«Аэрофлот» ұшағын Ауғанстанға бұрмақ болған адам ұсталған жоқ
«Аэрофлот» ұшағының бағытын өзгертуді талап еткен адам әлі ұсталған жоқ. Бұл туралы Ресейдің антитеррор комитеті хабарлады.
Күштік құрылымдарға сілтеме жасаған ТАСС ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше, 70-тен астам адам және рейс бағытын өзгертпек болған жолаушы әлі ұшақта отыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Ұшақ қонған Ханты-Мансы әуежайында оперативті штаб құрылған. Әуежай аумағы қоршалып, күзет қойылған.
22 қаңтарда Сургуттан Мәскеуге ұшып шыққан «Аэрофлот» ұшағы бағытын өзгертіп, Ханты-Мансы әуежайына қонған. Ресейлік ақпарат агенттіктерінің жазуынша, жолаушылардың бірі экипаждан ұшақты Ауғанстанға бұруды талап еткен. РИА-Новости ақпарат агенттігі ұшақ бағытын өзгертпек болған адамның ұсталғанын хабарлаған еді.
Дереккөз: Азаттық