Қазгидромет ҰҚК-ның кімді ұстағанын айтты — Қылмыс
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілдері бірнеше басшының ұсталғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасына сәйкес, күдіктілер ретінде «Қазгидрометтің» Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Р.И. Андрианов пен «Қазгидрометтің» бас директорының орынбасары Н.К.Сұлтанов ұсталды», — деп хабарлады кәсіпорын өкілдері.
«Қазгидрометтің» жүргізіліп жатқан тергеу шараларына қолдау көрсетіп, барлық материалды қолжетімді етіп жатқаны және жедел-тергеу шаралары жайлы мәлімет жарияламайтыны айтылады.
Еске салайық, осыған дейін ҰҚК «Қазгидромет» басшылығының ұсталғанын хабарлаған болатын. «Үстіміздегі жылдың 17 қаңтарында ҰҚК жүргізген шаралар нәтижесінде «Қазгидромет» РМК-ның бірқатар басшысы ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-тармағымен көзделген («Пара алу») қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды», — делінген еді ҰҚК хабарламасында.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz