Тауар биржасының қызметі | Скачать Курстық жұмыс
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Тауар биржасы және оның нарықтық экономикадағы орны
1.1 Тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеу 6
1.2 Тауар биржасын құру 6
1.3 Тауар биржасының қызметі 11
12
2 Қазақстандағы тауар биржаларының іс-әрекетін заңдылық тұрғыдан реттеу
2.1 Брокерлік және дилерлік қызмет. Тауар биржасындағы коммерциялық 15
құпия
2.2 Тауар биржалары саласындағы мемлекеттік бақылау 15
2.3 Биржалық сауданы ұйымдастыру 16
20
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі 22
26
Қосымша 1
Қосымша 2
Қосымша 3
Қосымша 4
Кіріспе
Тауар биржасы деген бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын
негізгі нарық орны. Тауар биржаларында ірі банктер қожалық етеді. «Биржа»
деген термин ежелгі грек сөзі — «бурзэ», яғни әмиян деген мағынаны
аңғартады. Алғашқы тауар биржасы XVIғ. Голландияда бағалы қағаздар
(облигация, содан кейін акция) шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII
ғ. биржалар тауар және тауар биржасы болып бөліне бастады. Тауар
биржаларының ең кең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына
өту кезі, яғни XX ғ. бас кезі. Ол уақытта тауар биржаларының негізгі
операциялары өндіріс кэсіпорындарының акцияларын шығару және сату болды.
Биржа өнеркөсіп циклын және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы
өзгерістерді қадағалап отыратын барометр сияқты. Сондықтан тауар биржасы
өнеркәсіптің өрістеу фазасында экономиканың өсуіне, ал дағдарыс фазасында
оның баяулауына себепші болады.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде биржалар бірнеше түрге бөлінеді.
Мысалы,
• тауар биржасы (бағалы қағаздар сатады);
• валюта биржасы;
• тауар биржасы;
• еңбек биржасы.
Сонымен, биржа — нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным
негізінде тауармен, бағалы қағаздармен «сауда жасалады және қызметкерлер
жалданады. Ол — сатушылар мен сатып алушылар келісімге келу үшін кездесетін
орын.
Тауар биржасы жеке кәсіпкерлік принципінде жұмыс істейді (мысалы,
Лондон, Нью-Йорк биржалары), немесе оны мемлекет ұйымдастырады (мысалы,
Францияда, Италияда). Тауар биржасын ұйымдастыру және оны басқаруда әр елде
көптеген өзгешеліктер бар.
Тауар биржасының жұмысы жарғы бойынша ұйымдастырылады. Жарғыда тауар
биржасы құру, оны басқару тәртібі және оның әрбір буынының қызметі,
мүшелерінің құрамы және сол сияқты ұйымдастыру принциптері анықталады.
Биржаның басшы органы болып биржалық комитет саналады, ал оның мүшелерін
брокер (немесе маклер) деп атайды. Олар бағалы қағаздар нарығында
клиенттердің есебінен және солардың атағынан делдал болып операциялар
жүргізеді. Себебі нарыққа клиенттердің өздері қатысуға болмайды. Брокерлер
сол жұмысы үшін куртаж деп аталатын төлем ақы алады. Брокерлермен қатар өз
есебінен ақша жұмсап алыпсатарлықпен айналысатын дилер де жүреді. Осы Заң
тауар биржалары қызметі және биржалық сауданы жүзеге асыру процесінде
туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, тауар биржаларының ашық және
тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, биржалық саудаға қатысушылардың
құқықтарын және олардың арасындағы адал бәсекелестікті қорғау мақсатында
тауар биржаларының қызметін реттеу және мемлекеттік бақылау тәртібін
белгілейді.
Бағалы қағаздармен сауда-саттықты тауар биржасы, заңдарға сәйкес өзге
де ұйымдар ұйымдастырады.
Тауар биржасы — акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында
құрылған, осы сауда- саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана
отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда- саттықты ұйымдық және
техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңи тұлға және
акционерлік қоғам нысанындағы өзін — өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым.
Тауар биржасының қызметі өзін — өзі өтеу қағидатына негізделеді және оның
қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық – техникалық дамытуға
пайдаланылады.
Тауар биржасы:
1)сауда жүйелерін пайдалану және қолдау;
2)тауар биржасының тізіміне бағалы қағаздарды енгізуге жорамалданып
отырған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ тауар биржасында
айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздар мен өзге де қаржы
құралдарына талап қою;
3)тауар биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздармен және өзге
де қаржы құралдарымен мәміле жасау мақсатында сауда жүйесіне кіруге өз
мүшелеріне мүмкіндік беру, осы қаржы құралдары бойынша тұрақты сауда-саттық
ұйымдастыру және өткізу, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп
айырысуды ұйымдастыру және жүзеге асыру, не осындай есеп айырысуды жүзеге
асыру үшін қажет ақпаратты әзірлеу;
4)өз мүшелеріне ұйымдық, консультациялық, ақпараттық және өзге де
қызметтер көрсету;
5)бағалы қағаздар рыногы және өзге де қаржы құралдары мәселелері
бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;
6)банк заңнамасында белгіленген тәртіппен банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыру және тауар биржасының ішкі құжаттарында
көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тауар биржасы бағалы қағаздардың қайталама рыногының ұйымдастырушысы
болып табылады. Биржадан тыс рынок, әдеттегідей, тек бағалы қағаздардың
жаңа шығарылымдарын қамтиды. Онда көбінесе облигациялар орналастырылады.
Биржада, керісінше, бағалы қағаздардың ескі шығарылымдарының, негізінен
акционерлік қоғамдардың акцияларының бағамы белгіленеді. Заңнамамен тауар
биржаларының ең төмен жарғылық капиталы белгіленеді. Тауар биржасы
инвестициялық институттар ретінде қызметпен айналыспайды, бірақ меншікті
акциялар шығара алады және сата алады, бұл оның мүшелері болуға құқық
береді.
Тауар биржасы заңнамаға сәйкес тіркелінеді және бағалы қағаздармен
биржалық қызмет жүргізуге Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясында
лицензия алады.
Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары және заңдарға сәйкес
бағалы қағаздардан басқа өзге қаржы құралдарымен өзге мәмілелерді жүзеге
асыру құқығы бар өзге де заңи тұлғалар тауар биржаларының мүшелері болып
табылады. Тауар биржасында бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының
кемінде он мүшесі болуы тиіс. Тауар биржасының мүшелері мәмілелерді жасау
осы мүшелер үшін тауар биржасының ережелерінде жол берілетін қаржы
құралдарының түрлері бойынша сауда- саттыққа қатысуға құқылы.
Сауда-саттықты ұйымдастырушының кірісі оның негізгі қызметінен алатын
қаражат есебінен құрылады. Сауда – саттықты ұйымдастырушы мынадай
жағдайларда:
1) сауда-сатықты ұйымдастыушының мүшелігіне кіргені үшін;
2) сауда-саттықты ұйымдастырушының мүлкін пайдаланғаны үшін;
3) бағалы қағаздар листингі үшін және олардың сауда-саттықты
ұйымдастырушысының тізімінде болғаны үшін;
4) мәмілелерді тіркеу және ресімдеу үшін;
5) ақпараттық қызмет көрсеткені үшін және өзге де жағдайларда ақшалай
жарналар мен алымдар алады.
Курстық жұмыстың мақсаты – тауар биржасы түсінігіне толық анықтама
беру. Осыған байланысты мынадай міндеттерді алдыма қойдым:
— тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеуін қарастыру;
— тауар биржасын құруды анықтау;
— тауар биржасының қызметін талдау;
— Қазақстандағы тауар биржаларының іс-әрекетін заңдылық тұрғыдан
реттеу
— биржалық сауданы ұйымдастыру тұсініге толық анықтама беру.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер және қосымшалардан тұрады.
1 ТАУАР БИРЖАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ
1.1 Тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеу
ТАУАР БИРЖАСЫ – заңды тұлға құқығына ие ұйым. Ол күні бұрын
белгіленген белгілі бір орында және белгілі бір уақытта өзі белгілеген
ережелер бойынша көпшілік үшін өткізілетін жария сауда-саттық нысанындағы
биржалық қызметті ұйымдастыру және реттеу жолымен көтерме сауда базарын
қалыптастырады. Аталған белгілерге сай келмейтін ұйымдар өзінің атауында
Тауар Биржасы немесе “биржа” деген атауды пайдалана алмайды.
Тауар Биржасы көпшілік қолды тауарлармен (астық, мақта, металл, т.б.)
үлгілер және стандарттар бойынша ірі көлемдегі көтерме сауданы қамтамасыз
етеді. Кейде биржалар тек бір топтағы тауарлармен ғана сауда жасауға
маманданады. Мәміле мерзімдік сипатта болады (ең көп таралған мерзім – 6
ай), мұның өзі баға айырмасынан пайда табу мүмкіндігін туғызады. пайда табу
мүмкіндігін туғызады. Биржалық баға туралы деректер биржалық бюллетеньдерде
баға белгіленімі түрінде ұдайы жарияланып тұрады.
Алғаш рет 19 ғ-да пайда болды. Қазіргі кезде мамандандырылған
биржалар ретінде кеңінен таралды. Биржадағы мәмілелер үш түрлі болып
келеді, олар: 1) қолма-қол ақшалай төленетін мәміле, мұндай жағдайда
тауардың дереу жеткізілуі көзделеді; 2) мерзімдік мәміле, мұнда тауар
шартта көрсетілген белгілі бір мерзім өткеннен кейін жеткізілуге тиіс; 3)
реттелмелі мәміле, яғни ерекше биржалық шарттарға негізделген мәміле.
Қазіргі заманғы биржаларда негізінен стандартталған тауар сатылады,
шындығында тауардың өзі емес, оны жеткізуге жасалған келісімшарт қана
сатылады.
Аса ірі Тауар Биржасылары Нью-Йоркте (астық
биржасы), Лондонда (металл биржасы) орналасқан. КСРО-да Тауар Биржасы 1921
– 30 ж. болды. 1985 жылдан бастап қайта жандана бастады. Қазақстанда Тауар
Биржасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде пайда болып, даму жолына
түсті. Тауар Биржасыұйымдық жағынан пайда алуға ғана емес, сонымен қатар
сауданы жеңілдетуге және арзандатуға мүдделі жеке меншікті тұлғалардың
қауымдастықтары түрінде ресімделді. Ол нақты тауар базарынан мерзімді
мәмілелер жасалатын, яғни тауар келешекте жеткізілетін базарға дейінгі,
сонан соң қазіргі заманғы фьючерстік биржаға дейінгі даму жолынан өтті.
Бастапқыда Тауар Биржасы тек сатушылар мен сатып алушылар арасындағы
тұрақты байланысты ғана қамтамасыз еткен болса, кейін сауда ғұрыптарын
тиянақтай бастады, баға белгіленімін жүзеге асырып, үлгілік
келісімшарттарды әзірлей бастады, дауларды реттейтін болды, т.б.
