Денис Тенді өлтіргендер отыратын колония қандай екенін білесіз бе
Денис Тенді өлтірген Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов Алматы облысының ЛА-155/8 колониясында, ал Жанар Толыбаева ЛА-155/4 колониясында жазасын өтейді. Бұл туралы Nur.kz хабарлайды.
Портал тілшілері колонияларға барып, әйелдер мен еркектер жазасын өтейтін мекеменің жағдайымен танысып қайтты.
Жазасын өтеушілер арнайы барақтарда тұрады, оның айналасындағы аймақтан тек рұқсатпен шығуға болады.
Олар екі қабатты төсекте ұйықтайды. Таңғы алтыда оянып, кешкі 10-да ұйықтауға жатады. Демалыс күндері жетіге дейін ұйықтауға рұқсат етіледі.
Барақтарда туысқандар жіберген тамақты жеуге арналған бөлмелер бар. Сонымен қатар теледидар көріп, ойын ойнап, бос уақытты өткізетін бөлмелер қарастырылған.
Дәретхана далада орналасқан. Сотталғандар аптасына бір рет моншаға түседі. Жаз кезінде далада душқа түсуге болады. Ал барақтың ішінде тек жуынатын бөлме бар.
Сотталғандардың еңсесін түсірмеу үшін мынадай рух көтеретін мақалалар бар екен.
Олар спортпен шұғылданып, жарыстарға қатысып, марапат та алады екен.
Жауғашты елді мекенінде орналасқан ЛА-155/4 әйелдер колонияның негізін 1937 жылы КСРО кезінде ІІХК қалаған. Көп нәрсе сол кездерді еске салады: ағаш едендер, кеңес кезінде тұрғызылған ғимараттар.
Түрме аумағында ескі асхана бар.
Сотталған әйелдердің тамақтары макарон, шұжық, нан және кофеден тұрады.
Қазақстанда тек Жауғашты колониясында балалары бар әйелдер жазаларын өтей алады. Мұнда балаларға арналған арнайы ойын алаңы бар. Оны америкалық еріктілер отбасы тұрғызған.
Еске сала кетейік, бірнеше айдан кейін Жанар Толыбаева босануға тиіс.
Балаларға арналған бөлме мынандай.
Лагерде балалар аналарымен үш жасқа дейін болады, содан кейін оларды еркіндіктегі туыстарға немесе балалар үйіне жібереді.
Балалары бар әйелдер барақтарда емес, балалар қалашығында тұрады. Бірақ тексеру кезінде тіркеліп отырады.
Балаларға арналған арнайы асхана бар. Онда баланың жасына қарай тамақ әзірленеді. Ананың сүті болмаса, нәрестелерге арнайы қоспа беріледі.