оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін еді
Абырой болғанда сол маңдағы адамдар сәби дер кезінде құтқарып қалды.
Қытайдың Уси қаласындағы сауда орталықтарының бірінде тоғыз айлық сәби эскалатордан құлап кетті. Бұл туралы sputniknews.kz «Россия-24» арнасы сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға сауда орталығындағы бақылау камерасына түсіп қалған.
Оқиға сауда орталығындағы бақылау камерасына түсіп қалыпты. Видеода «ходунокпен» жүрген бөбек анасы тауар қарап жатқанда дүкеннен шығып, эскалаторға қарай беттейді.
Бір уақытта сәби автоматты баспалдаққа қадам басып, құлап кеткен. Абырой болғанда, сол сәтте эскалатормен 22 жастағы жігіт шығып келе жатып, баланы ұстап үлгереді.
Тоғыз айлық сәби құласа, ауыр жарақат алуы мүмкін еді. Жергілікті құқық қорғау органдары бөбектің анасымен тәрбиелік жұмыс жүргізді.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/