Саран қаласында жаңа күн электр стансасы іске қосылды

0

Саран қаласындағы электр стансасының іске қосылуы — Мемлекет басшысының сыртқы саясатты «экономизациялау», Қазақстанға озық тәжірибені, білімді, технология мен инвестицияларды тарту бойынша міндеттерін іс жүзінде жүзеге асырудың жарқын үлгісі.

Қысқа мерзімде іске асырылған жоба орталық және жергілікті билік органдарының Германия Федеративтік Республикасы, Чехия және Словакия Республикалары компанияларының тобымен, сондай-ақ Еуропа қайта құру және даму банкімен (ЕҚҚДБ) бірлескен жұмыстың нәтижесі болды.

Электр станциясының құрылысы барысында жергілікті мазмұнға, оның ішінде Сарандағы компаниялардан еңбек өнімді, бұйымдарды және құрылыс материалдарды тартуға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, жаңа электр стансасында жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орындары ашылды.

Электр станциясының іске қосылуы еліміздегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру, «жасыл» технологияларға көшу бойынша Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын іске асыруға тағы бір үлес қосу болды. 

Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Германияның Қазақстандағы Елшісі Тило Клиннер, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы» АҚ басшысы Рәпіл Жошыбаев сөз сөйлеулерінде атап өтті.

Бұған дейін «Саран қаласында 100 МВт қуаты бар күн электр стансасын салу» жобасы «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында таныстырылды.

Ашылу рәсіміне дейін тараптар 500 млн АҚШ долларын құрайтын инвестицияларды кеңейтуді көздейтін «SES Saran» жобасын дамыту туралы меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар, ресми ашылу рәсіміне Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысып, Саран, Қарағанды облысы және герман «Goldbek Solar» компаниясының басшылығымен келіссөздер өткізді. Келіссөздердің нәтижелері бойынша еуропалық инвесторлардың қатысуымен аймақтық жобаларды ілгерілетуде және олардың технологияларын тартуға экономикалық дипломатияны одан әрі дамыту туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Дереккөз: http://egemen.kz/