«Самұрық-Қазына» соңғы 3 жылда 300-ден аса компанияны жауып тастаған

0
«Самұрық-Қазына» соңғы 3 жылда 300-ден аса компанияны жауып тастаған


«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ өз компанияларының санын екі есеге қысқартты. 

Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Be-A-Pro» кәсіпқой жас мамандардың екінші конференциясында қордың трансформациялау, жекешелендіру және құрылымдау бойынша басқарушы директоры Нұрлан Рахметов айтты.

«Үш жыл бұрын ғана құрылымда 9 деңгейдегі 600 компания бар еді. 2009 жылдың өзінде біз экономика және жоспарлау департаментіндегі әріптестерімізбен бірге басшылыққа: деңгейлердің санын үш есеге, яғни қор, салалық субхолдингтер және өндірістік компаниялар ретінде қысқартуды ұсынған болатынбыз. Алайда бұл ұсынымымыз ол кезде қолдау таппады. Тек 2014 жылы бізде транформация басталған кезде бұл идея қайта жанданып,  дайындалған негізбен бәрі ретіне келе жатыр. Бүгінгі күннің өзінде компаниялардың санын екі есеге қысқартып, жуық арада осыдан он жыл бұрын ұсынғандай, үш деңгейге жететін боламыз», — деді Нұрлан Рахметов АХҚО Бюросы ұйымдастырған конференцияда.

Еске сала кетсек, осы жылдың сәуір айында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов қордың жаңа кадрлық саясатымен таныстырған болатын. Оның айтуынша, басқарушы деңгейдегі қызметкерлердің саны қысқартылып, шағын әрі тиімді басқару құрылымы бекітілген.

Дереккөз: inform.kz