Өмірдің қиын жағдайына тап болған оқушымен жүргізетін психологтің жұмысы
Тақырыбы:
«Өмірдің қиын
жағдайына тап болған отбасындағы балаларымен
жұмыс»
Жұмыс мақсаты
— Өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасындағы балаларды қорғау, көмек көрсету және оның дамуына ықпал ету.
Жұмыс міндеті:
Бала тәрбиесінде отбасына әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету. Тұлғалану үдерісіне кері әсерін тигізетін әлеуметтік қатерлі отбасыларын анықтау;Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу;Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін анықтау;Жеке алдын алу жұмыстарын жүргізу.
Өмірдің қиын
жағдайына тап болған отбасы
Бұл әлеуметтік статусы төмен, өзіне жүктелген функцияларды атқаруға қабілетсіз, қоғамға бейімделуі төмен, баланы отбасындағы тәрбиелеу процессі үлкен қиыншылықпен, баяу және нәтижесіз өтетін отбасы. (профессор, педагогика ғылымының докторы М.А.Галагузова)
Өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасыларға мыналар жатады
1. Жанжалды отбасы — кеңірек тарағаны;2. Биморальды отбасы (маскүнемдік, төбелес, былапыт сөз)3. Педагогикалық дәрменсіз отбасылар — жалпы мәдениет деңгейінің төмендігі мен психологиялық — педагогикалық мәдениеттің жоқтығы;4. Асоциалдық отбасы- жағдайы жалпы қабылданған әлеуметтік нормалар мен мінезіне ауытқулар бар (ерте бастан ішімдікке, нашақорлыққа үйрену, үйінен қашып, қаңғыбастыққа салыну және басқа да жат қылықтар).
Өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасындағы балаға педагогикалық қолдау көрсететін маманға келесі талаптар қойылады:
Көрсетілген қолдаудың мәнін түсіну; Кәсіби даярлық;Қалыптастырушы бастау; Жеке қасиеттер.
Отбасының қиын жағдайға тап болуының себептері:
Ата-ананың педагогикалы білімінің төмендігі;Кедейлік, киын материалдық жағдай;Тұрғын үй мәселесі (оның болмауы) ;Жұмыссыздық;Үйдегі ұрыс-керіс (ата-ананың ажырасуы);Ата-ананың балаға қатыгездік көрсетуі, баланы қадағалауысыз қалдыру;Баланың қажіттіліктеріне көңіл аудармауАта-ананың қауіпті тәуелділіктері.
Әлеуметтік педагогтың жұмысы:
Жанұяны біріктіру;Бірігіп еңбек етуге әзірлеу;Жанұяның жалғыз емес екендігін сендіру, сенімділік арттыру;Балаларды жағымсыз эмоциялардан, көніл-күйден алшақтату.
Әлеуметтік педагогтың жұмысы
үш негізгі функциядан тұрады:
білім беру (ата-аналар үшін кеңес беру алаңын ұйымдастыру); психологиялық (психолог мамандарды тарта отырып жұмыстар ұйымдастыру); делдалдық (ақпараттандыру, мектеп пен отбасы арасында серіктестік қатынастар мен байлансытар орнату, мамандардың қызметтерін ұйымдастыру және үйлестіру)
Алғашқы кезеңде мұндай балалармен жұмыс
Оқушының өзімен және оның әлеуметтік ортасының өкілдерімен, отбасының мүшелерімен әнгімелесу жүргізіледіӘнгімелесу барысында қарам-қайшылықтар байқалса, оның мәнін түсінуге тырысуымыз керек. . Сынып жекетшісімен бірге баланың ата-анасына оқушының денсаулық жағдайы туралы сауалнама толтыруды ұсынамыз.. Отбасының мекен жайы, отбасындағы бала саны, оқушының және оның отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы, әлеуметтік кепілдіктердің бар жоқтығы, отбасы қандай көмекке зәру екендігі туралы мәліметтерді қамтитын отбасының әлеуметтік төлқұжаты толтырылады.
Егер бала өмірдің қиын жағдайында объективті түрде болса:
1. Бала мектепте үнемі ұйқысы қанбай, аш немесе мектепке қажетті құралдарсыз келуі;2.Сабақ кезінде оқушының мінезінде ауытқушылық болуы;3.Оқушы сабаққа үнемі кешігуі;4. Оқушы сабақты себепсіз жие қалдыруы.
Педагогикалық қолдаудың тиімді әдістері:
Кеңес беру;Сөйлесу;Үйірмелерге қатыстыру;Топтық кеңес беру;Баланы тәрбиелеуде ұқсас проблемалары бар ата-аналар тобына арналған тренингтер;Әртүрлі кездесулер;Сұрақ-жауаптар; Ата-ана конференциялары.
Өзге мамандардың көмегі:
Әлеуметтік педагог әлеуметтік қорғау органдарымен тығыз байланысты болады, егер бала мен отбасына материалдық қолдау қажет болса;Отбасылық қиындықтарды ұмытып кету үшін, баланың таланттарын ашу үшін, Мәдениет үйінің қызметкерлерімен тығыз байланысты болады;Егер баланың денсаулығына байланысты емдеуге жіберу қажет болса, медициналық қызметкерлерімен тығыз байланысты болады.
Өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасындағы балаға баламен жүргізілетін жеке жұмыс
Әнгімелесу;Талдау мақсатында оқушының сабағына қатысу;Бос уақытының тиімді пайдалануын бақылау;Тәрбие сағаттарын өткізу;Сабаққа қатысуға ата-аналарды тарту; Баланың жазғы демалысын ұйымдастыру, жұмысқа орналастыру.
Өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасындағы балаға педагогикалық қолдаудың тәжірибиесін талдай және жүйелей келе мынадай қорытындыға келуге болады:
Әлеуметтік педагогтің жұмыс барысында баланың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып педагогикалық қолдаудың түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады; Әлеуметтік педагог тек қана педагогикалық қолдау білдірмейді, сонымен қатар ол баланың әлеуметтік қорғалмауын алдын алу бойынша жұмыстарды да жүзеге асырады.