Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазгидромет басшылығын ұстады

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

452 0 0

«Қазгидромет» РМК лауазымды тұлғалары пара алды деген күдікке ілінді

АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. Мемлекеттік метеоқызмет  — «Қазгидромет» РМК бірқатар лауазымды қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті. 

Қызметкерлер 17 қаңтарда ҚР ҚК 366-бабы 4-тармағында көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталған. Яғни, лауазымды тұлғалар аса ірі көлемде пара алған. 

«Қазіргі кезде жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды» – деп жазылған комитеттің хабарламасында.

Қазгидромет басшылығы ұсталды

 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/