Палестинаға 3 млн турист келген

0

Астана. 23 қаңтар. KAZISLAM – 2018 жылы Палестина территориясына 3 миллионнан аса турист келген. Бұл туралы Палестина автономиясы статистика бюросында Палестина әкімшілігінің Туризм және көне мұралар министрі Рула Маи мәлімдеді, деп жазады Islam-today.

Министрдің айтуынша, 2019 жылы туристердің қатары бұдан да арта түседі. Осы көрсеткішке жету үшін лайықты инвестициялық жағдай қалыптастыру қажет етіледі. Еске салсақ, өткен жылдың соңында Израиль елге 4 миллион турис келіп, рекордтық деңгейге жеткенін мәлімдеген еді. Израильге келген шетелдіктердің 61%-ы христиан дінін ұстанушылар. Израиль билігі 4 млн туристердің бөлігі Палестина территориясын аралаған болуы мүмкін деп санайды. Мысал ретінде Палестинаға кіретін Вифлеем қалашығындағы шіркеуін алға тартады. Бұдан бөлек Палестина жариялаған статистикада «басып алынған Иерусалимге» келген туристер де есепке алынған.








Дереккөз: http://kazislam.kz/