Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман – Бақытсыз Жамал

0
Сабақтың тақырыбы: Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман – Бақытсыз Жамал
Сабақ негізделген оқу мақсаты: 8. А/И1. Әдеби шығарманың композициясы. Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы: Оқушылар шығарманы талдауда өз ойын білдіреді;
Оқушылардың көбісі: Шығарманың композициясын анықтайды;
Оқушылардың кейбірі: Шығарманы тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа талдайды;
Бағалау критерийі: Шығарма композициясын тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды

Тілдік құзіреттілік: Пәндік лексика мен терминология: тарихи, көркемдік құндылық, пікір, көтерілген мәселе, үндестік.
Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:
Менің ойымша…
Менің байқауымша…
Шығармада көтерілген мәселе жайында былай ойлаймын…
Шығарманың басқа шығармалармен үндестігін салыстыра қарайтын болсақ:
Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығы мынада деп білемін:
Ресурстар: Оқулық, интербелсенді тақта, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер
Пәнаралық байланыс: Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың басы
Топтарға бөлу.
Оқушыларды «кім?» деген сұраққа жауап беру арқылы топқа бөлініп отырады.
Сұрақтар сандықшада кеспе қағазда орналасады.
І топ: «Жамал»
Сәрсембайдың қызы, Ғалидың ғашығы кім?
ІІ топ: «Ғали»
Жамалдың ғашығы, сүйгені үшін жанын құрбан етуге дайын жігіт кім?
ІІІ топ: «Шолпан»
Сәрсенбайдың екінші әйелі, Жамалдың шешесі кім?

Үй жұмысын тексеру.
М. Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы еді.
«Микрофон» әдісі
1. Жамалдың өліміне кім кінәлі?
2. Жамал неліктен әділетсіз қоғамның құрбаны болды?
3. Сәрсенбай мен Байжанның іс — әрекетіне қандай баға берер едіңдер?
4. Романдағы салт — дәстүрге (қалың мал) көзқарасыңыз…
5. Ақылына көркі сай сұлу Жамал неге бақытсыз болды?
6. Жазушы неге оны бақытсыз етіп суреттеді деп ойлайсыңдар?
7. Сәрсенбайдың екінші рет әйел алу себебі не?
8. Ғали өз бақыты үшін қаншалықты күресе алды?
9. Қазақ және әлем әдебиетінде осы тектес қандай шығармаларды білесің?
10. Махаббат жолындағы күресті әлеуметтік теңсіздік үшін күрес қарастыруға бола ма?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы және оқу мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырып өту.
Оқушыларға жеке, жұпта, топта талдап шығу үшін үзінділер беріледі.
Оқушылар шығарманың композициясын бөлшектен тұтасқа талдайды.
ҚБ: «Қол шапалақ»

Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс
Тапсырма
1. Автор осы үзіндіде қандай қасиетке ерекше мән береді?
Повестің өн бойынан аңғарылатын автор позициясына талдау жасаңыз.
2. Автор повестің өн бойынан көрініс тапқан кейіпкердің іс — әрекетін, мінезін, қасиетін қалай көрсете білген?
3. Кейіпкерге қандай баға беріп талдар едіңіз…
4. Өн бойынан көрініс тапқан кейіпкердің қасиеті, іс — әрекеті, мінезі арқылы оқырман қауымға нені айтқысы келеді, қандай ой салғысы келді?
Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман – Бақытсыз Жамал жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/