Жаназа намазына кешігіп, соңғы тәкбірде қосылған адам не істейді?

0

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Жаназа намазына имам төртінші тәкбірді алмай жатып келген кісі ниет етіп, имам төртінші тәкбірді алғанша кідіреді. Имам төртінші тәкбірді алған заматта бұл да бірге іштей тәкбір келтіріп намазға қосылады. Имам екі жаққа сәлем бергеннен соң орындамаған үш тәкбірді өзінше айтып намазын аяқтайды. Тәкбірлер арасында дұға оқылмайды.

Ал имам жаназаның төртінші тәкбірін алғаннан кейін келген болса, Имам Ағзам Әбу Ханифа (р.а.) бойынша, үлгермегенге есептеледі. Сол себепті, келіп ұйымайды. Алайда, Имам Әбу Юсуф бойынша, ондай кезде де кешіккен кісі «Аллаһу әкбар» деп тәкбір алып, имамға ұйыды да, имам сәлем бергеннен кейін өзінше үш тәкбірді дұғасыз айтып, намазын аяқтайды. Ең дұрысы осы пәтуа делінген[1]. Онда да имам сәлем бермей жатып ұйып үлгеру керек. Имам сәлем беріп қойса ұйымайды.

Абдусамат Қасым