Тойда күйеуін жас қыздан қызғанған әйел елді күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)

0

Әлеуметтік желіде жұбайын жас қыздан қызғанған әйелдің әрекеті түсірілген видео тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Видеода бойжеткенмен билей бастаған азаматты әйелі тоқтатып жатқаны байқалады. Ол күйеуін жас қыздан аулақ жерге сүйреп әкетеді.

Мұны көрген желі қолданушылары күлкіге қарық болғандарын жарыса жазуда.

«Бастан өтті ғой», «Қызғанатын адамды тапқан екен», «Әйеліне бағынып бара жатқан еркекті айт», «Жарайсың», — деп жазған пікір қалдырушылар.

https://www.instagram.com/p/Bm0njqghhms/?utm_source=ig_embed