Зат құрамының тұрақтылық заңы
Химиялық қосылыстар түзелгенде, атомдар санының арақатынасы тұрақты болады. Мысалы су молекуласының түзулуі үшін — бір оттегі және екі сутегі атомы қажет. Атомдардың бұл арақатынасы сақталады.
Сутегі мен оттегіден суды алу үшін, сутегіні оттегінде жандырады. Бұның химиялық реакциясы мынандай:
2H2 + O2 = 2H2O
Бір оттегі атомына екі сутегі атомы сәйкес келеді, егер сутегі не оттегі атомдары бұл арақатынастан көп болса, артығы реакцияға түспейді, бастапқы күйінде қалады.
Зат құрамының тұрақтылық заңы дегеніміз осы:
Күрделі заттың құрамы, алыну тәсіліне байланыссыз тұрақты болады.
Бұл заңды көрнекті француз ғалымы Ж. Пруст ашты.
Бірақ кейбір заттар бұл заңға бағынбайды.
Пән: Химия