«Ауызша көбейту және бөлу»

0
Тақырып: Шағын архитектуралық құрылыстар: демалатын орындар мен көпірлер. Ауызша көбейту мен бөлу тәсілдері Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Оқу мақсаттары 3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану Күтілетін нәтиже Барлық оқушылар үшін: 32∙2, 320∙2, 32∙20 түріндегі есептеуді орындау Бірқатар оқушылар үшін: 32∙2, 320∙2, 32∙20 түріндегі есептеу тәсілдерін қалай орындау керектігін түсіндіру Кейбір оқушылар үшін100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану Тілдік мақсаттар Оқушылар:32∙2, 320∙2, 32∙20 түріндегі есептеу тәсілдерін қалай орындау керектігін түсіндіру.Пәндік лексика және терминология:Есептеу тәсілдері, амалдар қасиеті Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.Талқылау: Есептеуді қалай орындауға болады?Қандай тәсілдер қолданылады? Жазу: Өрнектерді жазу. Тірек білім, білік, дағдылар Көбейту және бөлу кестесі.10 мен 100-ге, толық ондықтарға көбейту және бөлу, көбейтудің терімділік қасиеті. Жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

0–3

Ынталандыру.Мұғалім биік ғимараттардан бөлек, елдімекендерді безендіру үшін шағын архитектуралық құрылыстар: көпірлер, гүлзарлар мен көгалдар да қолданылатыны туралы әңгімелейді.

4–6

Өзектендіру. 1. №1 тапсырманы орындаутоп ішінде ауызша орындау.2. Қосындыны санға бөлу ережесін пайдалана отырып,есепте:36 : 3         28 : 2          84 : 4        55 : 5         99 : 9Есептегеніңді түсіндір.

Тапсырмалар жазылған қима қағаздар

7–11

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)Бүгін біз өз білімімізді нақтылаймыз, әрқайсыңызда туындаған қандай да бір қиындықты тауып, оны түзейміз.

12–29

Өзіндік жұмысОқушылар 2 мен 3-ші тапсырманы орындау нәтижесін эталонмен салыстырадыҚиындықтарды түзетуМұғалім тапсырманың орындалу барысының дұрыстығын тексереді.– Кімде қиындық туындады?– Сіз қай жерде қате жібердіңіз? – Қате кетудің себебі неде? – Егер өзіндік жұмыста ешқандай қиындық туындамаса, өз амалыңыздың мақсатын құрастырыңыз. (Қосымша тапсырма орындау).– Қиындық туындаған балалардың әрі қарайғы мақсаты андай? (Қатені түзету).– Қателерді түзеу алгоритмін қолданамыз.– Әркім өз оқу мақсатын айтады.Мұғалім бағалау критерийлері бар тапсырманы орындауды ұсынады.Мен:

  • Қосындыны санға көбейту мен бөлу ережесін қолдануды;
  • Қосындыны санға көбейту мен бөлу ережесіне негізделіп, санды біртаңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмін қолдануды білемін.
  • Дәптер, оқулық

    30–40

    Бұрынғы өтілген материалды қайталауБаланың ой-өрісінің даму деңгейі бойынша мұғалім жеке-жеке тапсырма береді. Дәптер, оқулық 41–45 Рефлексия. Сабақтың басында алдымызға қандай мақсат қойдық?Осы мақсаттарға жете алдық па?Сіздерде қиындық туындаған ба еді?Сіз оларды өте алдыңыз ба?Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен бағалауды ұсынады. Жетістік сызғышы