Мұхаммед Әлидің үйі $2,5 млн-ға сатылды

0

Астана. 18 қаңтар. KAZISLAM – Мұхаммед Әлидің жұбайы Лони Әли Мичиган штатында орналасқан 328 гектар аумақтағы үйді «Türken» қорына сатты. Бұл туралы TRT түрік телерадиокомпаниясына сілтеме жасап Ansar.ru хабарлады.

«АҚШ-тағы «Жастар және білім» түркиялық қоры 2016 жылы өмірден өткен ұлы боксшы Мұхаммед Әлидің Мичиган штатындағы үйін 2,5 млн долларға сатып алды» деп жазады басылым. Үй территориясында спорт залы, бокс рингі, баскетбол алаңы және бассейн бар.

Еске салсақ, бұл үйді Мұхаммед Әли 70 жылдардың орта тұсында 400 мың долларға сатып алған. Боксшы кейіннен Лос-Анджелес пен Аризонға көшіп кетсе де уақыт өте демалуға және оңаша қалуға дәл осы үйіне келіп тұрған.








Дереккөз: http://kazislam.kz/