Джоуль-Ленц заңы

0

Өткізгіш арқылы электр тоқ өткенде, жылу бөлінеді. Мысалы электр сымдары арқылы тоқ өткенде сымдар қызады, электр моторлар жұмыс істегенде де қызады.


Ұялы телефондарынызбен интернетте отырғанда да жылу бөлінеді, компьютерлерініз бен ноутбуктеріңіз де жұмыс істегенде қызады. Бұл жылу құрылғылардағы электр тоғының өткізгіштер арқылы өтуі себебінен пайда болады.


Өткізгіш арқылы тұрақты тоқ өткенде, қанша жылу бөлінеді? Бұл сұраққа Джоуль-Ленц заңы жауап береді.


Джоуль-Ленц заңы


Кедергісі R болатың өткізгіш арқылы, тоқ күші i болатың, t уақытта бөлінетің жылу мөлшері Q мына формула арқылы есептелінеді:


Q = i2*R*t


Мысалы, тоқ күші 3 А (Ампер тоқ күшінің бірлігі, А деп қысқаша жазылады), кедергісі 2 Ом (Ом кедергінің өлшем бірлігі, қысқаша Ом деп жазылады) болатың өткізгіштен бір минутта қанша жылу бөлінеді?


Шешілуі


Джоуль-Ленц заңына сәкес:


Q = i2*R*t,


Q = 32 * 2 * 60 (бір минутта 60 секунд бар) = 9 * 2 * 60 = 1080 Джоуль.


Жауабы: 1080 Джоуль жылу бөлінеді.


Жаттығу


Кедергісі 5 Ом, тоқ күші 2 А болатың өткізгіш бір сағатта қанша жылуды бөледі?

Пән: Физика