Сұлтандар сайысы
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Сұлтандар сайысы
Автор: Турданова Салтанат Салыбековна
Бағыты: Сынып жетекші Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: 4 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-19
Материал туралы қысқаша түсінік
Жігіт сұлтаны
- Жақыпбек Ердәулет
- Салкинбек Эльдар
- Демұзақ Әділет
Жігіттер ортаға шығады. Көрермендерге, қонақтарға әділ қазылар таныстырылады.
Әділ қазылар: Шарафудинова Р Ниязқұлова Г Налібаева ГЖүргізуші: Жігіттер келіп жетті танысуда, Бойындағы бар дарынды көрсетуге. Тыңдаңыздар, халайық, жігіттердің, Өздерінің таныстыру кезеңдерін.
Ердәулет: Түскенде аламанда терге құлан, Теңгеңді теріп жүріп жерден жұлам. Ат құлағы ер астында ойнақтаған, Ұлыңмын Ердәулет деген мен боламын.
Дидар: Егемен елдің іші азатпыз ғой, Бөлінбейік біз өзі азақпыз ғой. Қайтеміз, танысқанда руға бөліп, Бәріміз бір атадан – Қазақпыз ғой. Эльдар: Әлі де асу асып жетер едім, Жарыста топты жарып өтер едім. Көрермен мені қолдап отырсаңдар, Сіздерді төбеме алып көтеремін.
Әділет: Көрсетер күнді мейлі бағым айды, Жігіттен жеті өнер де артылмайды. Шынашақтай болсам да сынға түстім, Ағайын, күш атасын танымайды.
Мұғалім: — Жарайсыңдар, балалар! Сайысымыздың келесі кезеңі «Салт-дәстүр» бойынша сұрақ-жауап сайысы.
- Жеті қазынаға нелер жатады? Жеті қазынаға: жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, өткір кездік.
- Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесің? Қазақтың ұлттық ойындары: алтыбақан, арқан тарту, асық ату, ақ сүйек, білектесу, көкпар, қыз қуу.
- Ер қаруы бес қаруды ата. Ер қаруы бес қару: садақ, найза,қылыш, шоқпар, айбалта.
- Бес асыл істі ата. Бес асыл іс: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Ей, ер жігіт, ер жігіт, Ей, өр жігіт, өр жігіт.Атыңа ерік бер жігіт,Күшіңді көрсет, ер жігіт! Мұғалім: Келесі сайсымыз «Қол күрес сайысы» Бірінші күш сынасатын жігіттеріміз Ердәулет пен Эльдар. Екінші күш сынасатын жігіттеріміз Дидар мен Әділет. Жүргізуші: Бізге бәрің ұнадың, Тамаша екен жыр – әнің. Би – қозғалыс өнерін, Көрсетсін жас өренім.Мұғалім: — Келесі сайысымыз « Өнер сайысы» Бірінші болып өз өнерін көрсететін жігітіміз Дидар «Нұрлы жол» әнімен қабыл алыңыздар. Екінші өз өнерін көрсететін Эльдар жігітіміздің «Рэп» биін қабыл алыңыздар.Үшінші болып өз өнерін көрсететін Ердәулет «ЧА Ча Ча» биін қошеметпен қабыл алыңыздарТөртінші сайыскеріміз Әділеттің орындауында «Қазақша» би, қабыл алыңыздар.Мұғалім: Ұлдарымыз сән үлгісіне дайындалып жатқанда алдарыңыздаЮсупова Лаураның орындауында « Көңілді күн» әнін тыңдаңыздар.Мұғалім: Кезекті енді сән сайысына берейік. Ортаға сайыскер жігіттерімізді шақырайық.Ортада жігіттеріміз қазақтың ұлттық киімдерін көрсетедіЖүргізуші: Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші, Сұлтаны деп мектебіміздің жүрейікші. Қазыларға тек қана әділдікті, Ал, жігіттерге сәттілік тілейікші.Мұғалім: Сөз кезегі әділ қазыларда. Әділ қазылар балаларды марапаттайдыҚорытынды:Мұғалім: Өнерлерің өрге жүзсін, мерейлерің үстем болсын!Балалар: Келесі кездескенше, сау болыңыздар!
«Шымкент №1 саңырау балалардың мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жоспардан тыс іс – шара Тақырыбы: «Сұлтандар сайысы»
Мұғалім: Турданова С
2017 – 2018 оқу жылы
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.