Ақтауда жүкті әйелді көлік қағып кетті — Тосын жай
Ақтауда жүкті әйелді көлік қағып кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Лада» басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 17 қаңтарда 5, 6, 7 және 8-ықшамаудандар қиылысқан тұста болған. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балаға еш зиян келмеген, ал әйелдің жағдайы орташа ауыр.
«Әйел адам қазіргі уақытта Маңғыстау обылстық ауруханасының травматология бөлімінде жатыр. Оның бұғанасы сынған», — деді ведомство өкілдері.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz