Қызықты пішіндер, геометриялық пішіндер

0
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасы (19. 01. 2016)
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру.
Тақырыбы: «Қызықты пішіндер» (Геометриялық пішіндер)
Мақсаты: Жұп заттармен таныстыру. 5 көлемінде санау, геометриялық пішіндерді (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы) танып, ажырата білуді және орналасу реттілігін сақтауды үйрету. Сипап сезу мен көру арқылы пішіндерді өз бетінше ажырата білуге үйрету. Қарапайым математикаға деген қызығушылықтарын арттыру.
Қажетті құрал – жабдықтар, көрнекіліктер: Буратино (жалпақ бетте жасалған), қысқы киімдердің қима суреттері, қағаздан жасалған геометриялық ұсақ пішіндер және қолғаптар.
Билингвалды компонент: Қызық – интересный, пішіндер – фигуры, жұп – пар.

Мотивациялы — ынталандыру кезең
I. Кіріспе бөлім.
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Ендеше күндей жадырап бүгінгі күнімізді бастайық. Шұғылалы күнмен амандасып алайық.
«Амандасу рәсімі»
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да.
Шуағын төгіп нұр,
Сәлем, Күн – анаға!
арқылы әңгімелеу
Кіріспе сұрақтар қою:
— Балалар, қанеки, есімізге түсірейікші жылдың неше мезгілі бар?
— Жыл мезгілдерін атаңдаршы.
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Қыс айларын атаңдаршы?
Балалар, бүгін бізге қонақ келіпті.
Топқа Буратино қонаққа келеді.

Ұйымдастыру ізденгіш кезең
II. Негізгі бөлім:
Жаңа тақырыппен таныстыру.
«Жұбын тап» дидактикалық ойын:
Тақтада геометриялық пішіндерді суреттері ілінеді.
— Геометриялық пішінді кім жылдам айтып береді?
«Қолғапты тап» дидактикалық ойыны:
Буратино мұз айдыныңда қолғабының сыңарын жоғалтқанын, енді көмек сұрайтынын айтады.
Тәрбиеші пішіндерден жасалған оюлары бар қолғаптарды көрсетеді. Сұрақтар қоя отырып, сыңарын тапқызады.

Сергіту сәті:
Тоңса біздің қолымыз,
Қолғап киіп аламыз.
Сарт — сұрт, сарт — сұрт,
Шапалақтап соғамыз.
Тоңса біздің аяғымыз,
Етік киіп аламыз.
Топ — топ, топ — топ,
Топылдатып билейміз.
Тоңса біздің денеміз,
Тонды киіп аламыз.
Зу — зу, зу — зу,
Шанаменен зулаймыз.
Қызықты пішіндер (Геометриялық пішіндер) жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/