Күні:Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Табиғатқа саяхат. Б дыбысы мен әрпі. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы |
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба ,суреттер, таныстырылым, бағдаршам суреті, стикерлер |
Тілдік құзыреттілік |
Балық-рыба, бақбақ-одуванчик-dandelion. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
Сабақтың басыЫнтымақтастық атмосферасын қалыптастыру5 минут |
Ертеңгілік шеңберіҚол алысып, қәне, біз,Достасайық бәріміз.Айтарым бар сендерге,Тез тұрыңдар шеңберге.Қандай жақсы біртұру,Достарменен бір жүру!Қандай жақсы дос болу!– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шебері
|
Сабақтың ортасы
минут
Дескриптор:
|
1. Ата мен апаның тапсырмасы
Суреттегі өсімдік қалай аталады?
Бақбақ.
Бақбақ сөзі қай дыбыстан басталып тұр?
БББ
Қане, бәріміз бірге қосылып дыбыстап көрейікші.
Кім айтады, б дыбысы қандай дыбыс?
Дауыссыз дыбыс,өйткені созылмайды, еркін айтылмайды.
Бақбақ сөзін буынға бөлейікші.Неше буын?
2 буын.
Б дыбысы қай буында кездеседі.
2. Қоянның тапсырмасыСлайд арқылы Б дыбысымен танысады.Жұмбақ шешу. 1-топ: Қанаты бар ұшпайды, Жұрт айламен ұстайды. (Балық). 2-топ: Қызықтырып әркімді – ақ,Суда жүзер жылтылдапҚайсы әріптен басталған,Сол жүзгіштің атын тап? (Бақа ). 3-топ Болмайды одан жұрт абай Суық жақта болатын Ірі жуас жануар Мүйіздері бұтадай. (бұғы) |
сурет
Тыңдалым
АКТ
|
Сергіту сәті1 минут |
|
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
Аяқталуы10 минут
Дескриптор
|
3. Аюдың тапсырмасыОқулықта берілген сөздерді буындап, тізбектеп оқыту.Бақбақ-одуванчик-dandelion. Балық-рыба-fish.
Автормен таныстыру.Қайранбай Жұмабай Қожақынұлы (1948 ж.т. ) – педагог, баспагер, жазушы. Алматы облысы,Ұйғыр ауданында дүниеге келген.-Бүгін біз осы кісінің «Бор неден жасалады?» әңгімесін оқимыз. Балалар сендер білесіңдер ма? Бор неден жасалады? Ондай болса мені мұқият тындаңдар. Қасқырдың тапсырмасы. «Бор неден жасалады?» мәтінін мәнерлеп оқу.Болжау әдісіБор- түсі ақ, біркелкі ұсақ түйірлі кальций карбонатынан құралған жұмсақ шөгінді жыныс. Түлкінің тапсырмасы4-тапсырма. Топтық жұмыс.1-топ. Рольге бөлініп оқу.2-топ. Сахналық қойылым қою.3-топ. Берілген сұрақтарға жауап береді.Берілген тапсырмаларды орындайды.
|
Оқулықпен жұмыс
Сурет
|
Дәптермен жұмыс
7 минут
|
Бб дыбысын жазу.Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау және әріп элеметтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды ұйымдастыру. |
Дәптермен жұмыс
|
Сабақтың соңы2 минут |
Қорытындылау1.Атауында «Б» дыбысы бар сөздерді қоршап сыз.2.Әрбір суреттің атауын жазып шық.Қорытынды: — Бүгін қандай дыбыспен таныстық?— Б дыбысымен.— Б дыбысы қандай дыбыс?— Б дыбысы дауыссыз дыбыс.— Неге дауыссыз дыбыс деп ойлайсыңдар?— Себебі созылмайды. |
Смайликтер
|
Рефлексия |
«Бағдаршам » әдісі арқылы оқушыларды бағалау. |
|
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарыңыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Қиналатын оқушылардың қасына барып,сұрақтар қою, бағыт беру арқылы көмек көрсету.Жұмысты жылдам орындайтын қабілеті жоғары оқушыларға конверт сыртына сурет салуды ұсыну. |
Оқушылардың жұмыс жасау барысын бақылау жүргізіп бағалау.Комментарий беру арқылы бағалау.
|
Сергіту сәтін өткізу.
|
РефлексияСабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс койылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?Жеткізбесе, неліктен?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? |
Бүгінгі оқу мақсатыма жеттім.++++ |