XV-XVII ғ. өлшем бірліктері | Скачать Реферат

0

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
XV-XVII ғ. өлшем бірліктері

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2014ж.
Жоспары
Кіріспе

1. Ұзындық өлшемдері
2. Қалыңдық өлшемдері
3. Көлем өлшемдері
4. Салмақ өлшемдері
5. Қашықтық өлшемдері

Қорытынды
Әдебиет

Кіріспе

Өлшем — мөлшер, мөлшердің сандық бірлігі. Мөлшерсіз дүние жоқ. Әлемнің де, табиғаттың да өзіндік жарасымды өлшемі, мөлшері бар. Өлшем — өндірілетін өнімдердің, күнделікті тіршілік-тұрмысқа қажетті заттардың сандық және сапалық көрсеткіші, оның ұзындық, қалыңдық, көлемдік, сондай-ақ жол сапарға байланысты оның қашықтық мөлшері бар. Бұл замандағыдай дәлдік өлшем аспап-жабдықтары жоқ ертеде мөлшер негіздеріне қоршаған орта көріністері, төңіректегі табиғи заттардың, бүтін бітімі немесе бөлігі, еңбек құралдарының үлгісі, мал өрісі көші-қон шегі, өзге де материалдар сандық және салыстырмалы түрде, сондай-ақ адамның дене тұрқы да алынған. Қазақ даласының ерте дәуірінде бастау алған байырғы өлшем бірліктерінің атаулары бүгінгі ұрпақ құлағына жат естіліп, ұғымына қабыспауы мүмкін. Әйтсе де ата-бабалар өткен жол — тарихи тәлім, өнеге.

1. Ұзындық өлшемдері

Тұтам — бес саусақты жұмғандағы көлденең ұзын- дық. Сүйем — бас бармақ пен сұқ саусақты жазғандағы ара-лық. Сынық сүйем — бас бармақ пен сұқ саусақтың екі буыны бүгілгендегі аралық, бір сүйемнің төрттен үш бөлігі. Қарыс — бас бармақ пен ортан саусақты кергендегі аралық. Кере қарыс — бас бармақ пен ортан саусақты керіңкіреп созғандағы аралық. Аршын — шынтақтан саусақ ұшына дейінгі ұзындық. Құлаш — иық деңгейінде созылған екі қол ұшының аралығы. Кере құлаш — иық деңгейіңде кере созылған екі қол ұшының аралығы. Сала (көш) құлаш — үш құлаш. Адым, қадам — жай жүргендегі екі аяқ арасының алшақтығы. Аттам — адымның созылыңқы шегі. Ұзындыққа есік пен төр аралығы, қамшы сабы, арқан, желі бойлары, бір көйлектік (мата) өлшемдері де алынған.

2. Қалыңдық өлшемдері

Қыл елі. Пышақ сырты (қыры). Шынашақ. Елі. Жарты елі. Бармақ елі. Табан елі. Сере. Қалыңдық өлшемге тұтам, сүйем, қарыс сияқты ұзындық өлшемдері және күрек бойы, құрық бойы, кісі бойы тәрізді тереңдік өлшемдері сөз қисынына қарай пайдала-нылған.

3. Көлем өлшемдері
Ине жасуындай. Түйіршік. Түйір. Алақандай. Жапырақтай. Ат төбеліндей. Уыс — қол саусақтарын жымдастыра бүккенде шұң-қырайған алақан аясының іші, алақанға сиярлық мөлшер. Құшақ — қауышқан екі қолдың ішкі жағын қамтитын адамның алдыңғы иіні, қойын. Ұлтарақтай — адам табаны-ның көлемі. Табақтай — жалпақ. Тулақтай — мал терісінің көлемі. Үй орнындай — киіз үйдің ішкі көлеміндей. Бір танап жер — гектардың алтыдан бір бөлігі. Бір мойын жер — жарты гектар. Бір айдам жер — бір гектар. Көлдей — өте көлемді, кең.

4. Салмақ өлшемдері
Титімдей, титтей.
Тинақтай, тырнақтай.
Оймақтай.
Шүйкедей — ұршыққа ыңғай-ланып шиыршықталған жүн-дей.
Бір жапырақ — бір жұлым.
Бір жұтым — ауыз толтырып бір ішерлік (су, сүт, т.б.).
Бір шайнам — ауызға бір салар (тағам).
Бір тілім, үзім — өте жұқа, жарты бөлшек.
Бір тартым — 1. Бір рет шегуге жетер шылым. 2. Көлге, өзенге бір рет ау салып тартқанда торға ілінетін балық мөлшері.
Бір шөкім, бір шымшым, бір атым (насыбай) үш саусақтың ұшымен, бір қайнатым (шай) шымшып аларлық өлшем, бір мысқал (мысқал — 5 гр.).
Қадақ — 200 грамм (кейбір әдебиетте 400 гр.).
Бір шелек (су, сүт) — 10 литр.
Бір торсық (айран) — 6-7 литр.
Бір саба (қымыз) — 10-15 литр.
Бір қап (ұн, қант) — 50-60 кг.
Бір арқа (жүк) — 45-50 кг.
Найза қап, қанар — 70-80 кг.
Пұт — 16 кг, жуық.
Бір құлақ су — 3- 4- текше метр.
Батпан — әр елдің өлшемі әр түрлі. Балуан Шолақ көтерген 51 пұттық таразының тасы да бір батпан.

5. Қашықтық өлшемдері

Қол созым жер.
Қарға адым жер.
Қамшы салым жер — тым жақын жер.
Таяқ тастам жер.
Иек астындағы жер — бір қыр асты, таяу жер.
Иек артпа жер.
Әудем жер — тиіп тұрған жер.
Шақырым — 1000 метр.
Дауыс жетер жер — 2- 3 шақырым.
Ит үргені естілер жер.
Қара көрінім жер.
Көз ұшындағы жер — 2,5-3 шақырым (Кейбір қырағы кісілер 25-30 шақырымнан көреді).
Қозы өрісіндей жер.
Бір бауыр (бой жазар) жер — 4-5 шақырым.
Қой өрісіндей жер — 5-6 шақырым.
Тай шаптырым жер.
Аяқ жетер жер.
Қозы көш жер — 6-7 шақырым.
Құнан шаптырым жер — 8-10 шақырым (құнанды 10-15 шақырымға да шаптырады).
Бір көш жер 10-15 шақырым.
Ат шаптырым жер — 20-35 шақырым.
Бір лаң жер.
Түстік жер — 30-40 шақырым.
Күншік жер — 90-100 шақырым.
Ара қоным жер — 200-250 шақырым.
Ит өлген жер.
Ит арқасы қиянда — қашық, жырақ жер.
Жер … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz