Газбен пісіру кезіндегі жік қырларын дайындау
Кіріспе
Пісіру — металдарды өңдеудің жетекші технологиялық процестерінің бірі
болып табылады.
Пісіру жоғары пайдаланушыльщ сипатымен қоса, құрылымдар жасауға
мүмкіндік беретін, бөлшектердің ажырамайтын қосылыстарын алудың
ілгерілемелі технологиялық процесі. Пісірілген қосылыстардың артықшылығы,
олардың әр түрлі міндеттердегі құрылымдарда кең қолданысқа ие болуына
мүмкіндік туғызады. Пісіруді пайдалану құрылымдар өндірісі барысында
материалдар мен уақытты үнемдеуге септігін тигізеді.
Ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен бірге әр түрлі қалыңдықтағы
материалдар бөлшектерінің, ал осыған байланысты пісірудің қолданылатын
түрлері мен әдістері де көбейді. Қазіргі кезде қалыңдығы бірнеше
микрометрден (микроэлектроникада) ондаған сантиметрге дейін, тіпті метрге
дейінгі (ауыр машина жасауда) бөлшектер пісіріледі. Құрылмалық көміртекті
және төменгі қоспалы болаттармен қатар, арнаулы болаттар, жеңіл қорытпалар
және титан, молибден, цирконий т.б. металдар негізіндегі қорытпалар, сондай-
ақ әр текті материалдар пісіруге жиі қолданылады. Машина жасау, сондай-ақ
құрылыс жұмыстарындағы белгілі табыстар үшін біз пісіру ғылымы мен
техникасына қарыздар екенімізді айтуға тиістіміз. Пісірудің дамуы
тойтармалы құрылымдарды пісіруге алмастыра отырып, олардың жұмыс
сыйымдылығын төмендетіп, сапасын арттыруға мүмкіндік туғызды.
Газбен пісіру — пісірілетін металл қырларын балқыту және оған қосымша
металл ерітіп құю жолымен жанған газдың жалыны арқылы ажырамайтын қосылыс
жасайтын процесс.
Қалыңдығы 2 мм-ге дейінгі металл қаңылтырларынан жасалған бөлшектерді
қосымша металл балқытпай-ақ олардың өз қырларын ерітіп жалғастырады.
Газбен пісіру әдісі аса қарапайым, ол өте қымбат жабдықтарды қажет
етпейді. Сондықтан да өндірістің барлық салаларында кеңінен қолданылады.
Газбен пісіруді қалыңдығы 3 мм-ге дейінгі төменгі немесе орташа
көміртекті болаттарды біріктіруге кең қолданады; сол сияқты кіші және
орташа диаметрлі (600 мм-ге дейінгі) құбырлардың ұштарын пісіріп жалғауға,
әр түрлі қалыңдықтағы шойын мен түсті металдарды пісіруге қолданады.
Газбен қалындығы 3-4 мм-ден жоғары көміртекті болаттарды да пісіруге
болады, алайда оған электр доғалы пісіргішті қолданған тиімдірек. Сол
сияқты ете қатты және қоспалы болаттарды пісіруге де электр доғалы пісіргіш
пайдаланған жөн. Егер аргонды доғалы пісіргішті қолданса, пісірудің
өнімділігі жоғарырақ болады.
І. Пісіру қосылыстарының түрлері және пісіру жіктерінің типтері
1.1. Пісіргіш жалын
Пісіргіш газ жалыны — пісіру кезіндегі жылудың негізгі көзі. Пісіргіш
жалын газдың немесе жанғыш сұйық буының оттегімен қосылып жануынан пайда
болады.
Ацетилен мен оттегі коспасының жалынын қолдану кең таралған. Дегенмен
басқа газдарды да (пропан-бутан, табиғи газ, керосин және т.б.) қолдануға
болады.
Пісіргіш жалын үш аймақтан тұрады (1-сурет). Бірінші, аймақ «А» —
жалынның ядросы. Оның сыртқы қабатында қозған көміртегінің бөліктері жанады
да, сол ядроның қабы өте жарық қалыпта болады. Екінші, «В» — толықтай
жанбаған аймақ. Оны байқау қиын. Жалын ацетиленнің немесе лонғыш газдың
ыдырауының бірінші кезеңінде пайда болатын көміртегі мен сутегінің
тотықтарынан құралады. Бұл тотықтар балқыған металдың оксидтерінен оттегіні
алады да, оны тотықсыздандырады. Үшінші аймақ «С» — толық жанған аймақ. Бұл
аймақта сырттағы оттегін пайдаланғандықтан жалынның толық жануы болады.
Ацетилен мен оттегі қоспасының жалынындағы температурасы (1 а,- сурет)
— ең үлкен (3150 °С), ал метан мен оттегі қоспасында — 2100 °С.
Жалынның қалыпты күйіне екінші аймақта бос оттегі мен көміртегі жоқ
болғанда келеді. Бұл жағдай оттыққа ацетиленнің бір көлеміне оттегінің 1,1,-
1,2 көлемін қосқанда туады. Ал ацетиленді айырбастайтын газдарды
пайдаланғандығы осы қатынас төмендегідей болады:
табиғи газ бен оттегі — 1,5-1,6 (1 б-сурет); пропан- бутан мен оттегі —
3,4-3,8 (1 в-сурет).