Соңғы 100 жылда Тауар Биржасының саны шамамен 60-қа дейін
қысқарғанына, яғни 3 есе азайғанына қарамастан, олар халықар. саудаға әлі
де күшті ықпал етуде: әлемдік тауар көлемінің 10%-ы осы Тауар Биржасы
арқылы сатылады.[1]
Тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеу Заңында мынадай
негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) биржалық брокер (бұдан әрі — брокер) — сауда қызметін реттеу
саласындағы уәкілетті орган беретін лицензия негізінде Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тауар биржасында өз қызметін
жүзеге асыратын, акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және клиенттің
тапсырмасы бойынша соның есебінен және мүддесі үшін биржалық тауармен
мәмілелер жасайтын заңды тұлға;
2) биржалық дилер (бұдан әрі — дилер) — сауда қызметін реттеу
саласындағы уәкілетті орган беретін лицензия негізінде Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тауар биржасында өз қызметін
жүзеге асыратын, акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және өзінің мүддесі
үшін және өзінің есебінен, сондай-ақ клиенттің тапсырмасы бойынша биржалық
тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға;
3) биржалық сауда – тауар биржасында сауда-саттықты, оның iшiнде
электрондық сауда-саттықты жүргiзу, мәмiлелердi тiркеу және ресiмдеу
жолымен жүзеге асырылатын биржалық тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк
қызмет;
4) биржалық сауда ережелері – Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекітетін биржалық сауданың үлгі ережелері негізінде әзірленген, әрбір
тауар биржасы үшін биржалық сауда жүргізудің тәртібін белгілейтін құжат;
5) биржалық сауда-саттық – биржалық тауарлар бойынша мәмілелер
жасауға бағытталған биржалық сауда ережелері шеңберінде жүргізілетін
процесс;
6) биржалық саудаға қатысушылар – биржалық сауданың белгіленген
ережелері бойынша тауар биржасында өзара әрекет ететін клиенттер, брокерлер
және дилерлер;
7) биржалық тауар – айналымнан алынып тасталмаған немесе айналымда
шектелмеген тауар, оның ішінде жылжымайтын мүлікті және зияткерлік меншік
объектілерін қоспағанда, тауар биржасы биржалық саудаға жiберген мерзімді
келісімшарт;
8) биржалық тауарларға баға белгiлеу – тауар биржасында белгiлi бiр
уақыт кезінде биржалық тауарлар бойынша жарияланған сұраныстың және
(немесе) ұсыныстың бағасы;
9) бұйрық – нақты биржалық тауарларға қатысты тауар биржасында
белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды көрсете отырып, клиент брокерге және
(немесе) дилерге ұсынатын құжат;
10) клиент – биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокердің және
(немесе) дилердің көрсететін қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды
тұлға;
11) клиринг – тауар биржасында жасалатын мәмілелер бойынша биржалық
сауда-саттыққа қатысушылар арасында өзара талаптар мен мiндеттемелердiң
есебiн жүргізу;
12) мерзімді келiсiмшарт – орындау мерзiмi ұзартылған биржалық
тауарды шартсыз немесе шартты сатып алу-сатуға арналған келiсiмшарт, оған
фьючерс, опцион жатады;
13) опциондық келiсiмшарт – сатып алушыға сыйлыққа айырбастап,
белгілi бiр уақыт кезеңiнiң iшiнде немесе белгiлi бiр күнге (опцион мерзiмi
аяқталған күнге) опцион сатушысынан орындау бағасы бойынша биржалық тауарды
сатып алуға немесе сатуға құқық (мiндеттемесiз) беретiн келiсiмшарт;
14) опциондық мәмiле – опциондық келiсiмшарт объектiсi болып
табылатын биржалық мәмiле;
15) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі –
уәкілетті орган) – сауда қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді және
үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
16) спот-тауар – шұғыл берілетiн немесе алдағы уақытта берілетiн,
қоймада тұрған тауар;
17) тауар биржасының мүшесi – Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес тауар биржасының ішкі құжаттарында көзделген тәртiппен биржалық
тауармен мәмілелерді жүзеге асыруға құқығы бар брокер және (немесе) дилер;
18) тауар биржасының сауда жүйесi – тауар биржасының материалдық-
техникалық құралдар, бағдарламалық өнiмдер, iшкi құжаттар және өзге де
қажеттi активтер мен рәсiмдер кешені, тауар биржасындағы сауда-саттыққа
қатысушылар арасында биржалық тауарлармен мәмiлелер жасалатын сауда-саттық
солардың көмегімен жүзеге асырылады;
19) тауар биржасының iшкi құжаттары – тауар биржасына қатысушылар
қызметiнің шарттары мен тәртібін, тауар биржасының, оның органдарының,
құрылымдық бөлiмшелерінiң жұмысын, қызмет көрсетулер, оларға ақы төлеудiң
тәртiбi мен мөлшерiн реттейтiн құжаттар;
20) фьючерстiк мәмiле – есеп айырысулар клирингтік орталық арқылы
кепілді төлей отырып жүргізілетін, сауда-саттыққа қатысушылар мәмiле
жасалған сәтте белгiленген баға бойынша биржалық тауардың белгiлi бiр санын
болашақта белгiлi бiр кезеңде беруге (қабылдауға) өзіне мiндеттеме қабылдай
отырып, тауар биржасында мерзімді келiсiмшартпен жасалатын биржалық мәміле.
Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасы Қазақстан
Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы
Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың
ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) тауар биржаларының қызметi саласындағы мемлекеттік саясаттың
негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) тауар биржаларының қызметiн дамыту саласындағы бағдарламаларды
бекiтедi;
3) биржа саудасының үлгі ережелерін бекітеді;
4) тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялаудың ережелерін
бекітеді, тауар биржалары, брокерлер және дилерлер қызметіне қойылатын
біліктілік талаптарын белгілейді;
5) уәкілетті органның ұсынысы бойынша тауар биржалары арқылы
өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең
аз мөлшерін бекітеді, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
6) тауар биржасында халықаралық биржа сауда-саттықтарын дамыту үшін
жағдайлар жасайды.
Уәкілетті орган:
1) тауар биржаларын дамыту саласындағы бағдарламалық құжаттарды
әзірлейді және іске асырады;
2) тауар биржаларының қызметін реттеу саласындағы нормативтік
құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
3) тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін
және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін қалыптастыру және бекіту
жөнінде, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу
жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
4) тауар биржасында халықаралық биржа сауда-саттықтарын дамыту үшін
жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) тауар биржаларының қызметін талдауды және оған мониторингті
жүргізеді;
6) коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын
өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржаларының
қызметі және биржалық сауда мәселелері жөніндегі ақпаратты жариялайды;
7) тауар биржалары саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге
асырады;
8) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының
сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
9) өз өкілін тауар биржасының жұмысына, оның ішінде биржалық сауда-
саттыққа қатысуға ресми түрде жібереді;
10) тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге
асырады.
Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан
Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен
жүзеге асырылады.
Тауар биржаларының қызметiн мемлекеттiк реттеудi Тауар биржалары
жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Тауар биржалары жөнiндегi уәкiлеттi орган туралы Ереженi Қазақстан
Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Тауар биржалары жөнiндегi уәкiлеттi органның функциялары:
биржалық лицензиялар беру;
тауар биржаларының тiзiлiмiн жүргiзу;
биржа туралы заңдардың сақталуын бақылау;
биржа қызметiн және биржалық сауданың дамуын зерделеу;
биржалық құжаттарды дайындау жөнiндегi әдiстемелiк ұсыныстарды
әзiрлеу;
биржалық сауданың үлгi ережелерiн бекiту болып табылады.
Тауар биржалары жөнiндегi уәкiлеттi орган:
тауар биржалары туралы қолданылып жүрген заңдарды жетiлдiру жөнiнде
ұсыныстар әзiрлеуге және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне
тапсыруға;
биржа осы Заңды бұзған жағдайда биржалық лицензияны тоқтата тұру
немесе оның күшiн жою түрiнде биржаға санкциялар қолдануға;
биржаға мемлекеттiк инспектор тағайындауға;
биржалар мен биржалық саудаларға қатысушылардың қаржы-шаруашылық
қызметiне тексерулер ұйымдастыруға;
қолданылып жүрген заңдарды бұзған биржаларға және олардың мүшелерiне
санкция қолдану үшiн материалдарды сотқа жiберуге, ал қылмыс белгiлерi
байқалған жағдайда материалдарды құқық қорғау органдарына беруге құқылы.
Тауар биржалары жөнiндегi уәкiлеттi органға, оның лауазымды адамдары
мен қызметшiлерiне тауар биржаларының, биржа брокерлерiнiң және биржалық
саудаға қатысушылардың қызметi туралы коммерциялық құпиясы бар ақпаратты,
заңдарда көзделген жағдайлардан басқа ретте жария етуге тыйым салынады.
