Ғұндар, Ғұн мемлекеті, шанью Модэ, Еділ патша
Ғұн елі сонау көне замандардан беделді ел еді. Бұл ел Азия мен Еуропа тарихында маңызды орын алады.
Ғұндар жайлы алғашқы жазба мәліметтерді көне қытай тарихшылары қалдырған. Себебі осы елдің пайда болған жері қытай жерімен шектесетің еді, әрі бұл батыр ел қытай мемлекеттеріне қысым көрсетіп тұрған.
Шанью Модэ
Біздің заманымызға дейінгі 209 жылы Модэ таққа отырды. Ғұн мемлекеті сол заманда қазіргі Монғолия жерінде болған, ел билейшілерінің атағы — шанью еді. Модэ шанью ел тізгінің өз қолына алғаннан кейін мемлекеттің әскери күшін нығайтып, көрші тайпаларды бағындыра бастап, қуатты Ғұн мемлекетің құрды.
Модэ шанью шығысындағы дунхуларды және батысындағы юэчилерді жеңді. Юэчилер батысқа көшті.
Қытай жерінде сол заманда Хань патшалығы билік құрған, осы патшалық ғұндардың біраз жерлерің өздеріне бағындырған. Модэ шанью болмаған кезенде. Модэ күш жинап қытай патшаларына қарсы соғыс ашты. Соғыста жеңіп қытайдан талай сый-сыйпат алып тұрды, қытай императорлары Модені құрметтеп оған бағалы жібек пен алтынды үйіп салды.
Модэден кейін таққа оның ұлы Лаошань отырды. Лаошань әкесінің жолын жалғастырды, мемлекетті күшейте берді.
Біздің заманымызға дейінгі 51 жылы қуатты Ғұн мемлекеті екі бөлікке ыдырады — батыс және шығыс бөлікке. Батыс ғұн билеушісі қанлылармен одақтасты, ал шығыстағы ғұндар қытай императорларына тәуелді боп қалды. Ыдыраудан кейін ғұндарға өзге ұлттар шабуылдай бастады. Әсіресе сяньби елінің соққысы ауыр тиді.
Еуропадағы ғұндар, Атилла немесе Еділ патша
Ғұндардың біраз бөлігі батысқа қоныстанды, жергілікті халықтармен араласып, Еділ мен Қара теңіз жағалауларында мекендеді. Сақтармен, сарматтармен араласып, бірігіп күшті тайпалық одақты құрды.
Тарихқа Еділ патша (біздің эрамыздың 434-453 жылдары билік құрды) әйгілі болды. Еділ патшаның тағы бір аты Атилла. Бұл Еуропада қолданылатын есім.
Еділ патша Рим империясын бірнеше рет талқандады, бұл соққыдан Рим империясының күні сөнді. Рим империясы қайта гүлдене алмады.
Еділ патша қайтыс болғаннан кейін ғұндардың біраз бөлігі шығысқа қайта көшті, себебі көршілес угорлар ғұндарға соғыс ашты. Осылай ғұн мемлекеттерінің заманы өтті.
Қазақтар ғұндардың ұрпағы ма?
Ұлы ақын Мағжан Жұмабаев қазақтар ғұндар мен сақтардың араласуынан пайда болды деп айтқан. Бұл шындыққа сай келеді. Себебі ғұндар шығыстан батысқа көшкенде сақ жерлері арқылы өткен, және біразы бұнда қалды. Арғын сөзі де ғұн сөзіне ұқсас.
Көне түріктерде түріктер қасқыр қаншығынан және ғұн еркектен тарағандығы жайлы миф бар. Көне қытай тарихшылар да түріктер ғұндардан тараған деп жазып кеткен.
Ғұндар жайлы толық мағлұмат алғыныз келсе Л.Н Гумилевтің «Ғұндар» кітабін оқыныз.
Пән: Тарих