Дүйсенбі күні Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа-райы сақталмақ

0

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшейюі күтіледі.

Қазақстанның барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, атомсфералық фроннтардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, тек оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшейюі сақталады. Бұл туралы zakon.kz Қазгидромет берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде тұман күтіліп, желдің жылдамдығы 15-25 м/с артып, күндіз бұрқасын болуы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын күтіледі.

Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-23 м/с күшейеді.

Алматы облысында түнде, Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 30 м/с аса күтіледі.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/