Тотықтандыратын жалын ацетилен мен оттегінің арақатынасы 1,3-тен көп
болған жағдайда пайда болады. Оның температурасы жоғары. Бірақ төменгі
көміртекті болаттарды пісірген кезде ондағы артық оттегі металды
тотықтандырып жібереді де, пісірілген жік кеуекті, морт сынғыш болады.
Мұндай кезде жақсы сапалы пісіру жігін алу үшін, қоса балқытатын металл
үшін СВ08ГС немесе СВ12ГС сымдарын пайдалану керек. Сол кезде ол сымдардың
құрамындағы марганец пен кремний пайда болатын металл тотықтарын жойып
жібереді.
Күйдіретін жалын ацетиленнің артық қосылғандығынан болады, яғни бұл
кездегі оның оттегімен қатынасы 0,95.
Жалын құрамын тек көзбен ғана сыртқы пішініне (2-сурет) қарап
анықтамайды, оған қосымша пісіру кезіндегі шашырау мөлшерімен, балқыған
металл ваннасымен де анықтауға болады. Пісіргіш жалын құрамын үнемі
қадағалап отыру керек және қажет болса ацетилен мен оттегінің қатынасын
вентильдер арқылы ретке келтіреді.
1-сурет. Пісіргіш жалын аймағы:
а — ацетилен — оттегі; б — метан-оттегі; в — пропан-оттегі;
А — ядро; В — толық жанбаған аймақ; С — толық жанған аймақ; I — ядро
ұзындығы
2-сурет. Пісіргіш жалынның пішіні:
а – бейтарап; б – тотықтандырғыш; е – көміртектендіргіш
1.2. Пісірген жалғастырулар мен жік (шов) түрлері
Пісірген жалғастыруларды төмендегіше жіктейді:
— пісірілетін бөлшектердің өзара орналасуына байланысты —
түйістірілетін, айқастырылатын, таврлық, бұрыштық (3-сурет);
— кеңістіктегі орналасуына байланысты — төменгі, көлденең, тік, төбелік
(4-сурет);
Жалғастыру түрі мен жік пішіні пісіру тәсіліне, пісірілетін бұйымның
өзінің құрылысына және металл қалыңдығына байланысты белгіленеді.
— жіктің пішініне қарай — қалыпты, күшейтілген және осалданған бұрыштық
жік (5-сурет).
Түйістіріп жалғастыру пісіретін металдың қалыңдығына байланысты олардың
қырларын арнайы дайындауды қажет етеді (1-кестеде). Қалындығы -3-6 мм
болатын металды ацетилен айырбастағыш газбен пісірген кезде қырлардың
жантаю бұрышын 70-90 °С, ал саңылауын 1,5-3,0 мм етіп дайындайды. Қырлардың
бұл кездегі желіну қаупі ацетиленді-оттегімен пісірген кездегіден аз
болады.
Әр түрлі пісіріп жалғастырулар мен жіктердің түрлеріне қарай газбен
пісіру әдістерінің өзіндік ерекшеліктері көп болады. (2-кестеде).
3-сурет. Пісіріп жалғастыру түрлері:
а — түйістірілетін; б- айқастырылган; в- таврлық; г — бұрыштық
4-сурет. жіктердің кеңістікте орналасуы:
а — төменгі; б — көлденең; в — тік; г — төбелік
5-сурет. Жік түрлері:
а — күшейтілген; б — қалыпты; в – осалданған
Газбен пісіру кезіндегі жік қырларын дайындау
1-кесте
Металл Жік түрі Жіктің в,мм S, мм
қалыңдығы.мм көлденең
қимасы
0,5-2,0 Шеті 0-1
қайырылған
1-5 Қыры 0,5-2,0
жантаймаған
3-5 Қыры 1-2
жантаймаған
6-15 Қыры V тәрізді 2-4 1,5-3,0
жантайтылған
15-25 Қыры Х-тәрізді 2-4 2-4
жантайтылған
Әр турлі пісіру жіктерін жасау кезіндегі техникалық ерекшеліктер
2-кесте
Ерскше Пісіру Пісіру техникасының ерекшеліктері
белгілері жігінің түрі
КеңістіктеТөменгі Металл қалыңдығына байланысты оң немесе сол жақпен
орналасқан пісіру тәсілін пайдаланып пісіреді.
Тік Қалыңдыгы 4-5 мм болатын металды пісіруге
қолданады. Пісіруді төменнен жоғары қарай сол
жақпен пісіру тәсілін пайдалана отырып жүргізеді.
Бұл кезде балқыған металл ваннасындағы сұйық ағып
кетпеуі үшін оттықпен үрлей отырып ұстап тұрады.
