Жасөспірім және заң, құқықтық сауаттылық
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру
Түрі: Кездесу, пікірталас
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қанатты сөздер
Жүру барысы:
І Оқушыларды 2 топқа бөлу
ІІ Құқық туралы жалпы түсінік
ІІІ Сенің құқығың – менің құқығым (Оқушы құқығы)
IV Психологиялық тренинг
V«Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу
VI Көкейде жүрген сауал (сұрақ — жауап)
VII Ойды аяқта (мақал — мәтелдің жалғасын табу, түсінік беру)
VIII Қорытынды
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар және кеш қонақтары «Жасөспірім және заң» атты пікірталас кешімізге қош келдіңіздер!
Пікірталастың негізгі мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
І Құқық туралы жалпы түсінік
Енді құқық жөнінде жалпы түсінік бере кетсек. Интерактивті тақтаға назар аударыңыздар
Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз
Әлеуметтік норма
Құқық Мораль
Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықты, ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелігі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.
Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілерде де көрсетілген. Президент — нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар — нормативтік шешімдер қабылдайды.
1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді.
Адам құқығы
Табиғи Азаматтық құқық Экономикалық — әлеуметтік, мәдени құқық
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.
ІІ. Сенің құқығың – менің құқығым. Бұл кезеңде оқушылар өз құқықтары жөнінде жөнінде айтып өтеді
1 — оқушы: 10 бап
Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір — қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы
2 — оқушы:
Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын
жәбірлеуге, бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.
3 оқушы: 9 — бап
Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы
Бала туған сәтінен бастап аты — жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР — ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне, біліміне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән — жайларға қарамастан бала тең құқылы.
3 — оқушы: 11 бап
Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар — ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР — ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.
4 — оқушы 12 бап
Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ
5 — оқушы 19 бап
Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым — қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.
6 — оқушы 30 бап
Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
7 – оқушы 19 бап
Әрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуына құқығы бар.
Өз құқықтарыңызды айтып өттіңіздер, қандай міндеттеріңіз бар соған тоқталып өтсек
(оқушылар өз міндеттерін айтады)
ІІІ Психологиялық тренинг
Пікірталасымызды бастамас бұрын
бір — бірлеріңізге деген қарым – қатынастарыңызды ізгілендіру мақсатында біз мектеп психологымен бірлесіп тренинг дайындаған болатынбыз.
Сіздерге екі ак парақша беріледі. Бірінші парақшаға өздеріңіздің аса жоғары бағалайтын адами қасиеттерді жазып, қалаған адамыңызға бересіз. Осыдан кейін кезектесіп, алған парақтарыңызда не жазылғанын дауыстап оқып беріңіздер.
2. Ақ парақ берілген. Дәл ортасында дөңгелек қара ноқаты бар. Осы суреттен не көріп тұрсыздар, соны суреттеп берсеңіздер. (бұл тренингте аққа қарағанда қара түс тез көзге шалынады. Сондықтан ақ жақсылықтың белгісі болғандықтан оны көре білуіміз керек)
IV «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)
Көшедегі көрініс
Айман: Айболат бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?
Бақытжол: Ия, ия, айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайық, той қызықтаймыз деген. Саған хабарласқан жоқ па?
Айман: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.
Бақытжол: Кеттік, жолшыбай Бекжолға соға кетейік, ол да барар мүмкін.
Айман: Бекжол, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.
Дәурен: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Бақытжол: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң жібермей қалады.
Дәурен: Жоқ, балалар, мені жібермейді бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бірнәрсеге душар болармыз.
Айман: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» — деп өкініп жүр ме.?
Бақытжол: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?
1. Құрметті ата — аналар осы жағдайға байланысты сіздердің пікірлеріңізді білсек.
Ата – ана қай жерден қате жіберіп отыр?
2. Учаскелік полиция инспекторына
Осы жағдайда оқушылар және ата — аналар қандай жауапкершілікке
тартылады?
V Көкейде жүрген сауал (Топ бойынша сұрақтар)
Өздеріңізді мазалап жүрген сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады.
1. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қай жылы қабылданды? 1948
2. Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы заң қабылданды? 2002
3. 14 жасқа дейінгі жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма?
4. Кәмелеттік жас деген неше жас?
5. 16 жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартыла ма?
Мектеп психологы Аршагүл апайға мынадай сұрақтар қойсақ
1. Мектеп жасындағы балалардың мінез — құлқының ауытқуына қандай жағдайлар әсер етеді?
2. Кәмелетке толмаған мектептегі «қиын» балалар туралы не айтар едіңіз?
Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлзада апайымызға бірер сауалдар қойсақ. Мектептің ішкі ережесі жөнінде түсінік бере кетсеңіз.
1. Оқушылар мектеп ішкі ережесін қай деңгейде сақтап жүр?
2. Мектеп ішкі ережесін сақтамайтын оқушыларға қандай шаралар қолданады, оны болдырмаудың жолдары қандай?
Жасөспірім және заң жүктеу
Дереккөз: http://bilimdiler.kz/