Биржадағы мемлекеттiк инспектор биржаның және биржалық саудаласуға
қатысушылардың қолданылып жүрген заңдарды сақтауына тiкелей бақылауды
жүзеге асырады және:
биржа ұйымдастыратын саудаласуға қатысуға;
кеңесшi дауыс құқығымен биржа құрылтайшыларының, оның секцияларының
бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң жалпы жиналыстарына қатысуға;
биржаны басқару мен бақылау органдары жиналыстары мен мәжiлiстерiнiң
барлық хаттамаларын әрi олардың шешiмдерiн қоса, биржа қызметi туралы
ақпаратпен танысуға;
биржа басшылығына ұсыныстар енгiзуге және табыстамалар енгiзуге;
тауар биржалары жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсыныстар мен ұсынымдар
енгiзуге;
тауар биржалары жөнiндегi уәкiлеттi органның шешiмдерiн биржаның және
оның мүшелерiнiң орындауына бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
Мемлекеттiк үкiмет және басқару органдарының, қолданылып жүрген
заңдарда көзделгеннен басқа жағдайларда, биржа қызметiне араласуына жол
берiлмейдi.
Мемлекеттiк басқару органдарының сондай-ақ олардағы лауазымды
адамдардың iс-әрекетi салдарынан биржалық мәмiлелердi орындамау немесе
мәмiлелерге қатысушыларға зиян келтiру орын алса Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген тәртiппен жауап бередi.
Биржалар мен биржалық саудаласуға қатысушыларға, сондай-ақ биржалық
саудаға басқа қатысушыларға салық салу Қазақстан Республикасының қолданылып
жүрген заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Биржа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бухгалтерлiк есеп
жүргiзедi, қаржы және статистикалық есептiлiктi жасайды.
Биржалардың статистикалық есеп беру нысандары мен оны тапсыру
тәртiбiн мемлекеттiк статистика органдары белгiлейдi.
Биржаның лауазымды адамдары мемлекеттiк статистикалық есеп берудi
бұрмалағаны үшiн заңда белгiленген тәртiппен жауап бередi.
1.2 Тауар биржасын құру
Анықтамасы бойынша тауар биржасы дегеніміз саудалау жолымен тауарларды
нарықта сату-сатып алуға материалды жағдай жасайтын корпорация мүшелерінің
корпоративті, коммерциялық емес ассоциациясы болып табылады. Алайда, бұл
ұғым әлі де болса қарапайым қазақстандықтардың жадында қалыптасып
үлгермеген сияқты. Дегенмен, даму негізін нарықтық экономика құрып отырған
бүгінгі таңдағы барлық өркениетті елдер экономикасында тауар биржасы елеулі
рөл атқарып келеді. 17 миллионға жуық халқы бар, энергетикалық ресурстарға
бай, жоғары квалификациялы еңбек ресурстары бар Қазақстан республикасы
тауар, қызмет көрсету және капитал нарығы бойынша қыруар потенциалы бар
мемлекет. Сондықтан, тауар биржаларының Қазақстан экономикасында жуық арада
өзінің лайықты рөлін алатыны сөзсіз.
Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, сауда-
саттықтарды ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді тауар биржасының сауда
жүйесін пайдалана отырып тікелей жүргізу жолымен жүзеге асыратын заңды
тұлға тауар биржасы болып табылады.
Тауар биржасы сауда-саттық жүргізуді биржалық сауданың белгіленген
ережелері бойынша қамтамасыз етеді.
Тауар биржасы өз қызметін уәкілетті орган беретін лицензия негізінде
жүзеге асырады.
Тауар биржасының атауында тауар биржасы деген сөздер болуға тиіс.
Тауар биржасының жарғылық капиталын қалыптастыру Қазақстан
Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге
асырылады.
Тауар биржасының жарғысы Қазақстан Республикасының акционерлік
қоғамдар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен бекітіледі.
Тауар биржасының жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген мәліметтерден басқа тауар биржасын мамандандыруға нұсқау болуға
тиіс.
