жуан және жіңішке дауысты дыбыстар, намыс туралы

0
Сабақтың тақырыбы: Намыс. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.
Сілтеме: Ана тілі оқулығы; «Ана тілі» әдістемесі; Нұсқаулық.
Сабақтың мақсаты: Жаңа әдіс — тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың ана тілі пәні бойынша оқу мен жазу дағдыларын жетілдіру. Мәтінді түсініп оқу, дауысты дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуын түсіндіру, жаттығулар орындату.
Оқыту нәтижелері: Бір — бірімен әңгімелесу, пікірлесу арқылы топтық жұмыс жасауға дағдыланады. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы еркін сөйлеу, өз ойын ашық жеткізу қабілеттері артады.
Сабақтың кезеңдері Мұғалім әрекеті Уақыты Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі: А) Сәлемдесу
Б) Назарларын сабаққа аудару.
Психологиялық сәт
Ойға толып санамыз,
Бестік болып бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.
Ә) Оқушыларды топқа бөлу.
— Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ, себебі қонақтар келіп отыр, қонақтармен бірге өзіміз білетін Мақта қыз бізден тағы да көмек сұрап келіп отыр екен. Көмек беруге дайынбыз ба, балалар?
— Олай болса, балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
— Қыста күн қандай болады?
— Бүгінгі қыстың ауа райы қалай болып тұр?
— Мақта қыздың әжесінің үйі орманда екен, соған жеткізіп салуымызды өтініп келіпті. Қалай көмектесе аламыз ба?
— Мақта қыздың әжесіне пісіріп алған ыстық бауырсақтары бар екен. Қыс суық, орман ішінде тиін, қоян, түлкі, қасқырлар жүр. Олар жейтін ас жоқ, әжесіне апара жатқан бауырсағын жеп қояма деп қорқады.? Егер де біз көп болып шықсақ олар бізге тиісе алмайды. Ендеше жолға шығайық. 2мин Оқушылар топқа бөлінеді.
Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді:
— Ия.
— Қыс.
— Суық, боран, аяз.
— Суық.

Тиіннің тапсырмасы Өткен сабақта үйренген М. Әлімбаев атамыздың «Қыс» өлеңін айтып беріңдер. Сөз неден құралады? Дыбыс жазуда немен таңбаланады? Дыбыс және әріп дегеніміз не? (сурет арқылы ережені еске түсіру) 3мин Оқушылар тақпақты жатқа айтады. Дыбыс және әріп ережесін еске түсіреді.
— Сөз дыбыстан құралады. Дыбыстар жазуда әріппен таңбаланады. Дыбыстарды айтамыз, естиміз. Әріптерді көреміз, жазамыз.
Жаңа сабақ
Қоянның тапсырмасы: (Ауызша тапсырмалар орындату.
Ерте, ерте ертеде,
Ешкі жүні бөртеде.
Таулы биік өлкеде
Мөлдір бұлақты,
Шапағы нұрлы шуақты
Дүниенің бір ғажап өлкесінде
Сиқырлы гүл болыпты, бұл гүлдің сиқырлығы сол, оның ішінде не жазылғанын, неше фигура барын ешкім таба алмапты. Сол гүл бізге де жеткен сияқты.:
Қане, болашақ академик, ғалымдар.
Дәл бүгінгі бізге жеткен дарындар
Қараңдар сиқырлы гүл алаңға
Ел таппас, қол жетпес гүл алаңға
— Қане, кім айтады неше үшбұрыш барын және қандай сөз жазылыпты?
Ребус шешу.
«Нар», «мысық»суреттері арқылы жұмбақты жасыру. 10мин Оқушылар үшбұрыштың бесеу және намыс деген сөз жазылғанын айтуы тиіс). «Намыс» сөзін шығару арқылы, жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
Мәтін бойынша жұмыс: Кіріспе. Тақырыпты ашу. Автор жөнінде қысқаша мәлімет беру.
Е. Өтетілеұлы 1938 ж Ақмола қаласында 1 қаңтарда дүниеге келген. Ол Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін орыс тілі мен әдебиет бөлімін бітірген. «Жазушы», «жалын», «Бадырған» баспаларында қызмет істеген. Ақынның әңгіме, өлеңдері орыс, болгар, украин, грузин, армян, татар тілдеріне аударылған. Біраз өлеңдері балаларға арналған басылымдарға, қазақ мектептерінің оқулықтарына енген.
1. Мұғалім мәнерлеп оқиды.
2. Мәтін мазмұнына қарай сұрақтар беру.
— Әңгімеде жылдың қай мезгілі суреттелген?
— Әңгіме не жайында, кім туралы?
— Әңгімедегі Кәрім қандай бала, ол не істеді?
— Өздерің қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?
— Әңгіме неліктен «Намыс» деп аталған?
— намыс туралы қандай мақал — мәтелдер білесіңдер?
— Балалар, бізде бастауыш сыныптар он күндігі аясында «Ерлікке тағзым — ұрпаққа өнеге» тақырыбында түрлі ашық сабақтар, тәрбие сағаттар өтіп жатыр.
— Ұлы жеңіске неше жыл, балалар? Сол сұрапыл соғыста біздің намысшыл ата апаларымыз шайқасып, ұлы жеңісті бізге сыйлады. Қане ендігі кезекті өлең тақпақтарға берейік.
10мин Оқушылар тізбектей оқиды.
Мұғалімнің мәтінге қатысты берілген сұрақтарына жауап береді.

Тапсырма: Дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауысты және дауыссыз дыбыстарды атаңдар?
— Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? 5мин — Дыбыстар екіге бөлінеді.
— Дауысты және дауыссыз болып.
— Дауысты дыбыстар: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы,і, э, е, и, (у), ю, я.
— Дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й,, к,қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у).
— Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді: жуан және жіңішке.
Жазу№1ана тілі дәптерімен жұмыс.

Қасқырдың тапсырмасы: 1 — деңгейлік тапсырма.

2 — деңгейлік тапсырма. 24 — жаттығу.(топтық жұмыс)

— Балалар, мен сендердің жазу мәнерлерің мен сауаттарыңды көргім келеді. Жазу тапсырмасын «Алтын сандықшаға» салып қойдым, соны ашып орындаңдар.

Суреттегі заттардың атауларын жаз. Сөздердегі дауысты дыбыстар жуан ба, жіңішке ме? Сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
1 — топ шана сөзіне, 2 — топ аққала сөзіне, 3 — топ шаңғы сөзіне, 4 — топ шырша сөзіне сөйлем құрау.
10мин Оқушылар сандықшада берілген сөздерді қосымша дәптерлеріне көшіреді.
Намыс — ар, абырой.
Тымақ — аң терісінен тігілген қысқы бас киім.
Саптама — қонышы ұзын етік.

Постермен жұмыс.
Оқушылар берілген суреттерге сөйлем құрап дауысты дыбыстарды ажыратады.
3 — деңгейлік тапсырма. Жұмбақты оқы, шешуін тап.
(ауызша) Шеңбер жасап өседі,
Желмен бірге көшеді.
(қаңбақ)

Қорытындылау
Түлкінің тапсырмасы. Балалар сонымен бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?- Мәтіндегі Кәрім сендерге ұнады ма?
— Мәтіндегі Кәрім сендерге ұнады ма?
— Кәрім қандай бала екен?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
— Дауыстылар қандай түрге бөлінеді?
5мин

Намысыңды нанға сатпа.
Қоянды қамыс өлтіреді, Ер жігітті намыс өлтіреді.

Дереккөз: http://bilimsite.kz/