Неге қазақ футболының деңгейі жұмсалған қаражатқа сай емес?
Prosports.kz порталы өткен жартыжылдықта қазақстандық Премьер-лига клубтарының бюджетін зерттеді.
Қаражат бөлінісі: қайда, қалай, қашан?
Жоғары лиганың кейбір клуб басшылықтары өздерінің қаржылық деректерімен бөліскісі келмеді. Бұл ақша бар жерден табылатын «Жемқорлыққа» спорт саласы да белшесінен батты деген сөз.
2015 жылы ҚФФ бұрынғы президенті Ерлан Қожағапанов федерацияның бюджеті ашық болатынын айтқан болатын, сонымен қатар Премьер-лиганың барлық клубтары басшылығына қаржысын ашық түрде жариялауды ұсынды. Бірінші уәдесі орындалды – федерацияның 2009 жылдан бергі қаржылық деректері порталында тұр. Алайда, клубтар ҚФФ президентінің сөзін құлаққа да ілмеді.
Бұрын тек кіріс пен шығысты қарастырған болсақ, енді мемлекет қаржысының қайда жұмсалып жатқанын бүге-шігесіне дейін қарастырмақпыз.
Мысалға алып қарасақ, қарағандылық «Шахтер» 2017 жылы 244 миллион теңгені іс-сапарлық шығындар мен қонақ үйлерге жұмсаған.
Қазақстан Премьер-лигасының, ҚР Кубогы және маусым алдындағы жиын шеңберінде өткізілетін ойындарды есепке ала отырып есептесек, қарағандылықтар өз алаңынан тыс жерде 20 рет кездесу өткізген. Яғни, клубқа ойыншылардың барынша жайлылығын қамтамасыз ету үшін шамамен 12 миллион теңге қажет. «Кеншілердің» материалдық шығындары (спорттық құрал-жабдықтар, киім және т.б) 49 млн теңгені құрайды деп есептесек, клуб басшылығына қалған соманы қайда жұмсағанын неге айтпасқа?!
«Ақжайыққа» келсек, 2017 жылы жол сапар шығындарына 95 миллион теңге кеткен. Тұратын жері үшін – 64 миллион, тамаққа – 32 миллион теңге, спорттық құрал-жабдықтар, киім және т.б — 85 миллион теңге жұмсалды. Ал Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына басшылыққа 118 млн сомаға түскен. Жалпы, оралдық клубтың жасыратын түгі жоқ.
Шымкенттік «Ордабасы» , 2017 жылы іс-сапарлық шығындардың өзіне 418 миллион, екі легионердің қосымша ақысына 70 миллион жұмсаған. Жалға алыған жаттығу залы мен спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі 60 миллионды құрайды. 2017 жылы «Ордабасы» жалпы есеппен бюджеттің 5,8 миллиард теңгесін құртқан екен.
«Тобыл» жылы іс-сапарлық шығындар 140 миллион теңгеге түскен. 2017 жылы қостанайлық клуб жалпы есеппен бюджеттен 4,2 миллиард және несие түрінде тағы 180 млн теңге алған. Клуб делдалдар мен агенттерге 124 миллионнан астам теңге жұмсаған.
«Ақтөбе» футбол клубы 2017 жылы басқа жылдармен салыстырғанда аз шығындалған – 2,9 миллиард. Спорттық киімге 87 млн, пойыз және ұшақ билеттеріне 153 млн, тамаққа – 68 млн тенге көлемінде шығындалған.
«Атыраудың» іс-сапарлық шығынға 263 млн теңге жұмсап, басқа клубтардан әлдеқайда асып түскен. Команда тамақтануға 38 млн көлемінде қаражат кетірген. Клуб қаржылық есептіліктің түсіндірме жазбасына сәйкес, 2017 жылы пайда 116 млн теңгені құраған екен.
Қызылордалық «Қайсар» 2017 жылы жалпы есеппен 2 миллиард теңге жұмсаған. Бұл көрсеткіш «Қайрат» және «Астана» секілді ТОП-клубтармен салыстырсақ, 12 есе аз шығын екен. Іс-сапарға 118 млн, оқу-жаттығу жиынына– 99 млн, спорттық құрал-жабдықтарға – 90 млн жұмсаған. 2017-18 жылы дайындық топтарына клуб 47 миллионын құртқан. Медициналық қызметтер үшін 6 миллион теңге бюджеттен кеткен. «Қасқырлар» басшылығы Премьер-лига клубтарының арасындағы ең түсінікті қаржылық есептілікті ұсынып отыр.
«Ережеге бағынбайтын» клубтар
ҚПЛ клубтары арасында «Ережеге бағынбайтын» клубтар — «Қызыл-Жар», «Ертіс», «Жетісу», «Астана» және «Қайрат». Аталмыш топтар қаржыны қайда жұмсап жатқанын айтқысы келмейді. 6 ай көлемінде Prosports.kz порталы жоғары лиганың клуб басшылықтарына кіріс-шығысы туралы ақпаратты сұрап, өтініш жазған болатын. Алайда, кейбір клубтар коммерциялық құпия деп алға тартса, кейбіреулері мүлдем жауап та бермеді.
«Қайрат» клубына келер болсақ, басшылық қаржылық деректерді айтпауға толық қақысы бар. Алайда, басқа ҚПЛ клубтары жергілікті бюджетпен қамтамасыз етіледі десек, ауадан ақша, жанға жайлы жағдай жасаудың қамымен жемқорлыққа жол беретіндер көп екенін ескеруіміз қажет.
УЕФА ақпарына сай, 2010- 2016 жыл аралығында ҚПЛ клубтары 42 миллиард теңге кіріс келген екен. Оның 81%-ы — мемлекеттік бюджет арқылы. Қалғаны – демушілік көмек, УЕФА-ның төлемдері. Мұндай антитопта Қазақстан футбол лигасы тек Сан-Маринодан (82%-ы — мемлекеттік бюджет арқылы) ғана оза алады екен.
Қазақстандық футболға теледидарлық құқық ешқандай да пайда әкелмеді десе де болады. Тіпті, Аршавиннің өзі де көмектесе де алмады. Еуропалық турнирлерге келсек, тек «Астана» ғана таң қалдыра алды.
Осы жарты жылда біз әлеуметтік желілердегі футбол жанкүйерлеріне ҚПЛ клубтарының бюджеттері туралы материалдар сериясын ұсынған болатынбыз. Әлбетте, көпшілік жанкүйерлер риза емес: мемлекет тарапынан жыл сайын футбол саласына миллиардтаған ақша бөлінеді. Соның барлығы құмға сіңіп жатқандай дейді.
Аймақтық әкімдіктер қаржыландыру туралы көзқарасын түбегейлі өзгертіп, командаларды «алтын монетаға» көміп қоймай, көрсетіп жатқан ойын деңгейіне сай бюджет бөлсе екен…