Тақырыбы: Көмектес септік 4-сынып

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Тақырыбы: Көмектес септік 4-сынып

Автор: Оспанбаева Баян Омиргалиевна

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 4 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-21


Материал туралы қысқаша түсінік

Бастауыш сыныптарда сабақ беретін әріптестерге көмек ретінде ұсынамын. 4-сынып ескі бағдарламамен оқысақ та сабақ жоспары жаңа форматта жазылған. Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері, оқу үшін бағалаудың түрлері, топтық, жұптық, ұжымдық жұмыс түрлері ұйымдастырылады. Көрнекілігі де ұсынылып отыр.




Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: А. Н. Чайрбаева

Күні: 22.01.2019Сынып: 4 Қатысқандар саны:Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Көмектес септік
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 1. Өтілген септік жалғауларын, сұрақтарын пысықтау. Көмектес септігінің сұрақтарымен, жалғауларымен таныстыру.
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Берілген сөздерді септей алады.Көбі: Сөйлемнен септік жалғауларын таба алады.Кейбірі: Берілген сөздерді сөз құрамына талдай алады.
Жетістік критерийлері Сөйлем ішінен көп мағыналы сөздерді анықтап, мағынасына қарай қолдана алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды ынтымақшылдыққа, ауызбірлікке, тыйым сөздердің мәнін түсінуге баулу.
Пәнаралық байланыс Дүниетану, әдебиеттік оқу, бейнелеу
АКТ қолдану дағдылары
Тілдік құзыреттілік Септік сұрақтары, жалғаулары
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Бір, екі, үшСынып іші тып-тыныш.Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты біз бастаймыз.
Сабақтың ортасы Қызығушылықты оятуОйын «Хатшы»Берілген сөздерге қай септік жалғауы жалғанған, сол үйге орналастыру. Ілік Табыс Шығыс

АтауБарысЖатысХатта жазылған сөздер: Мағынаны тануҮйлерге таратылмай қалған сөздерді оқып шығып, сұрақ қою. Қай септіктің жалғауы? «ОЙ ТҮЙІН» көмектес септігінде тұрған сөздерге кіммен? немен? кімдермен? нелермен? Сұрақтары қойылады. Көмектес септіктің жалғаулары: -мен, -бен, -пен.

Жаңа сабақ1-жаттығу. Дәптерге орындалады. Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату. Бағалау: «Жұлдыз беру» әдісі2-жаттығу. Танымдық тапсырма: Ауызша талданады. Жұмбақты оқып, шешуін табу. Көмектес септіктегі сөздерге сұрақ қою. Бағалау: «От шашу»Сергіту сәті

4-жаттығу. Жұптық жұмыс. Жазбаша орындалады. Тиісті қосымшаларды жалғап, сөйлемдерді оқу. Бағалау: «Бас бармақ» 5-жаттығу. Топтық жұмыс. Суретте бейнеленген зат атауларына жалғау жалғап, әр сөзбен байланыстырып жазу. Қай септік жалғауы жалғанып тұрғандығын анықтау. Бағалау: «Түстер арқылы» 6-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Жазбаша орындалады. Тиісті қосымшаларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу. Тыйым сөздерді есте сақтау. Сабақты қорыту. «Көңілді қалпақ» ойыныНеше септік бар?— Қай септік қосымшасыз жазылады?— -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің қосымшалары қай септіктің жалғауы?— кімді? нені? сұрақтары қай септіктің жалғауы?— тауға, қоғамға, мектепке сөздеріне қай септік жалғауы жалғанып тұр?— Жатыс септігінің сұрақтары?— Шығыс септікте тұрған сөздерге мысалдар келтір.

Үлестірме қағаз

Көмектес

Ереже дәптер

Жұмыс дәптері

Суреттер

Қалпақ

Сабақтың соңы Үйге тапсырма16-бет 3-жаттығу.Кері байланыс: — Не білдім?— Не қиын болды?— Мен үшін қызық тапсырма …Бағалау: «Көршінің бағасы» стратегиясы /кері байланыс бере отырып, сабақтағы белсенділіктерін, білімдерін бағалау/ Күнделік
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады

Пәнаралық байланыс
Рефлексия







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.