Қасым хан
Қазақтын әйгілі көсемі Қасым хан 1511-1521 жылдары билік құрған. Бұл заманда Қазақ хандығы мен бұрынғы әмір Темір тағын иеленген Шайбаниліктер арасында соғыстар жиі болған.
Осы, өзбек пен қазақ арасында болған соғыстардың негізгі себебі Шайбани ханның және оның мұрагерлерінің өзге елдерді бағындыру саясаты еді.
Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен әз-Жәнібек хандарынан бастап Тәуекель ханға дейін болған жойқын соғыстар, қазақтар мен шайбанидтіктердің арасында болды. Бұл соғыстар Сыр бойындағы қалаларда және қалалар маңайында болған. Сыр бойындағы қалалар (Түркістан, Сауран, Отырар, Сығнақ, Сайрам сияқты қалалар), біресе қазақтарға, біресе өзбектерге ауысып тұрған.
Қазақтын дана ханы әз-Жәнібек көз жұмғаннан кейін, таққа Керей ханның баласы Бұрындық (кей деректерде Мұрындық хан) хан отырды. Ал Қасым сұлтан әскер басы болды. Шайбаниліктермен күресте әскерін тәжірибелі басқарып, халық арасында бұл сұлтанның беделі артты. Әсіресе 1510 жылы Шайбани ханның әскерін Ұлытауда талқандағаннан кейін.
Шайбани хан болса, осы соққыдан тым әлсіреп, ирандық Исмайл шахтың қолынан қаза тапты. ирандықтарға бәлендей қарсылық бере алмайтындай халге жетті, бұған дейін ирандықтарды шайбанилер жеңіп тұрды.
1511 жылы Қасым ханды қазақтын ханы етіп сайлады. Осы уақытта қазақтар мейлінше күшейді, қазақ хандығының халқы 1 миллионға жетті, ал әскербасы 300 мың болды. Қасым хан қазақ жерлерін бір хандыққа біріктіру саясатын жалғастырды.
Ноғайлы елін Қазақ хандығына қосу
Қасым хан 1517-1521 жылдары, ыдырап жатқан Ноғай хандығының бір бөлігін Қазақ хандығының құрамына еңгізеді, ноғайлар бұл заманда Қара теңіз бен Жайық өзені арасында көшіп жүрген.
Қасым хан ноғайлардың шығыстағы Еділ мен Жайық өзендері аралығында көшіп жүргендерін өз хандығына қосты.
Бұл істі, Қасым ханның баласы Хақназар хан жалғастырады.
Пән: Тарих