Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны
Автор: Косанова Самал Рахатовна
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Эссе, шығарма, мазмұндама Сыныбы: 1 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-23
Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріме қажет деп ойлаймын
Ипатурова Нұрсұлу Эссе. Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны
Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар- біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені баршамызға мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға.Қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, әлемдік деңгейге көтерілуге бет бұруы кезеңіндегі ұлттық мәдени- тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген азаматтарға қоғам сұранысының өсуі білім жетістіктерін өркениетті білім деңгейіне көтеру қажеттігін алға тартады. Қазақстан Республикасының Қазақстан халқының ілгері дамуын, қамтамасыз ететін сала-білім саласы болып отыр. Сол оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырушылықпен жүргізуде-мұғалім басты тұлға болып көрсетіледі. Егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім.Осындай талапқа сай қызмет істеу үшін алдымен мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз ізденуі, өз мамандығын барыншы жетілдіру және қызмет саласындағы жаңалықтар мен озық тәжірибесін үнемі пайдалануы тиіс. Үздіксіз іздену-бүгінде мұғалімдерге қойылып отырған басты талаптардың бірі.Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан — жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді Жаңа білім беретін мектеп ұстаздарының алдындағы ең биік меже — әр пәннің өз мазмұнынан туындайтын сан алуан әмбебап тәсілдерді рет-ретімен жүйелеп шәкіртінің санасына ұмытылмастай етіп сіңдіру. Сонымен қатар жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану мұғалімге оқу процесінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны есепке ала отырып дамытуға толық жағдай жасауға мүмкіндік береді. Ел боламын десен, бесігіңді түзе,-дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек. Сол жан-жақты білімді, ұлтшыл, шығармашыл жастарды тәрбиелеу мұғалімдердің яғни біздің қолымызда. Сол себепті білім саласына енгізіліп отырған жаңалықтардан қалт қалмай, ілгері жылжуымыз қажет, ол тың еңбекті, терең білімді қажет етеді.>
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.