Ол үшін оттықтың бағытталу бұрышын қадағалау
керек. Ал жоғарыдан төмен қарай оң жақ тәсілді
қолданып пісіру пісірушінің үлкен шеберлігін қажет
етеді
Төбелік Бұл өте қиындық туғызады. Пісіруді оң жақ тәсілмен
жүргізеді. Балқыған металл төгіліп кетпес үшін
пісіруші оны оттық жалынымен ұстап тұруы қажет.
Бұл кезде пісіруді бірнеше рет аздаған қалыңдықпен
жүргізген жөн болады. Қосып пісіретін сымды да
оның бойымен балқыған металл ағып кетпейтіндей
етіп ұстау керек
ЖалғанатынТүйістірілгеҚалындыгы 1-5 мм металдарды, қырларын жатқызып
бөлшектер н өңдемей-ақ, аралығындағы саңылауды 0,5-2,0 мм етіп
өзара пісіреді.
орналасқан Қалыңдыгы 5-10 мм металды, қырларының бір жағын 45
°С-пен еңкейте өңдеп, аралығындағы саңылауды
1,5-3,0 мм етіп пісіреді. Қалыңдығы 10 мм-ден
артық металдарды қырларының екі жағын бірдей
35-45°С-пен жантайта өңдеп, аралығындағы саңылауды
2-4 мм етіп пісіреді
Бұрыштық Пісірілетін бөлшек қырларының аралығындағы
саңылауды 1-2 мм етіп пісіреді. Металл қалыңдығы
5-6 мм- ден көп болса, онда оның қырларын 50-60
°С-пен бір немесе екі жағын жантайтып өңдейді
АйқастырылғаМұны өте қажет жағдайда ғана (қорғасынды
н пісіргеннен басқа) қолдануға болады. Себебі бұл
кезде пісірілген металл жігі әр түрлі
температураға қызғандықтан майысып, томпайып
кетеді. Бұл жағдайда ең дұрысы электр доғалы
пісіргішті пайдалану болып табылады
Жік пішініҚалыпты Түйістірілген жіктің биіктігі пісірілетін металл
қалыңдықтарымен бірдей
Күшейтілген Түйістірілген жіктің биіктігі пісірілетін металл
қалыңдықтарынан 20 % -ға көп
Осалданған Түйістірілген жіктің биіктігі гіісірілетін металл
қалыңдықтарынан төмен (өте аз қолданылады, кейбір
жауапкершіліксіз пісіріп жалғастырулар үшін)
1.3. Пісіру техникасы
Пісіру тәсілі. Газбен пісірудің негізінен екі түрі сол және оң (6-
сурет) тәсілдері болады. Сол жақпен пісіру кезінде (6 а-сурет) пісіруші
оттықты оңнан солға қарай жылжытады, ал қоса пісірілетін металды жалын
бетіне ұстайды. Пісірілетін металды жақсы қыздырып дұрыс балқыту үшін оттық
пен қоса пісірілетін металды жікке көлденец иректеп қозғап отырады. Бұл
тәсіл жұқа қаңылтырлармен оңай балқитын металдарды пісіргенде қолданылады.
Оң жақпен пісіруді (6. б-сурет ) оттықты солдан оңға қарай, теңселтпей
түзу сызық бойымен жылжытып жүргізеді. Бұл кезде жалын балқыған ваннаға
бағытталады да оның соңында қоса пісірілетін металл жігі баяу суиды.
Солардың нәтижелерінде жалғастырулардың сапалары жақсарады, газ шығыны 15-
10%-ға азаяды, қырлардың ашу бұрышын 60-70°С-қа азайтқандықтан еңбек
өнімділігі 20-25% -ға өседі.
Оң жақпен пісіру тәсілін қалыңдығы 5 мм-ден артық бөлшектерді немесе
жылу өткізгіштігі жоғары металдарды (мыс, жез және олардың қорытпалары)
пісіргенде пайдаланған тиімді.
Оттықты және қосып пісіретін. металды, жылжыту. Пісіру кезінде пісіруші
оттықты егер пісірілетін металл қалыңдығы орташа болса, жік осінің бойымен
спираль немесе жарты ай сызығымен жылжытады. Егер металл қалыңдығы жұқа
болса (7-сурет) тура сызықпен жылжытады. Оттықпен тербелмелі қозғалыс жасау
негізгі металл қырларының өрісін арттырады да, қоса пісірілетін металдың
жақсы қызуын қамтамасыз етеді. Металдардың қызу тездігін оттықты оның
бетіне қарай жантайту бұрышымен реттейді. Металл қалыңдығы мен жылу
өткізгіштігі артқан сайын оттықтың жантаю бұрышын арттыра түседі (8-сурет).
Пісіру алғаш бастаған кезде, металдың жақсы қызуы үшін оттықты оның бетіне
тік, яғни 90°С-пен ұстайды. Одан әрі қарай металл қалыңдығына байланысты ол
бұрышты азайта береді. Қоса пісірілетін металдың еңкіштік бұрышын, оттық
бұрышына қарама-қарсы 45 °С жасап ұстайды.
Қоса пісірілетін сымның қозғалысы.
