Қымыздың қасиеттері |
✅ Қымыздың құрамындағы «С» дәрумені сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп.
✅ Қымыздың құрамында жыныс гармондарына жақсы әсер ететін ферменттер бар. Бұл әйелдерді бедеуліктен, ерлерді белсіздіктен қорғайды. Қуаттандырады.
✅ Құрт ауруларының алдын алады, ауырған адамның қайта қалпына келуіне жақсы ықпал етеді.
✅ Саумал қымызды ем ретінде буын ауруларына ішсе тіпті пайдалы. Салданудың алдын алады.
✅ Жаңа босанған келіншектің сүтін молайтып, нәрлі етеді. Демек, емізулі балаға да пайдасы орасан.
✅ Ашыған қымыз шөлді басып, қантамырды қордаланған зиянды қалдықтардан тазартады. Іш қатудың алдын алады.
✅ Ашығудан кейін қымыз ішу буын ауруларына өте пайдалы.
✅ Адам денесінің күш-қуатын арттырады, бүйрек пен бауырды қанықтырады, қан тамырларын тазалайды.
✅ Буын аурулары мен сүйектің қақсауын, жүйкенің жұқаруын, бас айналуын, созылмалы сары ауру (гепатит), ұйқысыздық, ішектегі жара (гастрит) сияқты аурулардың алдын алады немесе жеңілдетеді.
✅ Қымыз адамның физикалық жағдайын оңалтып, тәбетін ашады, ас қорытуды жақсартады.
✅ Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды.
✅ Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады.
✅ Кез келген сүттегі ең бағалы зат — ақуыз. Бие сүтінде ол 1,8 — 2 % болады. Қымызда шамамен 1,3 — 2,0% май бар, бұл сиыр сүтіндегіден 2 есе кем.
Дереккөзі: «ПТ» топтамасынан
Дереккөз: http://reactor.inform.kz