Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту жолдары
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту жолдары
Бағыты: Балабақша Бөлімі: Барлық материалдар Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
«Кірпі» жаттығуыМомақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).Кіріп кетсе қолыңа,Өкпелеме жарайма!«Достық» жаттығуыБіздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос ( қолдың саусақтары өзара бірігеді)Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз ( екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу)Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)Қайтадан санауды бастаймыз.Бір, екі, үш, төрт, бесЕнді санауды аяқтадық ( қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).
Разминка:Санайық жаңашаБір, екі, үш!Желбіре жалауша,Достықта біздің күш.Оң қолымда бес саусақ,Сол қолымда бес саусақ.Оларды атап шақырар,Әрқайсысының аты бар.Бас бармақ,Балаң үйрек,Ортан терек,Шылдыр шүмек,Кішкене бөбек.
«Қимылды қайтала» жаттығуыМақсаты : қолдың, саусақтың қимылдарының үйлесімділігін дамыту.Жаттығу барысы :Жүргізуші балаларға қарама-қарсы отырып, саусақтарымен кез-келген «фигураны» көрсетеді. ( кейбір саусақтар бүгулі, ал кейбіреуі түзу, әртүрлі қимылдар). Балалар сол қимылды тура солай қайталау керек.
Қолдың саусақтарын дамытуға арналған жаттығу.Мақсаты : қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту.А) Алақанды үстелдің үстіне қоямыз. Балалар бірінші оң, содан кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды кері жасап, қайталайды.Б) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді.В) Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе қарындашты ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді., бұл жерде қаламды үлкен саусақтан төмен түсіп кетпеуін қадағалау керек.Г) Үстелдің үстінде 10-15 қарындаш немесе есептік таяқшалар жатыр. Оларды бір-бірден алып қолға жинау керек. Содан кейін тура солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.
«Фигураларды құрастыр» жаттығуы.Мақсаты : қол қимылдарының икемділігін, дәлдігін, көз мөлшерін дамыту.Жаттығу барысы: жүргізуші балаларға есептік таяқшаларды таратып береді. Балалар солардан геометриялық фигураларды жасап шығару керек.Төмендегідей тапсырмалар беріледі:
- Төрт таяқшадан шаршы құрастыру;
- Үш таяқшадан үшбұрыш құрастыру;
- Жалауша құрастыру;
- Жұлдызша құрастыру;
«Санамақ» ойыны.
Мақсаты : кіші моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту.Бір, екі, үш, төрт, бес, Анаммен сурет саламын , ( алақанды жұмып ашады)Міне басы, міне іші ( қолды шеңбер жасап айналдырады)Аяқтары, қолдары, көздері ( қолымен кішкентай және үлкен шеңбер салу)Аузы, сақинадан жасалған ( ауада сақинаны салу)Әдемі шашы да бар ( қолдарын екі жаққа ашады)
Оң қолымда бес саусақ (оң қолының саусақтарын көрсету)Сол қолымда бес саусақ (сол қолдың саусақтарын көрсету)Бәрін қоссақ – он саусақ (екі қолының саусақтарын қосу)Оң аяқпен секіремін (екі аяқпен кезек секіру)Сол аяқпен секіремін (орында жүру)
Саусақ жаттығулары
- Шынжыр. Оң және сол қолдағы басбармақпен баланүйрек саусақтары түйісіп, жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.
- Піл : оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек саусақ пен шылдыр шүмек саусақ алдыңғы аяқтар, ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.
- Доп: алақандар бір-бірімен жабысады. ( доп пішінін жасайды).
- Гүл : қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады. Саусақтар ашылады. Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады.
Саусақтар шынжыр болады,Үзілмейді тартсаң да,Ал, піл келіп шынжырды, Үзіп кетті басқанда.Тұмсығымен доп іздеп,Ойнағысы келіп тұр.Достық үшін пілге мен,Гүл сыйлағым келіп тұр.
Саусақтар жүреді :Екі саусақпен 5-ке дейінгі тура және кері санап, алға-артқа жүру.
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.