Балқыған металл ваннада жақсы араласуы үшін қоса пісірілетін сымды да
оттық бағытына қарама-қарсы тербей қозғайды. Пісірілген жіктің тотығын
кетуін болдырмау үшін қоса пісірілетін сымды балқытылған металл ваннасынан
шығарып, пісіргіш жалын аймағынан алыстатуға болмайды.
Бұрыштық жік жасаған кезде де оттық пен қоса пісірілетін сымды
жоғарыдағыдай қозғалтады. Бірақ оларды бұрынғыға қарағанда ұзағырақ
ұстайды.Пісірілетін бөлшектерді дайындау мен жинастыру мына төмендегі
жұмыстардан тұрады: пісірілетін қырларды тазалау, қырларды жантайту, жылжып
кетуді болдырмайтын ұстағышпен бекіту.
Қырлар мен оның айналасын (ені 20-30 мм) металл жалтырап көрінгенше,
күйіктен, бояудан, майдан және басқа ластанудан тазартады. Ол үшін металл
щеткаларды немесе оттық жалындарын пайдаланады. Өте жауапты жалғастыруларды
жасаған кезде ол беттерді қышқылмен немесе құм шашатын аппаратпен
тазалайды.
6-сурет. Газбен пісіру тәсілдері:
а — солға; б — оңға
7-сурет. Пісіру кезіндегі оттық пен қоса пісірілетін сым қозғалысы:
а — ирек (сол тәсілде); б — бұрандалы — сымдікі; түзу-оттықтікі (оң
тәсілде); в — ирек (оң тәсілде), металл қалыңдығы 8 мм-ден көп кезінде
Қырларды өңдеуді пісірілетін металл қалыңдығына байланысты әр түрлі
етіп жүргізеді (4.1-кесте) және оларды механикалық әдіспен гильотиндерде,
фрезерлік немесе сүргіш станоктарымен аткарады. Кейде пневматикалық
кескіштер мен егеудің көмегімен олардың қырларын тегістеп тастайды.
Пісірілетін бөлшектер жылжып кетпеуі және жұмыс кезінің барлық
жағдайында олардың аралығында қалдырылған саңылаудың сақталуы үшін
ұстағыштар қойылады. Олардың ұзындығы, ара қалыңтығы және қою реті металл
қалындығы мен жік ұзындығына байланысты болады:
Пісірілетін металл қалыңдығы 8, мм 5 5
Жік ұзындығы в, мм 150-200 200
Ұстағыш ұзындығы, мм 5 20-30
Ұстағыштардың арақашықтығы.мм 50-100 300-500
Пісірілетін бөлшектерді ұстатуды өте мұқият, пісіру процесі сияқты етіп
жүргізу керек. Өйткені толық ұстатпау барлық жасалған жікті іске жаратпай
тастауы мүмкін.
Мысты пісірген кезде бұйымдарды алдын ала пісіріп үстатпаған жөн.
Себебі кейін қайта қыздырған кезде жарқыншақтар пайда болуы мүмкін. Оларды
кондукторлардың, басқа қысқыш құралдардың көмегімен бекітіп қойған дұрыс.
Пісіру режимі. Пісіру режимінің көрсеткіштеріне жалын қуаты, балқытып
қосылатын сымның диаметрі, оның шығыны, жалын құрамы жатады.
Пісіру режимінің көрсеткіштерін таңдап алу пісірілетін металдың
жылулық, физикалық қасиеттеріне, көлем мөлшерлеріне және бұйым пішіндеріне
байланысты жүргізіледі. Пісіру режиміне пісіру тәсілі мен кеңістіктегі
пісіру жігінің орналасуы үлкен әсерін тигізді.
Жалын қуаты (немесе жанатын газдың шығыны) М, лсағ. пісірілетін металл
қалыңдығы S, мм тура пропорционал, яғни
М = К т S
Мұндағы Кт — шамаластық коэффициенті қалыңдығы 1 мм болатын осындай
металды пісірген кездегі ацетилен газының меншікті шығынын көрсетеді.
Жалын құрамы оттегінің шығынының жанғыш газ шығынымен салыстырғандағы,
ара қатынасымен анықталады. Ол жалынның сыртқы пішініне қарап қойылады.
Жұмыс кезінде пісіруші жалын сапасын қадағалап және оның құрамын реттеп
отырады. Өйткені түрлі металды пісіру үшін әр түрлі жалын құрамы керек. Әр
түрлі металдарды пісіруге кететін ацетилен мен оттегінің шығындары және
олардың өзара қатынастары 3-кестеде келтірілген.
Осы кестедегі мәндерге сүйене отырып, пісірілгелі отырған металл
қалыңдығына байланысты жалын қуатын анықтауға болады және сол сияқты оттық
ұшықтарының да нөмірін анықтайды.
Қоса пісірілетін сымның диаметрін д., мм қалыңдығы S, мм болатын
төменгі немесе орташа көміртекті болаттарды пісіргенде мына формуламен
анықтайды:
d= (S+1)2
оң жақ пісіру үшін
d= S2
Қоса пісірілетін металдың шығынын Р, кг жіктің 1 м ұзындығына
байланысты анықтайды және ол пісірілетін металл калыңдығының квадратына
тура пропорционал болады, яғни
Р = КпS2
Шамамен жуықтап Кп~ шамаластық коэффициентінің мәнін қалыңдығы 5 мм
металл үшін мынандай деп алуға болады: төменгі көміртекті болат үшін — 12,
мыс үшін -18, жез үшін — 16, алюминий үшін — 6,5. Қалындығы 5 мм-ден артық
металдарды пісірген кезде бұл коэффициенттің мәндерін 20-25% -ға
төмендетеді.
Жылумен өңдеу пісірудің алдында, пісіру кезінде және соңынан
жүргізіледі. Әрбір металды қыздыру мен суытудың жік және жік маңының
құрылымдық құрамын жақсартатын режимдері бар. Әдетте ондай жылумен өңдеудің
нұсқаулары бұйым жасаудың техникалық шарттарында көрсетіледі. Егер ондай
шарттар болмаған жағдайда 4-кестеде келтірілген пісіру жіктерін жылумен
өңдеудің жалпы нұсқауларын пайдалануға болады.
Беттерді қоса пісірілетін сымды қолданып немесе қолданбай да пісіруге
болады. Оңай майысатын, қалыңдығы 2 мм-ден аспайтын беттердің шетін бүгіп
майыстырады да қосып пісірілетін сымсыз-ақ пісіре береді (5-кесте).
Әр түрлі металдарды пісіру кезіндегі газ шығындары.
3-кесте
Көрсеткіштері Көмір Қоспалы болаттар Шойын Мыс
текті болаттар және қатты
металдар
Төмен көміртектіЖікті жымырып, Пісіргеннен кейін Құрамын Қыздыру
болат(0,25 % С) одан әрі 850- жақсартады,
оны бірыңғайлау900°С дейін беріктігі пеші
(ол тек жіктің қыздырады, қалыңдығы мен
ғана қасиетін 1 мм металға 2,5 мин қаттылығын
жақсартады) беріп, сол арттырады
температурада ұстайды
және ауада суытады
Орташа Пісіргенге Ірі бұйымдар үшін, Қыздырылған
көміртекті болатдейін бөлшекті жалпы 300-400°С дейінаймақта
(0,25-0,6 % С) қыздырады қыздырады суару
құрылымын
болдырмау
Пісіргеннен Металды 600-650°С Құрамында
кейін жоғары дейін қыздыру, 0,6 пайызға
температурамен қалындығы 1 мм дейін
қалыпқа түсіру металға 2,5 мин уақыткөміртегі
беріп, осы бар
температурада ұстау, болаттарды
пештің ішінде тұтас жікпен
қалыпты температурағасапалы
дейін суыту жалғастыру
Аз қоспалы Түйісетін жерді200-300″С дейін Қыздырылған Оттықпе
хромды-молибдендпісіруден бұрынқыздыру аймақта н
і болаттар алдын ала суару қыздыра
(12ХМ, 15ХМ, қыздыру құрылымын ды
12ХМІМФ ж. б.) болдырмайды
Пісірілген Жік енінен кем Пісірілген
жікті дегенде 5 есе артық металмен
бірыңғайлау аймақты қыздырып, беріктігі
соңынан ауада суыту бірдей
болатын жік
жасау
Аз қоспалы Пісіргеннен 880°С дейін қыздырып,Жарықтар Қыздыру
хромды-кремнийлікейін суа рып, май ішінде суыту, әріпайда болу пеші
— марганецті әрі қарай қарай тура қалыпқа мүмкіндігін
болаттар. жоғары дәрежедетүсіру азайту
(20ХГС, 25ХГС, қалыпқа түсіру
ЗОХГС, 35ХГС,
ЗОХГСА ж.б.)
Материал түрі Өңдеу түрі Жылумен өңдеудің Жылумен Қыздыру
режимі өңдеудің құралы
мақсаты
Шойын Шойынды пісіру Ұсақ бұйымдардың Қатты Пісірет
(1,7-6,3% С) кезінде бөлігін немесе қызудан жәнеін
бөлшекті алдын толықтай 300-4000С шынығудан немесе
ала қыздыру дейін, ал ірілерін морт қыздыра
500-6000С дейін құрамның тын
қыздыру пайда болу оттықта
мүмкіндігін рмен
азайту бір
жерді
ғана
қыздыру
Жіктің және Пеште
оның немесе
айналасында көрікте
жарықтың жалпы
пайда болу қыздыру
мүмкіндігін
азайту
Пісіргеннен 600-750°С дейін Ішкі Пеште
кейін күйдіру қыздырып, пешпен кернеулерді немесе
бірге суытады азайтып, көрікте
жарықтарды
болдырмау
Төмен Пісірер алдында 300- Пісіру Бөлшек
температурада 400″С дейін қыздыру аймағында мөлшері
шойын құрылымдарынне
дәнекерімен болдырмау байланы
пісіру үшін сты
алдын ала пісіргі
қыздыру ш
оттықта
р, пеш,
кһрік
Төмен Пісіру кезінде Ол да Пісіру
температурада 450-500°С дейін оттығын
жез дәнекеріменақаулы жерді қыздыру, ың
дәнекерлеу мен металл жігінің тотықта
пісіру үшін: беріктігін арттыру ндырғыш
ақау- лы жерді Жез дәне- керімен жалыным
қыздыру; дәнекерлеп пісірген ен
дәнекерлеген кезде алдын ала
не- месе қыздыру қолда-
пісірген бой- нылмайды, соңынан
дан 600-700°С баяу суытады
қыздырып жымыру
Мыс Қалыңдығы 5 Жымырғаннан соң 500- Мысқа Пісіргі
мм-ге дейінгі 550°С дейін қыздырып,қажетті ш
ме- талды күйдіреді, сумен тез иілімдік оттығын
суықтай жымыра-салқындатады беру үшін ың
ды, ал жалыным
қалындығы одан ен
көп болса,
500-550°С-қа
дейін қыздырады
Алюминилі Жезді пісірген Жіктің Көрік
қолалар үшін: кездегі режим беріктігін немесе
жымырудан кейін арттырып, оттық
төменгі қалдық
температурамен кернеуді жою
күйдіру
Алюминий және Пісіргеннен 300-3500С қыздырып, Ақауды Пеш,
оның қорытпаларыкейін күйдіру сол күйінде 2-5 сағатпісіргеннен көрік
(нішіні күрделіұстау, содан кейін кейін қалдық
бөлшектер мен пешпен бірге кернеуді жою
мөлшері кіші салқындату
бұйымдар үшін)
Жұқа құрылымдарды. косымша балқытылатын сым қолданбай қырларын балқытып
пісіру тәсілдері
5-кесте
Жалғау түрлері Суреті Қолданылатын
аймағы және орындалу технологиясы
Қырларды қайырып, Қалыңдығы 2 мм-ге дейінгі беттелген
жанастырып пісіру металды пісіру. Құрамы күрделі
қоспаларды кіріктіретін сым таңдап
алу қиын болғанда қолданылады.
Құрастыруды әр жерінен
пісіріп ұстату арқылы жүргізеді
Бір жақ бетті ғана Қалыңдығы 2 мм-ге дейінгі беттелген
қайырып, бұрылтап металдан жасалған әр түрлі пішінді
пісіру бұйымдарды пісіру
Цилиндр пішінді Қалыңдығы 2 мм-ге
бұйымның түбін дейінгі ыдыстардың түбін пісіргенде
пісіру қолданылады
Қораптық шегі Егер пісірілетін ыдыс түбінің қыры
қайырылған ыдыс қайырылмайтын болса, онда оның өз
түбін пісіру қырын қайырып пісіру
үшін қолданылады
Қырлы бұйымдарды Иіп немесе штамптап жасалған радиатор
пісіру типті бұйымдардың қырларын пісіруге
қолданады
Түтіктерді жалғап Қабырға қалыңдығы 3 мм-ден аспайтын
пісіру жұмсақ металдан
жасалған түтіктерді олардың ішкі
диаметрін өзгертпей дәл жалғау үшін
қолданады
Екі бетті қырларын Жік беріктігі осал бұйымдар үшін
қайырмай, қолданады. Қалыңдығы 3 мм-ге
бір-біріне дейінгі беттелген металдарды аралы-
жанастырып, астына ғында саңылау қалдырмай, жанастырып
төсеніш қойып қояды да, астына төсеніш қойып
пісіру пісіреді. Сол кезде негізгі металдан
жұқа пісіру жігі жасалады.
Бұдан қалыңдау беттерді балқытып қосылатын сымды пайдаланып қана
пісіреді және олардың қырларын (егер қалыңдығы 5 мм-ден көп болса) металл
қалыңдығына қарай өңдейді (1-кесте).
Металл қырларын үлкен бұрышпен жантайтқанда пісіру жігі тұтас металл
қалыңдығына дейін балқытылады да, еңбек өнімділігі азаяды. Ал жантайту
бұрышы аз болса, онда жіктерді түбіне дейін балқыту қиындайды Сондықтан да
әдетте ол бұрыштарды 70-90°С етіп өңдейді.
Пісірілетін беттердің аралығындағы саңьшауды 1- кестеде келтірілген
мәліметтер бойынша, ал оларды ұстатуды жоғарыда көрсетілген бойынша
орындайды.
Ұзын жікті жазық конструкцияларды пісірген кезде жік жасаудың сатылы
немесе кері сатылы әдісі қолданылады. Бұл жағдайда барлық жікті ұзына
бойына 10-250 мм мөлшерінде бірнеше бөлікке бөледі. Оларды пісірген кезде
әрбір белік келесі бөлікті 10-20 м артық жауып жатады (9-сурет). Жіктерді
осы тәсілмен жүргізгенде беттерді түйістіріп пісірген кезде деформация
азаяды.
Осындай тәсіл беттерден жасалған қораптарды пісіруге де қолданылады (10-
сурет). Сонда қораптың пішіні майыспай, алғашқы қалпында қалады.
Қалыңдығы 4-5 мм-ден артық бүйымдарды пісіру үшін жікті бірнеше қабат
етіп жүргізетін көп қабатты пісіру тәсілі пайдаланылады. Бұл жағдайда
жіктерді қысқа-қысқа салады. Оның үстіне жіктер дөңестерін бір-бірімен дәл
түйістіру қажет емес. Әрбір қабатты пісірер алдында оның бетін жалтыратып
тазарту керек. Сонда пісірілген жалғаулардың беріктігі мен тығыздығы
артады.
Көп қабатты етіп пісірудін артықшылығына бұл жағдайда металдың аз ғана
аймағы қызатындығын жатқызуға болады. Оның үстіне әрбір қабатты жеке-жеке
бақылап пісіруге болады. Бірақ оның кемшілігіне еңбек өнімділігінің
төмендеуі мен газ шығынының артып кететіндігін жатқызуға болады.
Құбырларды пісіру. Қабырға қалыңдығы 3-5 мм болатын, диаметрі — 100 мм-
ден аспайтын құбырларды газды пісіргіштермен пісіреді. Көбінесе үйлердің
жылыту жүйесін, ыстық және суық сулар құбырларын жүргізген кезде
қолданылады.
Көміртекті болаттан, түсті металдан және қорытпалардан (мыс, жез және
т.б.) жасалған түтіктерді пісіреді. Пісіру әдісін таңдағанда көбінесе
құбырлардың қырларын түйістіріп пісіру әдісін қолданған жөн, себебі осы
кезде оның қырларын қарапайым жолмен өңдейді және газ шығыны төмен болады
(6-кесте).
Қабырға қалыңдығы 3 мм-ге дейінгі түтіктерді пісіргенде олардың
қырларын өндемей-ақ, аралығындағы саңылауды 1,5 мм етіп пісіреді, ал
қабырғасы қалың түтіктердің қырларын V- тәрізді етіп 70-90°С бұрышпен
өндеп, 1,5-2,5 мм доғалдандырып, аралық саңылауды 2-3 мм қойып пісіреді.
9-сурет. Жік жасау реті:
а — шеттен бастап; б — ортадан бастап
10-сурет. Қораптарды пісіру реті
11-сурет. Түтікті айналдырып пісіру кезіндегі оттық пен сымның
орналасуы:
а — сол тәсілмен; б — оң тәсілмен
Түтіктерді құрау мен орталықтандыруды арнаулы аспаптармен жүргізеді:
диаметрі 60-89 мм аралығындағы түтіктер үшін орталық дәлдегіш струбциналар,
ал 48-159 мм түтіктер үшін арнаулы аспаптар қолданылады.
Газ құбырларын пісіруге койылатын ерекше талаптар төменде баяндалады.
Түтіктерді пісіруді оң жақ немесе сол жақ тәсілдермен жүргізе береді.
Бұрылыстағы жалғауларды оттық және қоса пісірілетін металды (11-суретте )
көрсетілгендей төменгі әдіспен пісіреді. Жік аздаған дөңес болуы үшін
балқыған металл ваннасы түтіктің жоғарғы бөлігінен сәл төмендеу болуы шарт.
Осы әдіспен үзындығы 30-50 мм ұстағыштармен ұстатылған иінді түтіктерді де
пісіруге болады. Пісіру кезінде, әсіресе жіктің аяқталар жеріне қатты көңіл
бөлу керек.
Түтіктердің айналмайтын тура бөлігін екі кезеңмен пісіреді: диаметрі
100 мм-ге дейінгі түтіктердің астына алдымен жік жасайды, ал содан кейін
үстіңгі жағын төменгі әдіспен пісіреді. Диаметрлері 100 мм-ден асып кететін
түтіктерді төрт кезеңге бөліп пісіреді: алдымен астыңғы жағын екіге (оң жаң
және сол жақтарын) бөліп пісіреді де, үстіңгі жағын да екіге бөледі.
Төменгі және жоғарғы жіктер бір-біріне қарама-қарсы салынады, және олар бір-
бірлерін 30-40 мм-ге айқасып жабу керек. Қабырға қалыңдығы 5 мм-ге дейінгі
диаметрлері 150 мм-ден артық емес, газ жүретін түтіктерді қырла- рын
өңдемей, аралық саңылауға 2 мм қойып оттықтар- мен пісіреді (1-кесте). Газ
құбырларын газбен пісірудің технологиялық ерекшеліктері болады: қолмен бір
қабат етіп қана пісіреді; қолданылатын түтіктер мен материалдардың
сертификаты немесе пісірілген үлгісі болуы керек; түтіктерді қосымша
механикалық сынаудан өткізу керек; оларды құрау мен пісіруді бақылап отырып
жүргізеді; пісіріп болғаннан кейін жалғастырғыш жіктерді алдымен сырттай
қарап тексереді; сонан соң физикалық бақылау әдістерімен тексереді және
жіктен аздап кесіп алған үлгіні механикалық тәсілмен сынайды.
Газ құбырларын пісіруге куәлігі және ондай жұмыстарды аткаруға болады
деген құжаты бар тәжірибелі пісірушілер жіберіледі. Жөндеулік пісіруге
диаметрі үлкен емес кейбір тесіктерді, ойықтарды, жарықшаларды бітеу және
біріктіріп жамау сияқты жұмыстар жатады. Диаметрлері кішігірім тесіктерді
(12 сурет) сол жақ тәсілмен пісіреді, ал қоса пісіретін металды тесіктің
сыртынан бастап ішіне қарай бұранда тәрізді қозғай отырып, тесікті
толтырады.
Жарықшаларды пісіру үшін олардың қырларын алдын ала жарқырағанша
шапкымен немесе фрезамен тазалайды. Содан кейін жарықшаның екі шетінен
тесік теседі. Сонда ол пісірген кезде қызу әсерінен одан әрі созылмайды.
Жарықшаны пісірудің техникасы оның үзындығына байланысты. Қысқа жарықтарды
ортасынан екі шетке қарай пісіреді (13-сурет). Ұзындығы 200 мм-ден көп
болатын жарықтарды пісіру үшін оларды алдымен сына қағып, (14-сурет) ашып
алу керек.
Құбыр түйісулерін пісіру тәсілдері
6-кесте
Жалғау түрлері Суреті Қолдану облыстары мен
технологиясы
Қырларын өңдемей, Қабырға қалыңдығы 3 мм- ге дейінгі
түйістіріп пісіру құбырларды жалғайды. Бұл кезде
аралығына 1,5 мм саңылау қалдырып,
қосымша балқытылатын сым қолданады
Қырларды өңдемей, Қабырға калындығы 3 мм- ге дейінгі
ішіне сақина салып, құбырларды жалғайды. Бұл кезде барлық
түйістіре пісіру жік сапалы пісіріледі
Түтік шетін Құбырдың ішкі диаметрін өз қалпында
кеңейтіп, ішіне қалдыру үшін қолданады. Бұл кезде жік
сақина салып пісіру тұтас сапалы пісіріледі
Қырларды жантайтып, Қабырға қалындығы 3 мм- ден көп
түйістіре пісіру құбырларды жалғауға қолданады. Бұл кең
таралған тәсіл
Қырларды жантайтып Жалғанатын құбырлардың ішкі
ішіне сақина салып диаметрлерін азайтуға болатын жағдайда,
пісіру жікті өте сапалы етіп пісіру үшін
қолданылады
Қырларды жантайтып, Жалғанатын құбырлардың ішкі диаметрі
ішкі жағын кигізетін тұрақты өзгеріссіз болатын жағдайда
сақинаға арнап жонып қолданылады
пісіру
Осьтері дәл түйісуі Қабырғалары қалың құбырлардың осьтерін
үшін құбыр шеттерін өте дәлдікпен жалғау үшін қолданады, ал
жонып бір-біріне жік беріктігі металл дінінен аз болуы
кіргізіп пісіру мүмкін
Күрделі операциялы Бұл тәсіл құрастыру кезінде басқа
жалғастыру құбырларды жалғастыру мүмкін болмайтын
жерде қолданылады
Айнаны пайдаланып Бұл тәсіл де құрастыру кезінде
құбырларды пісіру қолданылады. Пісірілетін құбыр
түйісуіне оттық бара алады, бірақ оны
көзбен бақылау қиын болған жағдайда
қолданылады
2-сурет. Оқшаулап алынған ақаулы орынды пісіру
13-сурет. Жарықшаларды пісіру:
а — қысқа; б — ұзын; 1-5 жік жүргізу реті
14-сурет. Жарықшаны сына қағып пісіру
15-сурет. Жамап пісіру:
1-4 – жік жүргізу реті
2. Қауіпсіздік техникасы
2.1. Еңбек қорғау мәселелері жайлы мемлекеттік занды актілер
Еңбек қорғаудың заңдылықтарына Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
мен басқа да мемлекеттік актілері, республика Министрлер кабинетінің,
кәсіподақтарының орталық кеңесінің заңдылық актілері және кәсіподақ
ұйымымен келісілген министрліктердің нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ
ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген еңбек қорғаудың нормалары жатады.
Еңбек қорғау мәселелері Қазақстан Республикасы Конституңиясында,
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, кәсіпорынның еңбек қорғау
қызметі туралы ережесінде айқындалған.
Мысалы: Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабында әркімнің
қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін
нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік
қорғалуға құқығы бар деп тұжырымдалған. Осы тұжырым басшылыққа алынып, 2007
жылғы 15 мамырда қабылданған Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде
қоғам мен мемлекет мүддесі үшін ұйымдастырылған еңбек қызметінің кез келген
түріне қатысушылар еңбекті қорғауға құқылы деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 6 бөлімнен, 40 тараудан, 341
баптан тұрады. Кодекстің бірінші бөлімі жалпы ережелерді қамтиды, оның
ішінде осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар, Қазақстан Республикасы
еңбек заңнамасының мақсаты мен принциптері, … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz