Танымал қазақстандықтар #Қайтаөңдеуге жобасын қолдады

0

Идея авторы – белгілі фотосуретші Дамир Өтеген. Осылайша, ол үстеріне пластикалық бөтелкелер, тетрапакеттер, қағаз, целлофан пакеттер сияқты қоқыс құлаған адамдардың  эмоцияларын көрсеткісі келген.

#Қайтаөңдеуге фотожобасына танымал қазақстандықтар: актер Санжар Мәди, Әділ Ахметов, Ерден Телемисов, актриса және продюсер Әсел Садвакасова, спортшы Валихан Тен, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, әнші Ақмаржан Көшербаева, тележүргізуші Майя Веронская, сондай-ақ фотограф Дәуір Жомарт қатысты. «Бұл суреттерді, сіз қаладағы билбордтар мен аялдамалардан көре аласыз.

#Қайтаөңдеуге фотожобасы елордада қалдықтарды бөлек жинауды енгізуге арналған. Ол 2018 жылдың жазынан іске асырылып жатыр», — деп мәлімдеді Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасында. Экологиялық жобаны қала әкімдігі «Оператор РОП» ЖШС бірлесіп жүзеге асыруда. Қалдықтарды бөлек жинау пластик, қағаз, шыны, металл  сияқты «құрғақ» және тамақ қалдықтары сияқты «дымқыл» фракцияларға бөлініп жүзеге асырылады.  Жоба аясында елордада 6 мыңнан астам контейнер орнатылады.

Қазіргі кезде көптеген үйдің аулаларында «құрғақ» қоқыстарға арналған сары түсті контейнер пайда болған. Оған  пластик, шыны, пакеттер, қаңылтыр және қағаз қалдықтарын тастау керек. Бұл қалдықтар іріктеліп, қайта өңдеуге жіберіледі. Жасыл контейнерлер тамақ және басқа да қалдықтарды жинауға арналған. Жасыл контейнерлердегі қоқыс полигонға жеткізіледі.

Дереккөз: http://egemen.kz/