсер еткеннен дене 30 см орын ауысты, күш пен орын ауыстыру бағыттары арасындағы бұрыш 600 градуске тең. Осы жолы қандай механикалық жұмыс атқарылды?


A = F S cos α


A = 500*0,3*cos600 (30 см = 0,3 м)


A = 150*0,5 (cos600 = 0,5)


A = 75 (Дж)


Жауабы: 75 Джоульге тең механикалық жұмыс атқарылды.


Күш пен орын ауыстыру бағыттарының арасындағы бұрыш 900 тең болса, механикалық жұмыс неге тең? Күш пен орын ауыстыру арасындағы бұрыш 00 тең болса механикалық жұмыс формуласы қандай болады?

Пән: Физика