Цифрлы Қазақстан
Жолдауда Елбасы: «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты»,
Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
Цифрлы Қазақстан бағдарламасы – озық білім мен құзіреттіліктің бастамасы.Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымды дамытуға, адам капиталын жақсартуға, экономика саласын цифрландыруға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталады. Білім ордамыз цифрландыруға біртіндеп көшуде. Бұл мекемеде робототехника бойынша таңдамалы курстар ашылды, интерактивті сабақтар өткуге қол жеткіздік. Сабақта және сабақтан тыс шараларда жаңа технологияларды пайдалануға мүмкіндік мол. Мектебімізде сабақтан тыс уақытта оқушылардың дүниетанымын кеңейту мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырып өткізіледі. Дамыған шет мемлекеттердің озық жүйесін оқыту үрдісіне енгізіп, білімгерлердің заманауи білім алуына, білімді тәжірибемен ұштастыруына мектепте жағдай жасалған.
Ресми ақпараттарға сүйенетін болсақ, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биылғы оқу жылы туралы өткізген баспасөз мәслихатында әр пән бойынша ресурстар мектептерге 100% жеткізілгенін мәлімдеген. Сонымен қатар министрдің айтуынша, биыл ауылдардағы 5324 мектепке 56 977 компьютер жинағы беріледі. Биылғы оқу жылында республика бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткен 110 мыңнан астам педагог сабақ өткізіп жатыр. “Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасында 2022 жылы интернет желісін пайдаланушылардың үлесін 82%-ға, халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 83%-ға дейін арттыру көзделген. Сонымен қатар Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 2018-2020 жылдар аралығында 1700-ге жуық ауылдық елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жұмысы жүргізіліп, 2 миллоннан астам тұрғын сапалы интернетке қол жеткізетінін мәлімдеді.
Бізге тенхнологияларды тек импорттап қана қоймай, оларды барынша дамыта түсу қажет. Бір орында тұралап қалуға болмайды. Бізге бірлесе әрекет ету керек. Цифрландыру барысында біздің университеттер мен зерттеу шаралары байланысты болғаны жөн. Жаңашылдықты қолданып қана қоймай оны тиімді пайдалану арқылы біз бәсекелестікті арттыра аламыз. Ол экономикаға да тиімді, азаматтарымызға да ыңғайлы.
Елбасы: Болашақ жастардың қолында екенін жиі айтады. Қазақстан бүгінде әркімге қай саладан болмасын мол мүмкіндік туғызып отырған ел. Сондықтан цифрлық Қазақстанға қол жеткізу үшін жастарға артар үміт зор, ‒ деді.