Биржалық мәмілелер жасаcумен байланысты дауларды шешу үшін тауар
биржасы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік отыз
күн ішінде тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік құрады.
Биржалық төреліктің қызметі Қазақстан Республикасының аралық соттар
туралы заңнамасымен реттеледі.
Мамандануы бойынша тауар биржалары:
1) биржалық сауда-саттыққа әртүрлі тауарларды қабылдайтын әмбебап;
2) тауардың белгілі бір түрінің айналымына қызмет көрсететін
мамандандырылған болуы мүмкін.
Биржалық сауданың үлгі ережелері тауар биржасы мүшелерінің биржалық
тауарлармен биржалық мәмілелер жасау кезіндегі қызметінің тәртібін
айқындайды.
Биржалық сауданың үлгі ережелері мыналарды:
1) тауар биржасына мүшелікке қабылдаудың, мүшелікті тоқтата тұрудың
және тоқтатудың шарттары мен тәртібін;
2) биржалық сауда-саттықты жүргізу тәртібін;
3) биржалық сауда-саттықта тауарлармен жасасылған мәмiлелер бойынша
есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртiбiн;
4) тауар биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта
жаңартудың шарттары мен тәртібін;
5) биржалық төрелік қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыру тәртібін,
сондай-ақ биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасасуға байланысты
дауларды шешу тетіктерін;
6) биржалық сауда бойынша құжаттарды қабылдау (бекіту) тәртібін;
7) тауар биржасындағы мәмілелерді есепке алу және тіркеу тәртібін
қамтиды.
Тауар биржасы мүшелерінің саны үшеуден кем болмауға тиіс.
Тауар биржасына мүшелік осы Заңға сәйкес биржалық сауда-саттыққа
қатысуға құқық береді.
Тауар биржасымен еңбек қатынастарында тұрған және жұмысты еңбек шарты
бойынша тікелей орындайтын жеке тұлғалар тауар биржасының қызметкерлері
болып табылады.
Тауар биржасының қызметкерлерiне биржалық мәмiлелерге қатысуға, сондай-
ақ коммерциялық ақпаратты өз мүдделерiнде пайдалануға тыйым салынады.
1.3 Тауар биржасының қызметі
Тауар биржасының негiзгi қызметінің түрi биржалық сауда-саттықты
ұйымдастыру және жүргiзу болып табылады.
Тауар биржасы мынадай функцияларды:
1) сауда-саттықты ұйымдастыруды және жүргізуді;
2) тауар биржасында жасалатын мәмілелерді, оның ішінде спот-
тауарлармен жасалатын мәмiлелерді тiркеуді және ресімдеуді;
3) биржалық мәмiлелер бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыруды және
жүзеге асыруды;
4) тауар биржасында жүргізілген сауда-саттық нәтижесінде тауарға
биржалық бағаны тіркеуді;
5) биржалық сауданың үлгі ережелері негізінде биржалық сауданың
ережелерін әзірлеуді және бекітуді;
6) биржалық сауда-саттық арқылы сатылатын биржалық тауардың сапасына
биржалық саудаға қатысушының талабы бойынша сараптама ұйымдастыруды;
7) тауар биржасының мүшелеріне ұйымдастырушылық, консультациялық,
ақпараттық, әдiстемелiк қызметтер көрсетуді;
8) биржалық тауарлар нарығына талдамалық зерттеулер жүргiзуді;
9) биржалық қызмет туралы ақпаратқа жататын баспа өнiмiн шығаруды;
10) биржалық тауар нарығының қатысушыларын оқыту және олардың
бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде оқу курстарын ұйымдастыруды;
11) тауар биржасының сауда жүйесiн пайдалануды;
12) халықаралық биржалық сауда-саттықты дамытуды жүзеге асырады.
Тауар биржасына биржалық сауданы ұйымдастырумен тікелей байланысты
емес сауда және өзге де қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.
Тауар биржасы осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де
заңнамалық актiлерімен өзіне берiлген құқықтар шегiнде өз … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz