Күні: Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Әдептілікке үйренейік. Сөз. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 3.8 Каллиграфиялық нормаларды сақтау |
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы |
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. |
Тілдік құзыреттілік |
Әдепті-этики—ethics |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
Сабақтың басыЫнтымақтастық атмосферасын қалыптастыру5 минут |
Аққу болып ұшамызКөлге келiп қонамызКөлдiң бетiн құшамызҚайта самғап ұшамыз.– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шебері
|
Сабақтың ортасы8 минут |
№1 Өлеңді мұқият тыңда. Бөбектерім, оқы, ойнаОқу, білім саған пайдаКітабыңның шетін жыртпаСиямен бояп қоймаҚолынды жу,тірнағынды алМұрынынды сүрт орамалменКешігіп қалмай мектепке барАлысып жүтмей балаларменАта-ана , мұғалімгеҚарсы келмей әдепті болӨтрік айтпа,үйрен шынға,Тілейтін сеннен сол
Өлеңдегі әдептілік ережелерін суреттерге сүйеніп айтып көр.
Сен осы ережелерді орындап жүрсің ба?
Оқушылармен талқылауға мынадай сұрақтар ұсынылады:
Берілген өлең не туралы?
Сендерге өлең ұнады ма? Неліктен ұнады?
Бұл өлең нені еске түсірді?
Мәтіннің қай бөлігінде сенің күлкің келді?
Қай сөздер ұқсас болып естіледі?
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
|
Сергіту сәті1 минут |
Әппақ болып таң атты,Түтiн тiке шығады.Қарлығаштар қанатынСамғап биiк ұшады.Топ-топ, топ басайық,Жалаудан күн жасайық.Жаса, жаса алтын күнЖаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады) |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
Қызықты тапсырма8 минут |
Сурет бойынша тапсырма.Кітапты көркемде. |
Түрлі тапсырмалар. Кітаптың суреті. |
Аяқталуы
16 минут
|
№2 Сурет мазмұнына сәйкес сәлемдесу, қоштасу сөздерін таңда.
|
Оқулық, дәптерлер.
|
Сабақтың соңы2 минут |
Рефлексия |
Смайликтер
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) |
Қолдау көрсету.Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Өнер, ана тілі сабағыОқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |