«7-20-25» бағдарламасы бойынша қанша қазақстандық ипотека ала алмады? — Жылжымайтын мүлік
2019 жылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша қазақстандықтардың баспанаға деген қажеттілігі шамамен 16 мың пәтер болады. Бағдарламаға қатысқандардың 17 пайызына ипотека берілмейді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«17 қаңтардағы жағдай бойынша «7-20-25″ бағдарламасы бойынша 52 миллиард теңгеге 4 350 өтінім мақұлданды. Осы күнге дейін өтініш білдіргендердің 17 пайызына — 1237 арыз бойынша қарыз берілмеді. Негізгі себеп — несие тарихының нашарлығы және қажетті ресми табыстың жетіспеушілігі», — деді Данияр Ақышев.
Ақышевтің айтуынша, бағдарламамен алуға болатын баспаналар аз екен.
«Қазіргі уақытта өңірлерде бастапқы тұрғын-үй жетіспеушілігі себепші. Осы орайда бұл тұрғын үй талаптарын жақсартатын көпбалалы отбасылар, балаларына баспана сатып алатын ата-аналар, басқа географиялық өңірге көшетін азаматтар болуы мүмкін», — деді ол.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz