Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3А Сақтар |
Мектеп: |
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
Сынып: 5 |
Қатысқандар саны:Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы |
Сақтар туралы тарихи мәліметтер |
Сабақтың түрі |
Жаңа білімді игеру сабағы |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.3.2.1 сақ тайпаларының халықаралық аренадағы орнын анықтау
|
Бағалау критерийлері |
Сақ-парсы қатынасын анықтайды.-Томиристің ел қорғаудағы роліне сипаттама береді.-Сақтардың Тәуелсіздік үшін күресіне ой-пікірін білдіреді. |
Тілдік мақсаттар |
Пәнге қатысты лексика мен терминологияТайпа,тайпалық бірлестік, абыздар,жауынгерлер,егіншілер мен малшыларМемлекет,көсем,патша, әскери демократия, археология, оба, қорған,ескерткішат әбзелдері Жазылымға арналған тіркестер: Мемлекет,көсем,патша, әскери демократия, батырлық, жауынгерлік, патшайым, қорған, массагет |
Құндылықтарды дарыту |
Осы тақырыпты оқыта отыра оқушыларды елін, жерін, Отанын қорғауға, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыстар |
Дүние жүзі тарихы. Томиристің дүние жүзі тарихындағы ролін анықтайды |
АКТ қолдану дағдылары |
Сабақ кезінде оқушыларға тақырыпқа байланысты бейне ролик , презентация көрсету. |
Бастапқы білім |
Берел қорымынан табылған олжалар сақтардың мәдениетін қалай сипаттайды. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
Сабақтың басыҚызығушылықты ояту кезеңі 3-мин 3-мин |
Оқушылармен сәлемдесу «Шатасқан әріптер» Сабақ тақырыбын оқушылар осы әдіс арқылы анықтайды. Оқушылардың ойларын тыңдағаннан кейін сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары айтылады.Оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларға «патша», «патшайым» деген сөздер жазылған стикерлер таратылады. Оқушы таңдауы бойынша сәйкес топқа отырады. |
1-слайд
|
Сабақтың ортасы
10-мин
6-мин
10-мин
8-мин
5-мин
2 — сабақ
10-мин
5-мин
|
Топтарға тапсырмалар беріледі.Мәтін мен жұмыс жасайды1-топ. Патша : Кир патшаның сақтарға жорық жасаудағы басты мақсаты қандай? 2-топ. Патшайым: Сақ патшайымы Томириске Кирді жеңуі үшін қандай қолайсыз жағдай түрткі болды ?Әр топ бірін-бірі бағалайды. (Бас бармақ) Бейне ролик көрсету.Оқушылар бейнероликті көріп болғаннан кейін оқушылар жұптыққ жұмыс жасайды. Жұптық жұмыс: Диалог құру .(Мұғалім, оқушы.) Сөйлеу дағдысы.1- сұрақ. Кир туралы айтып беріңізші?2-сұрақ. Кир патшаның әскерінің ерекшелігі неде ?3-сұрақ. Кир патшаның сақ патшайымы Томириске қарсы жорығы неліктен сәтсіз аяқталды?4-сұрақ. Томирис әскері бұл ұрыста қалай жеңіске жетті? Әр жұпқа әр түрлі сұрақтар беріледі.Диалог жазуға пайдалы сөздер тізбегі:Мемлекет,көсем,патша, әскери демократия, батырлық, жауынгерлік, патшайым, қорған, массагет.Жұптарды қалған оқушылар бағалайды. Смайликтермен бағалайды. Сергіту сәті « таңда да таста» «Таңда да таста» стратегиясы қолданылады.Оқушылар қағазға бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты сөздерді жазып, умаждап бір-біріне лақтырып ойнайды.Содан кейін бір қағазды таңдап алып ішіндегі сөзді оқиды.Сол сөз бүгінгі сабақтың тақырыбына сәйкес келетіндігін анықтайды, мағынасы ашады. «Диктоглосс әдісі»М Оқушыларға бейнематериал ұсынып, төмендегі сұрақтарды қойыңыз.
Бейнематериалдағы негізгі кейіпкерлерді атаңыз.
Қандай оқиға желісі баяндалған?
Сақ патшайымы Томиристің Кирге берген жауабын түсіндіріңіз.
Бейнематериалда қандай маңызды идея қарастырылған? Мағынаны тану кезеңі «Тарихи тұлға» 1-қадам Суретті пайдалана отырып, Томиристің ел қорғаушы ретіндегі ролін тізбектеп жазыңыздар.2-қадам Томирис сөзінен басталатын 4 сипаттама сөйлем құрастырыңдар.
«Сен маған, мен саған» әдісі арқылы оқушылар өз пікірлерін ортаға салады.
|
2-слайд
https://www.youtube.com/watch?v=2kmPE0sz-gc0:58-07-12
3-слайд
4-слайд
https://www.youtube.com/watch?v=DML1MwqeH0E 5- слайд
6-слайдhttps://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D2%B1%D0%BC%D0%B0%D1%80_%D1%85%D0%B0%D0%BD%D1%88%D0%B0
7- слайд
|
Сабақтың соңыҚорытындылау кезеңі 15-мин
10-мин
5-мин
|
Жұптық жұмыс. Венн диаграммасы арқылы Кир патшамен Томирис ханшайымға сиппатама беру, ортақ қасиеттерін анықтау.
Кері байланыс: «Сұрақ қорытынды» стратегиясы
1Бүгінгі сабақтағы басты оқиға?2Не қызықты болды?3Бүгінгі сабақтан не үйрендіңіздер, қандай жаңалық алдыңыздар?(1-сұраққа бірнеше оқушы жауап бере алады) Мұғалім оқушыларды бағалайды.
|
8-слайд
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Тілдік қабілеті жоғары оқушылар тілдік қабілеті төмен оқушылармен араластырылып отырғызылады.Қабілеті жоғары оқушылар ой қорытынды жасайды, тапсырмалар бойынша 3-тен артық дәлелдер келтіре алады |
Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың материалды меңгеруі қандай деңгейде екенін анықтау үшін бағалау критерийіне сәйкес топтар өзара бір-бірін бағалайды, мұғалім оқушыларды өзі бағалайды, оқушылар өзін-өзі бағалайды. |
Компьютерді, ноутбуктерді тек тапсырма кезінде аз уақыт жұмыс жасап өшіру, интерактивті тақтаны қажет емес уақытта сөндіріп қою. |
Сабақ бойынша рефлексия |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Оқу мақсаттары дұрыс құрылған. Барлық оқушылар бүгінгі сабақта белсене араласып өз мақсаттарына жетті. Сабақ уақыттар берілген минут кестелеріне байланысты нақты сақталды. Сабақ кезінде сабақ жоспарынан еш ауытқулар болмады. |