Бейтараптану реакциясы
Тұз қышқылы (HCl) мен натрий гидроксидің (NaOH) араластырайық:
NaOH + HCl = NaCl + H2O
Реакцияның сол жағында қышқыл мен сілті тұр (натрий гидроксиді негіз, негіздердің ішінде сілтілік негіз), ал реакцияның оң жағында кәдімгі ас тұзы мен су тұр. Реакцияға дейін қышқыл мен негіз болған заттар, реакциядан кейін бейтарап заттарға айналған. Пайда болған заттарда қышқылдық және негіздік қасиет жоқ, бұны индикаторлардың көмегімен тексере аласыз.
Қышқыл мен негіздің реакцияласуы нәтижесінде су мен тұз түзілсе, бұндай реакция бейтараптану реакциясы деп аталады.
Бейтараптану реакциясының жалпы сұзбанұсқасы мынандай:
Қышқыл + Негіз = Тұз + Су
Бейтараптану реакциясы сілтілер мен суда ерімейтің негіздерге тән.
Пән: Химия